To the list of tests

«Алопеция. Дефицит және гормоналдық бұзылыс» пакеті

«Алопеция. Тапшылық + гормондық бұзылыстар» пакеті – бұл дәрумендер мен микроэлементтердің деңгейін ғана емес, сонымен қатар шаштың өсуіне, қалыңдығына және құрылымына әсер ететін гормондық жағдайды бағалауға мүмкіндік беретін кеңейтілген зертханалық тексеру. Шаш түсуі көбінесе көпфакторлы сипатқа ие және тапшылық жағдайларымен қатар, гормондық бұзылыстармен, соның ішінде андрогенге тәуелді механизмдермен және қалқанша безі қызметінің бұзылыстарымен байланысты болуы мүмкін.

Пакет құрамына мыналар кіреді:
Жалпы клиникалық және тапшылық көрсеткіштері

  • Қанның клиникалық талдауы (ЖҚА + ЭТЖ)
     Ағзаның жалпы жағдайын бағалауға, қабыну үдерістерін, анемияны және басқа да жүйелік өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
  • Темір (Fe)
     Қан сарысуындағы темір деңгейінің көрсеткіші. Қалыпты қан түзілуі мен шаш фолликулдарының қоректенуі үшін қажет.
  • Ферритин
     Ағзадағы темір қорының негізгі маркері. Оның төмендеуі гемоглобин деңгейі қалыпты болған жағдайда да шаштың диффузды түсуімен жиі байланысты болады.
  • 25-OH D дәрумені
     Иммундық үдерістерді және шаштың өсу циклін реттеуге қатысады.
  • B12 дәрумені
     Қан түзілуі мен жасушалық алмасудың қалыпты жүруі үшін қажет. Оның тапшылығы шаштың түсуімен және энергияның төмендеуімен қатар жүруі мүмкін.
  • Қандағы мырыш (Zn) (хроматография әдісімен)
     Кератин синтезіне және шаш фолликулалары жасушаларының бөлінуіне қатысатын микроэлемент.
  • Жыныстық гормондар 
     Гормондық тепе-теңдік шаштың өсуін реттеуде маңызды рөл атқарады. Андрогендер деңгейінің өзгеруі шаштың жұқаруына, шамадан тыс түсуіне және андрогенетикалық алопецияның дамуына әкелуі мүмкін.
  • Тестостерон
     Гормондық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін негізгі андроген. Оның деңгейі гормонға тәуелді шаш түсуіне бейімділікке әсер етеді.
  • Дигидротестостерон (ДГТ)
     Тестостеронның белсенді түрі. Андрогенетикалық алопецияның негізгі факторларының бірі болып табылады және шаш фолликулаларының сезімталдығына әсер етеді.
  • Жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулин (ЖГБГ / SHBG)
     Биологиялық белсенді тестостерон деңгейін және оның ағза тіндеріне қолжетімділігін реттейді.
  • Еркін тестостерон индексі
     Шаш пен терінің жағдайына әсер етуі мүмкін белсенді тестостерон үлесін көрсетеді.
  • Пролактин
     Оның жоғары деңгейі гормондық тепе-теңдікті бұзып, шаштың диффузды түсуіне ықпал етуі мүмкін.
  • Қалқанша безінің гормондары
     Қалқанша безінің қызметі зат алмасуға, энергия теңгеріміне және шаштың өсу цикліне тікелей әсер етеді. Оның қызметінің бұзылыстары көбінесе шаштың түсуімен және жұқаруымен қатар жүреді.
  • ТТГ ультрасезімтал (тиреотропный гормон), 
     Қалқанша безі қызметінің негізгі маркері. Оның ауытқулары шаштың түсуімен және құрылымының өзгеруімен қатар жүруі мүмкін.
  • Еркін Т4 (тироксин)
     Жасушалық деңгейде зат алмасуға және шаштың өсуіне әсер ететін белсенді гормон.