Несептегі уран (U) (хроматография)
Адам ағзасында көптеген бейорганикалық иондарды анықтауға болады. Олардың кейбіреулері қалыпты метаболизм үшін өте қажет элементтер, мысалы, натрий, калий, мырыш, селен және йод. Басқалары (сынап, кадмий, қорғасын) ешқандай қызмет атқармайды, тіпті керісінше, жоғары концентрацияда жиналғанда улы әсер етеді.
Ағзаның жедел немесе созылмалы интоксикациясын диагностикалау үшін белгілі бір микроэлементтердің болуына талдау қолданылады. Бейорганикалық иондардың уыттылығы көптеген факторларға, соның ішінде жасына, жынысына, ағзаның физиологиялық жағдайына, қатар жүретін аурулардың болуына, сондай-ақ ағзаға түсу жолы мен мқлшеріне байланысты.
Ауыр металдар мен микроэлементтердің негізгі көздері тамақ пен су, тыныс алатын ауа, сондай-ақ кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектер болып табылады. Көбінесе өндірісте микроэлементтермен улану жағдайлары тіркеледі. Ауыр металдар мен микроэлементтермен уланудың клиникалық көрінісі заттың табиғаты мен химиялық құрылымына байланысты біршама ерекшеленетініне қарамастан, ауруды тудырған элементті тек клиникалық белгілерге сүйене отырып анықтау мүмкін емес.