Адамнын вирус папилломасы (16, 18, 31, 33, 35, 39, 45, 51, 52, 56, 58, 59 түрлерін генотипті жасау )
Вирус туралы толығырақ қараңыздар: «ПАПИЛЛОМАВИРУС: ҚАУІПТІ ЖӘНЕ БОЛЖАП БІЛУГЕ БОЛМАЙДЫ», талдаудың сипаттамалы мақаласы «ПТР әдісімен папилломавирусты сандық анықтау».
Бүгінгі күні ғалымдармен папилломавирсутардың 100 жуық түрлері ашылған. Оның ішіндегі жартысы қатерлі ауруларға, жиі жатыр мойынының обырына себеп болуы мүмкін. Онкологиялық аурулардың даму қаупінің дәрежесі бойынша түрлік топтар:
- «Төмен қауіп» тобы. Жиі генитальдық сүйелдердің (өткірұшты кондилома) пайда болуын шақырады. АПВ тобына 6, 11, 40, 42, 43, 44, 54, 61, 70, 72, 81 және CP6108 кіреді.
- «Жоғары қауіп» тобы. Бұл түрлердің барлығы дерлік жатыр мойыны обырында, тік ішек аймағында және ауыз қуысында кездеседі. Бұл топқа 16, 18, 31 және 33, 35, 39, 45, 51, 52, 56, 58, 59, 68, 73 және 82 кіреді. Аталған түрлер ресми түрде канцерогендер ретінде танылған.
Осылайша, талдаудың негізгі мақсаты жатыр мойыны обырының даму қауіпінің дәрежесін диагностикалау болып табылады. Адамның папиллома вирусын тізбекті полимераздық реакция (ПТР) әдісімен анықтау жоғары сезімталдық пен арнайылығымен (98%) ерекшелінеді.
ПТР қағидасы зерттелетін генетикалық материалды шыны түтікте бірнеше рет екіеселенгеннен кейін осы вирусқа тән бірегей ДНҚ қалдығын сәйкестендіруден тұрады. Алайда, бұл орайда материалдан анықталған АПВ емделушіде обырдың болуы туралы айтпайды. Жатыр мойнында АПВ ұзақ уақыт болған әйел адамдарда обырдың даму қаупі вирус анықталмағандарға қарағанда 65 есе жоғары. Егер емделуші 30 жастан жоғары және АПВ 16-шы немесе 18-ші түрімен залалданған болса, қауіп айтарлықтай (130 есе) өседі.
«ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді!
Зерттелетін материал – қынаптан алынған қырынды болып табылады. Демек, талдау нәтижесі адамның папиллома вирусымен биоматериалды алу орнының тікелей залалдануы туралы айтады.