Кері қайту
бастап28.02.2025дейін31.03.2025
21 күнқалды

Наурыз науқаны! «Қалқанша безді тексеру. Толық» профилі 2025 жылғы 1 және 31 наурыз аралығында

10,080 ₸ орнына15,900 ₸

Қалқанша безінің жұмысы біздің денеміздің әрбір мүшесінен байқалады

Профиль құрамы

  • ультрасезімтал ТТГ (тиреотропты гормон)
  • бос Т4 (тироксин)
  • Анти-ТПО
  • бос Т3 (трийодтиронин)
  • Анти-ТГ (тироглобулинге антиденелер)

Бөлек-бөлек бағасы: 15 900 тг.

Науқан бойынша бағасы: 10 080 тг.

 

Қалқанша безі - мойынның алдыңғы жағында орналасқан эндокриндік жүйе мүшесі. Зат алмасуды, өсуді, дамуды және басқа процестерді реттейтін гормондар түзеді. Қалқанша безінің бұзылуы денсаулыққа байланысты мәселелерге әкелуі мүмкін.

 

Қалқанша безінің негізгі аурулары:

  • Гипотиреоз: қалқанша безі гормондардың жеткіліксіз мөлшерін түзу кезінде орын алатын жағдай. Белгілерге шаршау, дене салмағын артуы, терінің құрғауы, тырнақ пен шаштың сынғыштығы, депрессия, есте сақтау қабілетінің бұзылуы жатады.
  • Гипертиреоз: қалқанша безі гормондардың артық мөлшерін түзу кезінде орын алатын жағдай. Бұл қозғыштықтың жоғарылауы, салмақ жоғалту, жүрек соғуының жиілеуі, тершеңдіктің жоғарылауы, қолдың дірілдеуі сияқты белгілерден байқалады.
  • Түйіндік зоб: қалқанша безінің тінінде түйіндердің пайда болуы. Белгілерсіз өтуі мүмкін немесе мойын аймағында қысым сезімін тудыруы мүмкін, жұту қиынға соғады.
  • Аутоиммунды тиреоидит: иммундық жүйенің өз жасушаларына шабуылынан туындаған қалқанша безінің созылмалы қабынуы. Без функциясының біртіндеп төмендеуіне және гипотиреоздың дамуына алып келуі мүмкін.

Назар аудару керек белгілер:

  • Үнемі шаршау және әлсіздік
  • Дене салмағының өзгеруі
  • Құрғақ тері, сынғыш тырнақ, шаштың түсуі
  • Етеккір циклінің бұзылуы
  • Жиілеген жүрек соғуы
  • Тамақтағы түйін сезімі, жұту қиын

 

Ультрасезімтал ТТГ 

  • қалқанша безінің жұмысын реттейтін гипофиз гормоны. Қалқанша безінің негізгі гормондарының - Т3 және Т4 синтезін басқарады. TТГ деңгейінің өзгеруі гипотиреозды немесе гипертиреозды білдіруі мүмкін.

Бос Т4 (тироксин) 

  • зат алмасуды, жүйке жүйесінің жұмысын, жүрек-қан тамырлары белсенділігін және ағзадағы қуат деңгейін реттейтін қалқанша безінің негізгі гормоны. Жоғары Т4 гипертиреозды, Грейвс ауруын, қалқанша безінің қабынуын білдіруі мүмкін. Төмен Т4 гипотиреоз, йод тапшылығы, аутоиммунды тиреоидит (Хашимото ауруы) кезінде жиі кездеседі.

Бос Т3 (трийодтиронин) 

  • ағза тіндерінде тироксиннің (Т4) өзгеруі нәтижесінде пайда болатын қалқанша безі гормонының белсенді түрі.
  • Т3 зат алмасу процестерін жеделдетуге, дене температурасын реттеуге, жүйке және жүрек-тамыр жүйесіне әсер етеді.

Анти-ТПО

  • қалқанша безі гормондарының синтезіне қатысатын ферментке қарсы бағытталған антиденелер. Анти-ТПО жоғары деңгейі көбінесе Хашимото тиреоидиті сияқты аутоиммунды ауруларды көрсетеді.

Анти-ТГ

  • қалқанша безінің гормондарының ізашары болып табылатын ақуызға антиденелер. Анти-ТГ жоғары деңгейі көбінесе Хашимото тиреоидитімен, Грейвс ауруымен, түйіндік зобпен байланысты.