
Beckman Coulter Navios
«Navios», Beckman Coulter автоматты ағынды цитофлуориметрі аутоиммунды ауруларды, ағзаның бастапқы және қайталама иммун тапшылығын және гематологиялық ауытқуларды зерттеу үшін зертханалық диагностикада қолданылады.
Талдағыштың бірегейлігі
Екі немесе үш лазерлік сәйкестендіру жүйесімен жабдықталған, бір талдауда 10-ға дейін боялған сынаманы зерттеуді қамтамасыз етеді.
Navios ағынды цитофлуориметрі дайындалған сынамалар орналастырылған жүктеу айналмашақтың көмегімен автоматты режимде көп түсті талдаулар жүргізеді. Құрылғыға салынған араластырғыш талдауды бастамас бұрын үлгілерді шайқайды. Жарық шашырауын тіркеуді үш режимде жүргізуге болады. Әр секунд сайын 25 мыңға дейін оқиға тіркеледі.
Қолдану салалары:
- ерекше беттік және жасушаішілік маркерлерді пайдалана отырып, әртүрлі таралымдардың жасушаларын сәйкестендіру.
- аутоимундық ауруларды, иммун тапшылығын диагностикалау.
- онкогематологиялық аурулардың сараланған диагностикасы
- дің жасушаларын есептеу және иммунофенотиптік сипаттамасы