
Werfen ACL Top 750
Жоғары өнімді орталықтандырылған зертханалар үшін арнайы әзірленген. Күнделікті және арнайы сынақтарды орындау кезінде талдағыштардың жылдамдығы әрқашан жоғары болып қалады.
Кез келген түрдегі бастапқы сынауықтармен жұмыс, үлгілер мен реагенттерді үздіксіз жүктеу, автоматты сұйылту және рефлекс сынақтар - мұның бәрі зертханалық жұмысты оңтайландырады және стандарттайды. CTS моделі жоғары зерттеу ағыны бар зертханаларда контаминация қаупін едәуір төмендете отырып, жабық сынауықтармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
LAS моделі кіріктірілген зертханалық автоматтандырылған жүйе (ЛАС-ЗАЖ) шеңберінде үлгілерді бортқа(қауыға) үздіксіз автоматты жеткізуді қамтамасыз етеді.
ACL top 750 сериялы гемостаз жүйесінің талдағышы сынауықтың толықтығын, ұйыған үлгілердің қалыптан тыс аспирациясын және гемолиздің, гипербилирубинемияның және липемияның (HIL) сынақ нәтижелеріне ерекше әсерін бағалайтын автоматтандырылған сынаққа тән аналитикалық дейінгі бақылау жүйесі арқылы үлкен зерттеу ағыны жағдайында диагностикалық қателер қаупін азайтады.
Жүйе анализатор интерференттердің шоғырлануы әсер етпейтін сынақтарды ғана жұмысқа алатындай теңшеленеді . Аналитикалық дейінгі модуль сынақтарды орындау жылдамдығын баяулатпайды.