
Балась Алексей Николаевич
Даму және инновациялар жөніндегі директор
Кәсіби дәрігер-токсиколог.
1974 жылы Павлодар қ. инженер мен дәрігердің отбасында дүниеге келді.
Білімі
1997 жыл – Ақмола медицина академиясының емдеу факультетін бітірді, кейін «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді.
Еңбек қызметі (негізгі кезеңдер)
- 1998-2000 жылдары – Астана қ. жедел және шұғыл жәрдемнің қалалық станциясында қарқынды терапия бригадасының дәрігері болып жұмыс істеді.
- 2000-2006 жылдары – клиникалық токсикология бойынша бастапқы мамандануды өткен соң, Астана қ. 1-ші қалалық ауруханасы токсикология бөлімінің дәрігер ординаторы жұмысы мен Қазақ Мемлекеттік медициналық академиясы шұғыл жәрдем курсымен ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті жұмысын қоса атқарды.
- 2007 жыл – ОЛИМП КДЗ-де өзінің жұмысын жоба консультанты қызметінен бастады.
- 2018 жыл – Нидерланды маркетинг институтын бітірді және ОЛИМП КДЗ желісінің маркетинг және инновациялар бойынша директоры болып тағайындалды.