Мысықтарға аллергия
Мысықтарға аллергиямен өмір сүру көптеген тақырыптарды қозғайды. Үйіңізде гипоаллергендік мысық ұстай аласыз ба? Бұл ретте сізді аллергия симптомдары мазаламайды ма? Мысыққа аллергиялар, оның себептері және одан емі туралы көбірек білуге көмектесетін кейбір жауаптар.
Себептері
АҚШ халқының шамамен 10% - ы үй жануарларына аллергиядан зардап шегеді, соның ішінде мысықтарға аллергия кеңірек таралған. Бұл иттерге аллергияға қарағанда екі есе жиі кездеседі. Бірақ себебі сіз ойлағандай жүн емес, сілекей, зәр және өлі жасушалары бар протеиндер.
Кішкентай протеин мұндай күшті реакцияны қалай тудыра алады? Аллергиясы бар адамдардың иммундық жүйесі өте сезімтал. Олардың денесі зиянды заттарды, мысалы, жүнді бактериялар немесе вирустар ретінде таниды. Аллергия белгілері - бұл аллергендермен күресу кезінде пайда болатын дененің жағымсыз реакциясы.
Есіңізде болсын, егер сізде мысықтарға аллергия жоқ болса да, сіздің мысығыңыз аллергия тудыруы мүмкін. Ол көшеден тозаң, зең және басқа аллергендер алып кіруі мүмкін.
Ал "гипоаллергенді" мысықтар ше?
Мысалы, сфинкс секілді кейбір мысық тұқымдары аллергия белгілерін төмен дәрежеде тудырады деп есептелсе де, кез-келген мысық аллергия тудыруы мүмкін. Бұл мысықтың тұқымына, жүнінің ұзындығына және қаншалықты жүні түскеніне байланысты емес. Сондықтан, егер сізде немесе сіздің отбасы мүшелеріңізде мысықтарға аллергия болса, оның тұқымына қарамастан мысық ұстау жақсы ой емес.
Белгілері
Мынадай белгілер болуы мүмкін:
- Жөтел және сырылдар
- Кеуде қуысы мен бетіндегі есекжем немесе бөртпе
- Көздің қызаруы және тітіркенуі
- Мысықтың тырнаған, тістеген немесе сілекейі тиген жерде терінің қызаруы
- Мұрыннан су ағу және бітелуі
- Түшкіру
Белгілер бірнеше минуттан кейін де, бірнеше сағаттан кейін де пайда болуы мүмкін. Аллергиялық астмамен ауыратын адамдардың шамамен 20-30%-ы мысықпен байланыстан кейін белгілердің күшеюін сезінеді.
Мысық аллергиясын қалай анықтауға болады
Мысықтарға аллергия белгілері айқын болса да, олардың себебі барлық кезде мысық бола бермейді. Дәрігердің құптауы қажет. Нәтижесінде сіз мұрттылы үй жануарын әділетсіз айыптамайсыз.
Аллергияны анықтау үшін дәрігер сізге қан тапсыруды ұсынуы мүмкін. Сонымен қатар, дәрігер бірнеше айдай мысықсыз өмір сүруіңізді ұсынуы мүмкін және сіздің белгілеріңізді бақылайды.
Мысық аллергиясын емдеу
Аллергияны емдеуде қолданылатын стандартты дәрі-дәрмектерді мысық аллергиясын емдеуде қолдануға болады. Дәрігер төмендегілерді ұсынуы мүмкін:
- Белгілерді тудыратын химиялық заттардың әсерін бұғаттайтын гистаминге қарсы препараттар. Олар Кларитин немесе Бенадрил сияқты рецептісіз жіберіледі немесе Алегра немесе Циртек сияқты рецептімен берілуі мүмкін. Кейбір гистаминге қарсы препараттар Астелин сияқты спрей түрінде шығарылады.
- Ісінуді азайтатын және шырыштың іркілуінің алдын алатын ісінуге қарсы дәрі-дәрмектердің арасында рецептсіз жіберілетін Судафед және рецептімен алуға болатын Аллгра-Д бар.
- Аллергия немесе астма белгілерімен әртүрлі тәсілдермен күресетін басқа дәрі-дәрмектер. Рецептімен берілетін стероидтер – Флоназа немесе Назонекс спрейлері - аллергияны емдеуде дәстүрлі түрде қолданылады.
Емдеудің тағы бір түрі аллергияға қарсы инъекция курсы болуы мүмкін. Олар барлық кезде тиімді бола бермейді және емдеу бірнеше жылға созылуы мүмкін. Бұл әдіс бес жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіз саналмайды. Алайда кейде бұл инъекциялар жағдайды едәуір жақсартады. Бұл әдісті қолдану мүмкіндігін дәрігермен кеңесіңіз.
Өкінішке орай, аллергияның дамуын болдырмау мүмкін емес. Кейбір зерттеулер бойынша ерте жастағы аллергендермен байланыс есейген кездегі аллергияның даму қаупін төмендетуі мүмкін. Екінші жағынан, аллергендермен байланысқа түскен кезде аллергияға бейім баланың жағдайы нашарлауы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, "ОЛИМП" зертханалар желісінде кез-келген уақытта аллергодиагностикадан (400-ден астам аллергендер), соның ішінде мысықтар және үй жануарларының аллергендеріне тексерілуге болады.