Кері қайту

Зеңге аллергия

Зең - бұл сыртта да, үйде де өмір сүретін өте кең таралған ағза. Зең - өлі заттардың ыдырауына және қоректік заттардың қоршаған ортаға оралуына ықпал ететін саңырауқұлақшаның түрі. Зең зат алмасу ең қарқынды жүретін өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының: жапырақтардың, ағаштың, қағаздың, кір мен қоқыстың, тамақтың жанында өседі. Зең ауада тасымалданатын кішкентай, жеңіл споралардың бөлінуі арқылы көбейеді. Зең ылғалды, қараңғы жерлерде, мысалы, жертөлелерде, қоқыс жәшіктерінде, шіріген жапырақтар жиналған жерде тез өседі.

Зең көбінесе нан сияқты тағамның бетінде түкті жасыл дақтар түрінде пайда болады. Сондай-ақ, зеңде бұтақтар мен тамырлар да болады. Зең өскен кезде, бірден байқалмаса да, оның тамыры өнімге терең ене алады.

Біз бәріміз күн сайын зеңмен байланысқа түсеміз, оның денсаулыққа еш зиян әсері жоқ.   Біз зең спораларын жұтып немесе зең пайда бола бастаған тағамдарды жеуіміз мүмкін. Алайда, зеңге аллергиясы бар адамдарда саңырауқұлақшаның көп мөлшерімен байланысқа түскен кезде аллергиялық реакция орын алуы мүмкін.

Зең аллергиясының белгілері қандай?

Аллергияның көптеген түрлеріне зең аллергиясының белгілері тән. Оларға мыналар жатады:

  • Ентігу
  • Мұрын қуысының қабынуы (Ринит)
  • Көздің қышуы, көз жасаурау
  • Бөртпе

Егер сіз зең аллергиясынан зардап шексеңіз, онымен байланысқа түсуді болдырмау мүмкін емес. Әйтсе де, тағамды мұқият тексеру арқылы аллергенмен байланыс қаупін азайтуға болады. Азық-түлікті жемес бұрын, оларда зең белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз. Өнімнің жарамдылығын тексеруде, оны иіскемеңіз, өйткені зең спораларымен дем алу аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, саңырауқұлақтар немесе ашытқы тағамдары сияқты зең немесе оның споралары бар тағамдардан бас тартуға болады.

Зең жиі кездесетін тағамдар:

  • Ірімшік
  • Саңырауқұлақтар
  • Сірке суы және құрамында сірке суы бар тағамдар, салат дәмдеуіштері, кетчуптер, маринадтар
  • Қаймақ, қатық, майсу
  • Бір тәуліктен артық сақталған ет және балық
  • Нан және құрамында ашытқы бар басқа да тағамдар
  • Қышқыл қырыққабат
  • Маринадталған және ысталған ет және балық
  • Кептірілген жемістер - құрма, қара өрік, мейіз
  • Соя тұздығы
  • Хот-догтар, шұжықшалар
  • Консервіленген шырындар.

«ОЛИМП» КДЗ желісінде сіз әрқашан қан тапсырып, арнайы аллергиялық талдаулар арқылы зең аллергиясының бар-жоғын анықтай аласыз.