Кері қайту

Шаң аллергиясы

Сіз немесе сіздің отбасы мүшелеріңіз аллергиядан зардап шеккеніңізге қарамастан шаңға аллергиямен өмір сүру көптеген сұрақтар туғызады. Мысалы, сіздің балаңызға үнемі суық тиюінің себебі  аллергия болуы мүмкін бе? Мына жерде аллергия белгілерінен бастап емделуіне дейін шаң аллергиясы туралы сұрақтарға жауаптар және ақпарат көрсетілген.

Үйде неге шаң көп?

Әр үйде шаң жиналған жерлер бар. Тіпті ең таза деген үйден ақ қолғаппен шаң табуға болады. Шаң бөлшектері тез, әрі еш қиындықсыз кереуеттің астына немесе аспалы шамға орналасады. Белсенді үй тазалау және жылыту жүйелері шаң бөлшектерін ауаға шығарып, шаң аллергиясы бар адамдар үшін қиындық тудырады. Шаңды бөлмеде бірнеше минут тұру аллергияға бейім адамның ауыр тыныс алуына және түшкіруіне алып келуі мүмкін.

Шаң қайдан пайда болады

Шаң әртүрлі бөлшектерден тұрады. Оның құрамы үйдегі жиһаздың түріне, үй жануарларының үйде ұстағанына, үйдің орналасқан жеріне және басқа да факторларға байланысты.

Жеке шаң түйіршіктері адамның немесе жануардың өлі тері жасушаларынан, ұлпа мен мамық бөлшектерінен, тамақ қалдықтарынан, өлі тарақан бөлшектерінен және тіпті тірі ағзалардан, мысалы, бактериялар, саңырауқұлақтар, зең споралары және тұрмыстық кенелер деп аталатын кішкентай тіршілік иелерінен құралуы мүмкін. Салмағы қағаз қыстырғышына сәйкес келетін шаң мөлшерінде шамамен 19000 тұрмыстық кенелер бар.

Тұрмыстық кенелер

Тұрмыстық кенелер-жылы, ылғалды ортада өмір сүретін өрмекші тәрізді тіршілік иелері. Оларды жай көзбен көру мүмкін емес, бірақ егер сізде аллергия болса, олар көптеген қиындықтар туыдруы мүмкін. Тұрмыстық кенелер ауа температурасы 20С-тан асатын, ал ауа ылғалдылығы 75% -80% құрайтын ортада өмір сүреді. Олар салқын және ылғалды емес бөлмелерде тіршілік ете алмайды және Антарктика мен құрғақ климаты бар елдерде байқалмаған. АҚШ-та тұрмыстық кенелерге аллергияның ең көп болатын кезеңі ауа температурасының жоғарылауымен олардың популяциясы көбейген кезде шілде-тамыз айларына келеді.

Тұрмыстық кенелер адам мен жануарлардың өлі тері жасушаларымен қоректенеді. Адам күн сайын өлі тері жасушаларын жоғалтуы байқалмйтындықтан, кенелер аш қалмайды. Орташа есептегі ересек адам күн сайын 1,5 граммға дейін тері жасушаларын жоғалтады, бұл миллиондаған тұрмыстық кенелер үшін жеткілікті. Жасушалар кілемдерге, кереуеттерге және жиһаздарға түседі, осылайша жәндіктерді өздеріне тартады. Кенелердің көпшілігі матрастарда, төсек-орындарда және жиһаз қаптамаларында кездеседі.

Шаң аллергиясының себептері

Шаңға аллергиясы бар адамдардың көпшілігінде реакция тұрмыстық кенелердің қалдықтарының құрамына кіретін ақуызға көрінеді. Шамамен 20 миллион американдықтар осы микроскопиялық жәндіктерге аллергиядан зардап шегеді. Олар, әсіресе балаларда кездесетін аллергиялық ринит пен астманың созылмалы белгілерінің негізгі себебі болып табылады.

Кейбір адамдарда шаң құрамындағы тарақан бөлшектеріне аллергиялық реакция байқалады. Мұндай реакция тарақандардың қалдықтарында, сілекейде және жәндіктер денесінің бөліктерінде кездесетін протеиннен туындайды. Мұндай проблема көптеген ескі үйлерде, әсіресе АҚШ-тың оңтүстік бөлігінде жиі кездеседі.

Егер сіз тұрмыстық кенелер мен тарақандарға аллергияңыз болса, құрамында аллергенді бөлшектер бар шаңды жұтқаннан кейін ауыр тынсы алу немесе түшкіру сияқты аллергиялық белгілер пайда болуы мүмкін. Үй жануарларына аллергиясы бар адамдар шаңда жануардың өлі жасушалары кездессе, ал зеңге аллергиясы бар адамдарда – шаңда зең споралары болса, аллергия белгілері пайда болады.

Белгілері

Шаң аллергиясының белгілері тозаң аллергиясына ұқсас, оларға мыналар кіреді:

  • Көздің қызаруы және тітіркенуі.
  • Мұрынның қабынуы немесе бітелуі.
  • Түшкіру.

Кейбір адамдарда демікпе белгілері пайда болуы мүмкін, оларға мыналар кіреді:

  • Жөтел
  • Ентігу
  • Сырылдар

Шаңға аллергияңыз бар-жоғын қалай білуге болады?

Аллергия белгілерін суықпен шатастыруға болады. Бірақ егер мұрыннан су ағу және түшкіру ұзақ уақытқа жалғасса, дәрігерге көрінген жөн. Егер сіздің тұрмыстық кенелерге аллергияңыз болса, ол үй жануарларына да пайда болуы мүмкін.

Дәрігер аллергияның себебін анықтау үшін сізге арнайы Е иммундық глобулиндерін анықтау мақсатында қан тапсыруды ұсынуы мүмкін. Емдеу

Шаң аллергиясын емдеудің үш түрі бар:

  • Мақсатты түрде орын алуын болдырмау
  • Дәрі-дәрмектерді қолдану
  • Аллергиялық инъекциялар

Мақсатты түрде орын алуын болдырмау дегеніміз құрамында шаң бар арнайы аллергендермен байланысты жою немесе шектеу. Талдау нәтижесінде шаңдағы бөлшектерге, яғни, жануарлардың жүніне немесе тұрмыстық кенелерге аллергия анықталған жағдайда ғана бұл әдіс тиімді.

Кейбір дәрі-дәрмектер белгілерді баса алады. Дәрігер төмендегілерді ұсынуы мүмкін:

  • Гистаминге қарсы препараттар Бұл дәрі-дәрмектер қышу, түшкіру және көздің сулануы сияқты белгілерді жеңілдетеді, оларды рецептісіз алуға болады.
  • Ісінуге қарсы препараттар. Олар мұрын жолдарының ісінуін азайтады.
  • Шектелген мұрын стероидтері. Аллергиялық реакцияны тоқтататын қабынуға қарсы препараттарды рецептімен алуға болады.
  • Кейбір жағдайларда аллергиялық инъекциялар тиімді болуы мүмкін. Дәрігермен сіздің жағдайыңызда оларды қолдану мүмкіндігін талқылаңыз.

Шаң мөлшерін қалай азайтуға болады

Жатын бөлмеде шаңның жиналуын бақылауға көмектесетін бірнеше кеңестер:

  • Толтырмалы матрастарды қолданбаңыз.
  • Жастықтарға, матрастарға және матрас серіппелеріне ауа өткізбейтін қап кигізіңіз.
  • Капокпен (өсімдік мамығы) немесе мамықпен емес, полиэстер талшығымен толтырылған жастықтарды пайдаланыңыз.
  • Төсек-орындарды аптасына бір рет өте ыстық сумен жуыңыз (60С-тан төмен емес). Мұндай температура тұрмыстық кенелерден арылу үшін қажет. Су жылытқышын осы температураға реттеуге болады. Сақ болыңыз, судың мұндай температурасы балалар үшін қауіпті. Егер сіз жылыту жүйесін орнатқыңыз келмесе, қоғамдық кір жуу қызметін пайдаланыңыз.

Басқа бөлмелерде шаңның жиналуын бақылау үшін мына ұсынымдарды қолданаңыз:

  • Барлық заттардың үстерін үнемі дымқылдай сүртіңіз.
  • Жатын бөлмелер жоғарғы қабаттарда орналасуы тиіс және едені бетон болмауы тиіс (жертөледегідей). Бетон еден ылғалды болады және тұрмыстық кенелерге қолайлы ылғалды орта жасайды.
  • Үйдегі ылғалдылық 55% - дан төмен болуын қадағалаңыз. Ол үшін сізге гидрометр деп аталатын құрылғы қажет болуы мүмкін, ол кез-келген құрылыс дүкенінде сатылады.
  • Перделерді шешіп, көтерме пердешелерді (жалюзи) қолданыңыз. Егер перделердің болғаны керек болса, оларды апта сайын ыстық сумен жуыңыз.
  • Шаң жинайтын жұмсақ және толтырмалы ойыншықтарды алып тастаңыз.
  • Үйде ағаш немесе винил төсеме болуы керек. Кілем төсеме шаң жинайды.
  • Тиімділігі жоғары құрғақ ауа сүзгісін қолданыңыз және оны үш ай сайын ауыстыруды ұмытпаңыз.
  • Кондиционерді немесе ылғалдылықты жоятын құрылғыны қолданыңыз. Жоғары ылғалдылық кенелердің көбеюіне қолайлы.
  • Аптасына бір немесе екі рет шаңсорғышпен тазалаңыз. Тиімділігі жоғары құрғақ ауа сүзгісі бар шаңсорғышты пайдаланыңыз.
  • Жиһаздың қаптамасын шаңсорғышпен тазалаңыз. Ағаш, былғары, пластик немесе металл жиһазды таңдаңыз.
  • Кіре берісте орналасқан кілемшені ыстық сумен жуыңыз.

Жаңа тұрғын үйді таңдауда, келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Егер сізде шаңға жіті аллергия болса, кілем төсемені ағаш немесе винил төсемеге ауыстырған жөн. Бірақ алдымен бұл мәселені дәрігермен талқылаңыз. Кілемдерді барлық зиянды бөлшектерді жоятын арнайы химиялық ерітіндімен тазалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «ОЛИМП» зертханалар желісінде кез-келген уақытта аллергодиагностикадан (400-ден астам аллергендер), соның ішінде үй шаңы мен үй жануарлары кенелерінің аллергендеріне тексерілуге болады.