Кері қайту

Жүрек аурулары: с-реактивті ақуыздың деңгейін анықтау (сра)

С-реактивті ақуыз немесе СРА деңгейі жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупімен байланысты. Артериялардың қабынуы (ісінуі) қауіп факторларының бірі болып табылады. Оның жүрек аурулары, жүрек ұстамасы және перифериялық артерия ауруларының жоғары қаупімен байланысы анықталды.

Дәрігерлер Сіздің қаныңыздағы С-реактивті ақуыздың деңгейін анықтай алады. Ағза өтіп жатқан қабыну үдерісіне жауап ретінде СРА түзеді. Сондықтан СРА қабыну маркері болып табылады, оның болуы ағзадағы қабыну үдерісінің артуын көрсетеді.

СРА және жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупі

Пациенттер саны көп зерттеулерде СРА деңгейі мен кардиоваскулярлы қауіп деңгейі арасында өзара байланыс анықталды. СРА холестерин деңгейін болжауға көмектесетіні сияқты, кардиоваскулярлы қауіпті де болжауға көмектеседі деп бағамдалады. 18000 денсаулығы жақсы деп бағамдалған дәрігерлер қатысқан дәрігерлердің денсаулық жағдайларын зерттеу клиникалық зерттеуінің мәліметтері СРА жоғары деңгейлері жүрек қаупі пайда болуының артуымен үш есе ассоциацияланатынын көрсетті.

Әйел денсаулығының жағдайын зерттеген Гарвардтық зерттеуде қол жеткізілген СРА деңгейлері жүрек проблемаларын холестерин деңгейіне қарағанда дәлірек болжаған.

Постменопаузалық жастағы денсаулығы жақсы әйелдердің он екі әртүрлі қабыну маркерлеріне бақылау жүргізілді. 3 жылдан кейін СРА деңгейі қауіптің ең сенімді предикторы болды. Ишемиялық аурудан қайтыс болған немесе өлімге әкелмеген жүрек ұстамасын, не инсульт басынан кешірген СРА деңгейі анағұрлым жоғары әйелдер саны топта төрт есе көп болды. Оларға ангиопластика (икемді түтіктің көмегімен бітеліп қалған күретамырларды ашатын манипуляция) немесе шунттау сияқты емшаралар СРА деңгейі анағұрлым төмен топтағы әйелдерге қарағанда жиі қажет болды.

СРА деңгейі қалай анықталады?

СРА деңгейін холестерин деңгейін зерттеумен бір уақытта өткізуге болатын қарапайым қан талдауы арқылы анықтауға болады. Осындай талдаулардың біреуі – бұл жоғары сезімтал СРА-тесті (сонымен қатар ультрасезімтал СРА-тесті немесе us-CRP деп аталатын hs-CRP)

Қауіп Сіздің талдауларыңыздың нәтижелеріне негізделіп есептеледі.

 

СРА деңгейі

Жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупі

1,0 мг/л-ден аз

Төмен

1,0 – 2,9 мг/л

Орташа

3,0 мг/л-ден жоғары

Жоғары

 

Инфекция, жалпы әлсіздік немесе артриттің қатты асқынуы сияқты күйлердің салдарынан пайда болған қабыну СРА деңгейінің көтерілуін қоздыруы мүмкін екендігін ескерту қажет.

СРА деңгейін тексермес бұрын Сіз басқа ауруларыңыз жайлы айтуға тиіссіз.

Өзімнің СРА деңгейімді тексеруім қажет пе?

Американдық жүрек ассоциациясы hs-CRP тестін қауіп деңгейі орташа адамдарды анағұрлым қарқынды емдеу қажеттілігі туралы шешім қабылдауда пайдалы болуы мүмкін деп бағамдайды. Ал қауіп деңгейі жоғары адамдар өздерінің hs-CRP деңгейіне қарамастан агрессивті емделуі тиіс.

Американдық жүрек ассоциациясы жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын дамыту қаупі төмен адамдарға hs-CRP тестін күнделікті жасалатын зерттеу ретінде ұсынбайды.

Төменде келтірілген қауіп факторларының болуы Сізде жүрек ауруларының пайда болу қаупін арттырады:

·    Бұрын басыңыздан өткен жүрек ұстамасы немесе инсульт.

·    Отбасылық анамнезде жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының болуы.

·    Жалпы және ТТЛП холестеринінің жоғары деңгейлері.

·    ЖТЛП холестеринінің төмен деңгейі.

·    Жоғары артериялық қысым.

·    Постменопаузалық кезеңдегі ер адамдар немесе әйелдер.

·    Темекі шегу.

·    Бақылауға келмейтін диабет немесе жоғары артериялық қысым.

·    Төмен физикалық белсенділік.

·    Семіздік немесе дененің артық массасы.

Бұдан басқа, зерттеу мәліметтеріне сәйкес ангиопластика сияқты емдеу әдісімен жүректі емдеу алдында СРА деңгейін бақылау пайдалы болуы мүмкін деп, сонымен бірге оның деңгейінің жоғары болуы баллонды ангиопластика өткізгеннен кейін артерияның қайтадан жабылу қаупін арттырады деп бағамдауға болады. Дәрігеріңізден нақты Сіздің жағдайыңыз бойынша ұсыным беруін сұраңыз.

СРА жоғары деңгейін қалай емдеуге болады?

Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін төмендету үшін, әсіресе СРА деңгейі жоғары немесе орташа деңгейде болғанда әрбір адам төменде келтірілген ұсынымдарға сәйкес өзінің өмір салтын өзгертуі тиіс:

·    Жүрекке пайдалы болатын диета бойынша тамақтану.

·    Холестериннің жоғары деңгейін төмендету.

·    Салмақтың салауатты болуын сақтау.

·    Жүйелі физикалық жүктеме.

·    Диабет пен жоғары артериялық қысымды бақылау.

·    Темекі шегуді тоқтату.

·    Тұтынатын алкоголь мөлшерін азайту.

СРА деңгейі жоғары адамдардың аспирин қабылдауы жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы болуы мүмкін. Сонымен қатар холестеринді төмендетуге арналған дәрілік заттар – статиндер СРА деңгейін жиірек төмендетуі мүмкін.

Сіздердің назарларыңызды жүрек-қан тамырлары аурулары қаупін анықтауға бағытталған барлық зертханалық зерттеулерді «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасында өтуге болатынына аударамыз.