Еркектердің жыныстық инфекцияларының диагностикасы - ұят пен ауыруға жол берілмейді!
Мерез, гонорея (соз), хламидиоз, микоплазмоз - бұл урогенитальды деп аталатын инфекцияларға немесе ЖЖБА (жыныстық жолмен берілетін аурулар) жататын аурулардың толық тізбесі емес.
Бұл дерттермен ауыру проблемасы бүгінгі күні ерекше маңызды.
Және кез келген урогенитальды инфекция бұл Сіздің денсаулығыңыз үшін, әсіресе оның репродуктивті қызметіне өте қауіпті екенін ұмытпаған жөн. ЖЖБА дамуына кішкене ғана қауіп болса (мысалы, сақтанбаған жыныстық қатынастан кейін) немесе кішкене болса да сезіктенсеңіз медициналық көмекке жүгінген жөн.
Аурудың диагнозы неғұрлым ерте қойылса, одан толығымен айығудың ықтималдығы соғұрлым жоғары және сәйкесінше асқынуларды болдырмау мүмкіндігі де артады.
ПТР-зерттеу урогенитальді инфекциялардың ерте диагностикасы мәселелері бойынша сөзсіз көшбасшы болып табылады - бұл зерттеудің нәтижелеріне ең қысқа мерзімде қол жеткізуге мүмкіндік беретін әмбебап, спецификалылығы жоғары және сезімталдығы жоғары әдіс. ЖЖБА-ны диагностикалаудың бұл әдісінің басқалардан ерекше маңызды артықшылығы ерте мерзімдерде диагностика жасауда. Өйткені ПТР зерттелетін материалдан қоздырғыштың ДНҚ-н анықтауға мүмкіндік береді, тіпті инкубациялық кезеңде, яғни бірінші симптомдардың пайда болуына дейін.
ЖЖБА кезінде еркектердің ПТР-зерттеу тапсыруға арналған материалына:
- несеп жолынан алынған қырынды
- эякулят
- қуықасты безінің сөлі және таңертеңгі несептің бірінші бөлігі жатады
Жоғарыда аталған материалдардың ішінен қуықасты безінің сөлі мен эякулят сирек пайдаланылады, себебі біріншісі созылмалы баяу ағымды үдерістерді диагностикалау үшін немесе простатит (қуықасты безінің қабынуы) кезінде пайдаланылады, ал екіншісі негізінен бедеулікті диагностикалауда пайдаланылады.
Көп жағдайларда зерттеу материалы ретінде несеп жолынан шығатын қырынды қызмет етеді.
Биоматериалды алу үшін несеп жолына шамамен 2 сантиметрге дейін енгізілетін арнайы зонд пайдаланылады, содан соң айналмалы қозғалыстар жасай отырып материал алынады.
Бұл емшара әйелдер үшін аса қатты жайсыздық тудырмаған болса, еркектер үшін жасаудан қашуға тырысатын жағымсыз, кейде ауырсыну тудыратын емшара болып табылады. Физикалық жайсыздықты санамағанда, бұл жерде психологиялық жайсыздық мәселесі де маңызды рөл атқарады, өйткені әдетте биоматериалды әйел адамдар алады және бұл медицинаға қатысы жоқ еркектер үшін емшараны ұятты етіп көрсетеді, ал діндар адамдар үшін бұл мүлдем жол берілмейтін нәрсе.
Сондықтан да «ОЛИМП» КДЗ арнайы еркектер үшін несептің ПТР-зерттеуін енгізді! Енді Сізге несеп жолынан қырынды жасау керек емес, өйткені еркектердің таңертеңгі несебінің бірінші бөлігі зерттеуге арналған биоматериал ретінде ЖЖБА диагностикасы үшін қажет барлық ақпараттан тұрады және өзінің диагностикалық сезімталдығы мен ерекшелігі бойынша несеп жолынан алынған қырындыны зерттеуден кем емес.
Және бұрын қажет болған күннің өзінде Сіз тексеруден жағымсыз тәжірибеңізге байланысты барынша қашқан болсаңыз, немесе достарыңыз бен таныстарыңыздан бұның қаншалықты жағымсыз екені туралы естіген болсаңыз, енді ол туралы ұмытыңыз. Сізге енді ұялып, ауырсынуға төзімділік танытып, соншалықты жағымсыз емшараға шыдап керек емес, өйткені енді сізге тек арнайы құтыда таңертеңгі несебіңіздің бірінші бөлігін әкелу жеткілікті. Сіздің әкелген материалыңыз ПТР әдісімен зерттеледі және Сіз қысқа мерзімде диагностикалық дәлдігі тұрғысынан несеп жолынан алынған қырындыны ПТР арқылы зерттеуден кем түспейтін тексеру нәтижелерін ала аласыз.
«ОЛИМП» дербес зертханалар желісі несептің ПТР-зерттеуін диагностикада жоғары дәлдікке жетуге мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары заманауи талдағыштарда орындайды. Сіз бұрын өткен кезде құтылу мүмкін емес «жағымсыз сезімдерді» «жоқ қылуға» мүмкіндік беретін диагностиканың әмбебап, дәлдігі жоғары әдісі - несепті ПТР-зерттеуін өткізу үшін «ОЛИМП» КДЗ-нің Қазақстан аумағында бар 180 емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіне аласыз. Ер адамдар бұл жаңалыққа лайықты бағасын береді