Гормондар және олардың салмаққа әсері
Гормондардың әйелдердің салмағын реттеуде көрсететін ықпалы көп адамға белгілі болуы мүмкін. Әсіресе бұл орта жастағы әйелдер үшін өзекті. Бүгін гормондар бойынша талдаулар жалпыға қолжетімді болған кезде, артық салмаққа әкелетін кез келген гормоналды бұзылыстарды анықтау мүмкіндігі пайда болды.
Сонымен, салмаққа әсер ететін негізгі гормондарға эстрогендер, прогестерон, тестостерон, ДГЭА, пролактин, кортизол, инсулин және тиреоидті гормондар жатады.
Эстрогендер
Біздің ағзамызда эстрогеннің үш түрі бар: эстрадиол, эстрон және эстриол. Эстрогеннің бұл үш түрін өзара алмастыруға болмайды, өйткені олар орта жастағы әйелдердің ағзасына шешуші ықпалын тигізеді.
Эстрадиол адамның ағзасында басым болатын эстроген - аналық безде түзіледі, ал менопауза кезінде оның түзілуі толығымен тоқтатылады. Эстрадиол инсулинге бейімділікті арттырады, энергия береді, жақсы көңіл-күй сыйлайды, ақыл-ойдың анықтығына әсер етеді, жадының жақсы жұмыс істеуіне, зейін қоя білуге, қалыпты қан қысымына, сүйектердің оңтайлы тығыздығына, ұйқының жақсаруына, жыныстық құштарлыққа және қалыпты, белсенді метаболикалық үдеріске әсер етеді.
Орта жаста эстрадиол деңгейінің төмендеуі серотониннің аз бөлінуіне әкеледі. Серотониннің жоғалуы өз ретінде күйзеліске, қатты ашуланшақтыққа, мазасыздыққа, ауруға деген жоғары сезімталдыққа, ас қорытудың бұзылуына, бастан кетпейтін ойлардың пайда болуына, қалыпты ұйқы ырғағының бұзылуына әкеледі. Бұл факторлардың әрқайсысы заттар алмасуын баяулатуы мүмкін, сондықтан эстрадиол мөлшерінің азаюы артық салмақ проблемасын және оны тастауда қиындықтар тудырады.
Прогестерон
Прогестерон ағзаны жүктілікке және баланы көтеруге дайындайды, сондықтан әйел адам өзі және бала үшін тамақтанады. Прогестеронның деңгейі циклдің екінші жартысында жоғары болады, тәбеттің осы кезеңде артуы осымен түсіндіріледі. Басқа өзгерістер - сұйықтықтың іркілуі және омыраудың ұлғаюы, прогестеронның жүктілікке дайындық бойынша жүргізетін жұмысымен түсіндіріледі.
Прогестерон тамақтың ас қорыту жолымен қозғалуын баяулатады, бұл әйел ағзасына құнарлы заттарды көбірек сіңіруге мүмкіндік береді. Бұл жүкті әйелдерге қарындары аш болған кездерінде көмектеседі. (Дәл осыған байланысты циклдің осы кезеңінде әйел өзін "үрілген" сияқты сезінуі мүмкін) Прогестерон сонымен бірге тыныштандыратын әсер көрсете отырып, миға әсер етеді, бірақ көп әйелде бұл белсенділіктің төмендеуін және салмақтың артуын тудырады.
Тестостерон
Әйел ағзасында тестостерон бар (еркектердің ағзасымен салыстырғанда өте кішкене мөлшерде) және жас келген сайын оның мөлшері азаяды. Менопаузаның басталуымен әйел ағзасында тестостерон 2 есе аз түзіледі, бірақ бұл сәл жастау кезде де болуы мүмкін. Тестостерон тек қана салауатты жыныстық құштарлыққа ғана әсер етпейді, сонымен қатар салмақты реттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл гормон - анаболик, яғни ол бұлшықет массасының өсуіне ат салысады, ал майларды жанғыш ретінде пайдаланады, бұл өз ретінде салмақты азайтуға көмектеседі.
Бұл туралы толығырақ екінші бөлімде айтамын, онда сіз эстрадиол тестостеронмен бірге салмаққа әсер ететіні, бұлшықет массасының салауатты тепе-теңдігіне және майлардың аз мөлшеріне жетуге көмектесуі мүмкін екендігі туралы білесіз. Аналық бездердің қалыпты жұмысы тоқтаған кезде әйелдер эстрадиолды 95% дейін және тестостеронды 50% аса жоғалтатындықтан, орта жаста олардың артық салмақпен күресуге мәжбүр болуы таңқаларлық нәрсе емес. Өйткені олар бұлшықеттердің өсуіне әсер ететін, майлардың жиналуына жол бермейтін және заттардың алмасуын жылдамдататын гормондардың көп мөлшерін жоғалтады.
ДГЭА
ДГЭА - бүйрек үсті безі мен аналық бездердің менопаузаның алдында түзетін тағы да бір "еркектер" гормоны. ДГЭА салмақты түсіруге көмектесетін гормон ретінде жарнамаланған, бірақ ол тек еркектерге ғана қатысты. Заманауи зерттеулер бұл гормонды қабылдайтын әйелдер салмақ қосатынын және шаштан айрылу және олардың бетте пайда болуы, бөртпе, тәттіге әуестік, ұйқының мазасыз болуы және ашуланшақтық сияқты көп жанама әсерлерді сезінетіндерін дәлелдеді. Құрамында ДГЭА бар дәрілер сатылымда бар, бірақ олардағы гормон дозалары әйелдер үшін тым жоғары болуына байланысты ұнамсыз жанама әсерлер жиі кездеседі.
Тиреоидті гормондар
ТЗ және Т4 - қалқанша безі түзетін негізгі тиреоидті гормондар. Бұл метаболикалық үдерістің басты реттеушілері, өйткені олар энергияны пайдалануды және оның дененің барлық жасушалары мен тіндерінде қалпына келтірілуін реттейді. Заттардың алмасуы тиреоидті гормондардың қалыпты қызмет етуіне байланысты және жасушалық деңгейде олар тудыратын химиялық реакцияларға байланысты. Тиреоидті гормондар жұмысы төмендеген кезде, әсіресе аналық бездер гормондарының қызметі бұзылған жағдайда әйелдер салмақты оңайлықпен қосады, тіпті төмен калориялы тамақ іше бастаса да. Кейде тиреоидті гормондардың мөлшерден тыс болуынан және осы гормондардың белсенділігімен байланысты циклдің бірінші жартысында болатын тәбеттің артуынан әйелдер салмақ қосады.
Кортизол
Кортизол бір секундтық немесе созылмалы ашуланшақтықтың болуынан деңгейі көтерілетін күйзеліс гормоны ретінде белгілі. Сонымен қатар қысқа мерзімді және қатты күйзеліс кезінде де адреналиннің шығуына себеп болады. Алайда күйзеліс пен қоздырғышқа қысқа мерзімді және ұзақ реакциялардың болуы салдарынан бел мен барлық іштегі май ыдырамайды, жиналады. Неліктен? Жіті күйзелістен кейін сіз адреналиннің қанға шығуына байланысты өзіңізді аш сезінесіз, бұл тамақ ішуге, әсіресе тәтті жеуге деген тілекті оятады және нәтижесінде сіз қажет мөлшерден көп жеп қоясыз. Созылмалы күйзеліс сізді шаршаңқы, мүлдем әлсіз сезіндіреді және «тыныштандыратын тамақ» - тәтті жегіңіз келетін сезімге әкеледі.
Инсулин мен глюкагон
Инсулин мен глюкагон қандағы глюкозаның (қант) мөлшеріне, сонымен қатар майлар мен бұлшықет массасының ара қатынасына әсер етеді. Оларды қарсы реттеуші гормондар деп атайды, өйткені олар қандағы қантқа (глюкоза) қарама-қарсы әсер етеді. Инсулин глюкозаны қаннан ол жанатын және энергия өндіретін бұлшықеттердің жасушаларына немесе олардың жиналуына әсер ететін майлардың жасушаларына өтуге мәжбүр етіп, оның деңгейін төмендетеді. Инсулин түзілуінің жылдамдығы мен мөлшері біз тұтынатын өнімдерге, олардың үйлесіміне және ағзаға түсу уақытына байланысты. Глюкагонның әрекеті инсулиннің әрекетіне қарама-қайшы келеді. Ми қандағы қант мөлшері төмендегенін сезінген жағдайда, глюкагон бауырды оған жасушаларға түсуге және жануға көмектесетін глюкозаны майлардан қанға «ығыстыруға» мәжбүр етеді. Инсулиннің түзілуіне аналық бездер гормондары әсер етеді және керісінше. Инсулиннің деңгейі жоғары болғанда оған бейімділік (инсулинге резистенттілік) болмаса әйелдің белі тола бастайды. Инсулинге реакцияның осылай бұзылуы аналық бездердің поликистозы немесе эстрадиол мөлшері төмендегенде байқалады.
Пролактин
Пролактинді гипофиз түзеді, көп мөлшерде артық салмақтың себебі болып табылады. Пролактин баланы емізу кезеңінде сүттің түзілуін реттейді. Еркектер мен жүкті емес әйелдерде оның мөлшері 15-20 нг/мл жетпейді, бірақ жүктіліктің соңғы триместрінде пролактиннің деңгейі 300 нг/мл дейін көтеріледі. Бала туылғаннан кейін алғашқы бірнеше айда анасы баласын емізіп жүрсе де оның деңгейі төмендейді. Бұл гормонның деңгейі 15-20 нг/мл асқанда менструалды цикл тұрақсыз болады, эстрадиолдың түзілуі тежеледі. Пролактин ұзақ мерзім бойы көп мөлшерде бөлінгенде менструациялар тоқтауы мүмкін (аменорея), ал омыраудан сүт бөліне бастайды (галакторея). Бұл жиі дәрігерлердің назарынан тыс қалатын басқа да проблемалармен байланысты пролактиннің жоғары деңгейінің айқын дәлелдері - салмақтың қосылуы, сүт бездерінің ұлғаюы, бас ауруы және күйзеліс.
Пролактиннің жоғары деңгейі салмаққа бала емізетін ананың тәбетін ояту арқылы, оны өзі және бала үшін көбірек калория тұтынуға мәжбүр етіп әсер етеді. Бірақ сіз бала емізбесеңіз, сізге екі адам үшін жеудің қажеті жоқ және нәтижесінде артық тамақ ағзада қалады. Пролактин салмаққа метаболизмнің белсенді үдерістеріне, инсулин мен глюкозаның ара қатынасын реттеуге жауап беретін және бұлшықеттер мен сүйектердің өсуіне ат салысатын эстрадиол мен тестостеронді түзетін аналық бездердің жұмысын тежеу арқылы да әсер етеді. Сонымен қатар мерзімінен бұрын болатын остеопорозға әкелетін сүйектердің шайылуы толығымен емделмеген жоғары деңгейдегі пролактиннің көрсеткіші.
Жас келгенде және климакс кезінде бұл гормонның мөлшері артады және бұл орта жаста артық салмақтың қосылуына әсер етеді. Оның мөлшерінің жоғары болуы күйзелістің, қалжырататын жаттығулардың, гипотиреоздың, емшекті ширықтырудың және прозак, паксил, золофт, селекса, лювокс сияқты көптеген үйреншікті дәрі-дәрмектердің, трицикликалық антидепрессанттардың - памелор, амитриптилин және басқалары, тагамет, пепсид, нейролептикалық құралдардың (наван, хальдол, малларил және басқалары) әсерінен болуы мүмкін. Гипофиздегі пролактинді көп түзетін кейбір өскіндер көру қабілетінен айрылуға әкелуі мүмкін, өздерінің табиғаты бойынша қатерсіз болғанына қарамастан бұл өскіндер көру жүйкесіне қысым көрсетеді. Егер сіз пролактин деңгейіңіз жоғары екендігіне сезіктенсеңіз, емдеуші дәрігеріңіз сізге қарапайым қан талдауын ұсынады. Нәтиже анағұрлым дәл болу үшін тест таңғы 7-ден бастап 8-ге дейін өткізілуі тиіс. Бұл зерттеулердің барлығына Сіз оларды заманауи жоғары технологиялық жабдықта орындайтын "Олимп" зертханалар желісінде қол жеткізе аласыз, сонымен бірге көптеген талдаулардың нәтижелері тәулік ішінде дайын болады.