ИФТ және ПТР: инфекцияны диагностикалаудың күрделі зертханалық әдістері туралы
Зертханалық диагностикада биоматериалдағы қажетті элементті анықтаудың көптеген әдістері бар. Жұқпалы ауруларды диагностикалау үшін көбінесе екі түрлі әдіс қолданылады: ИФТ және ПТР. Әрқайсысының оң және теріс жақтарын түсіну үшін осы әдістермен танысуды ұсынамыз.
ИФТ (иммуноферменттік талдау) – науқастың қанындағы инфекциялық агенттерге қарсы антиденелерді анықтау. Антиденелер (Ig иммуноглобулиндер) - бұл біздің иммундық жүйеміз инфекцияға жауап ретінде шығаратын ақуыздар. Аурудың әрбір қоздырғышы үшін тек арнайы антиденелер шығарылады. Антиденелер микробтарды "белгілейді ", ал ағза микробтық жасушалардың үстіндегі осындай "белгілер" арқылы өлтіретін нысанын таниды. Бір қоздырғышқа қарсы антиденелер пайда болу мерзіміне қарай бір–бірінен өзгешеленуі мүмкін:
IgM – аурудың өткір кезеңінде,
IgG – ауру барысы созылмалы болса, немесе
Іga- тұрақты иммунитет ретінде (қоздырғыштың түріне байланысты) созылмалы күйдің өршуі кезінде пайда болады.
ИФТ әдісі жұқпаның өзіне емес, енген жұқпаға әсерінің "іздерін" іздейді!
Бағасы төмен болуына және биоматериал ретінде қанның қолданылуына байланысты, бұл әдіс скрининг есебінде қолданылады. Мысалы, егер паразитозға күдік болса, науқастар аскаридаға, лямблияға және т. б. қарсы антиденелерді анықтау үшін қан тапсырады. Егер нәтиже оң болса, онда сіз паразиттерді дереу емдеуге кіріспеңіз – клиникалық көріністі, ИФТ нәтижелерін және, мүмкін, басқа тексеру әдістерінің нәтижелерін салыстыру қажет. Емдеу курсынан кейін антиденелер біздің ағзамызда ұзақ уақыт сақталуы мүмкіндігін ұмытпаған жөн, тіпті жұқпа біздің ағзамыздан шыққаннан кейін де, яғни былайша айтқанда "серологиялық тыртық"қалады.
Мысалы: түнгі аспанда мыңдаған жұлдыздар бар. Бұл жұлдыздардың көпшілігі әлдеқашан сөнген, бірақ біз үшін әлі күнге дейін, ғасырлар бойы, олардың жарығы келіп жатыр. Негізінде біз тек жұлдыздың ізін көреміз. Жарық бар, ал жұлдыз баяғыда сөнген. Бірақ егер жарық болмаса, бұл жұлдыз да жоқ деген сөз емес.
Бұл антиденелерге де қатысты. Олардың болуы ағзада қажетті инфекциялық агенттің болуының кепілдігі емес. Антиденелердің болмауы жұқпаның жоқтығын білдірмейді.
Егер ИФТ талдауы оң нәтиже берсе, онда бұл жұқпаны неғұрлым нақты және қымбат әдістер - ПТР, бактериологиялық себінділердің көмегімен іздеу керектігін білдіреді. Егер бірнеше микробтың антигендік құрылымы ұқсас болса, тексеріс жалған оң нәтиже беруі мүмкін, мұндай кезде әртүрлі микробтарға қарсы "ұқсас" антиденелер пайда болады.
ПТР - ғылымды қажет ететін әдістердің бірі. Ол микроағзаның ДНҚ-сын анықтайды. Кез-келген микробқтың өзінің генетикалық материалы болады, сол себепті әдістің арнайылылығы жоғары және ол "жаңылыспайды". ПТР принципі - ізделетін генетикалық кодтың түтікте бірнеше реттік екі еселенуі. Кодтың азадған мөлшері болса да, оның санының еселенуі басталады және бұны анализатор "байқай" алады. Осылайша, ПТР инфекциялық агенттерді анықтаудың "алтын стандарты" болып табылады. Алайда, бұл әдістің кемшіліктері де бар. Біріншіден, ИФТ-мен салыстырғанда, ПТР биоматериал алынған жерде қоздырғыштың бар-жоғын ған айта алады, нәтиже тек жағындының мөлшерімен (мысалы, уретрадан немесе мұрыннан) шектеледі. Екіншіден, оның жоғары сезімталдығына байланысты ПТР емдеуден кейін бірден байқалатын микробтардың өлі бөлшектерін де анықтай алады . Бұл жағдайда жалған оң нәтиже болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, осы екі әдісті бір-бірімен салыстыру кестесін береміз:
Әдістің сипаттамасы |
ПТР |
ИФТ |
Биоматериал |
Жағынды / қан |
Қан |
Бағасы |
Жоғары |
Төмен |
Сезімталдығы |
Жоғары |
Төмен |
Ерекшелігі |
Жоғары |
Төмен |
Орындау мерзімі |
Ұзағырақ |
Қысқалау |
"Адам факторы" |
Жоқ |
Жоқ |
Талдауды тапсыруға дайындық |
Қажет |
Қажет емес |
Ағзадағы қоздырғыштың орналасуы |
Тек биоматериал алынған жерде |
Рөл ойнамайды |
Инфекциялық үдерістің кезеңін анықтау мүмкіндігі |
Жоқ |
Иә |
Талдау кезінде антибиотикалық емдеуді тоқтату |
Иә |
Жоқ |
Қоздырғышты ерте кезеңде анықтау |
Иә |
Жоқ |
Назар аударыңыз! "ОЛИМП" КДЗ диагностикасының "классикалық" әдістері өзгертілген: ПТР қазіргі уақыт (real-time) режимінде орындалады, ИФТ орнына ЭХЛ пайдаланылады, бұл зерттеу сапасын арттырады және жалған нәтиже берудің ықтималдығын азайтады.
Негізгі белгілер (Tag):
ИФТ ПТР салыстыру инфекцияны диагностикалау ИФТ ПТР арасындағы айырмашылық