Кері қайту

«ОЛИМП» КДЗ-де инновация! ISAC – 112 аллергенді бірден диагностикалау бойынша кешенді тест!

Аллергия – бұл заманауи қоғамның қасіреті, статистика бойынша біздің ғаламшардың 20% аллергияға шалдыққан. Бірі өсімдіктер гүлдеген кезеңде қиналады, басқалары мысықты көре сала түшкіреді, үшіншілері бейтаныс тамақтан сезіктенеді, ал кейбіреулерінің шаң бөлмеде тыныс алулары қиындайды – осының бәрі өмірдің сапасын айтарлықтай төмендетеді.

 Аллергия бұл жұтатын, ішімізге қабылдайтын немесе ұстайтын нақты бір заттарға (аллергендерге) деген жоғары сезімталдық. Аллерген ағзамен байланысқа түскен кезде адам ағзасының иммундық жүйесі IgE антиденелері деп аталатын антиденелерді көп мөлшерде түзу арқылы жауап береді. E иммуноглобулині (IgE) бұл қалыпты жағдайда ағзадағы қорғаныш рөлін орындайтын зат. Алайда бұл ақуыздың көп мөлшерде түзілуі кезінде біз аллергия болғанда болатын реакцияларды байқаймыз: қышу, тұмау, ісінулер, жөтел және т.б. Бірақ бұл белгілер салыстырмалы түрде зиянсыз және өмірге тікелей қауіп тудырмайды, олар тек қана оның сапасын төмендетеді.

Алайда кез келген аллергия аталған ауруды емдемесе, адам өміріне тікелей қауіп тудыратын Квинке ісігі, тыныс демікпесі, тіпті анафилактикалық естен тану сияқты ауыр күйлердің дамуына әкелуі мүмкін екендігімен қауіпті. Бұл аурумен күресте дәл және уақтылы диагностика аса маңызды. Өйткені емделуден бұрын сіздің не нәрсеге аллергияңыз бар екенін түсіну қажет - бұған емдеу тәсілін таңдау тікелей байланысты.

ISAC-тест бүгінгі күні сіздің қандай заттарға аллергияңыз бар екенін анықтайтын ең тәжірибелі және озық тест. Бұл бір талдауда аллергендердің 112 молекуласына тестілеу өткізуге мүмкіндік беретін бірегей технология. Оның бірегейлігі ISAC тестіні пайдалану кезінде қатты реакция тудырған заттардың тікелей талдануында. Басқа технологиялар тек қана IgE антиденелерінің түзілуін анықтайды және оларды талдау негізінде аллергияны қандай зат тудырғаны жайында қорытынды жасалады, және бұл кейде нәтижелерде қателерге әкелуі мүмкін. Сондықтан құрамы және сапасы бойынша әртүрлі болып келетін IgE антиденелерін анықтауға қарағанда ISAC тест дәлірек болып табылады.

ISAC чипіндегі жүзден аса стандартталған аллергокомпоненттер аллергендердің кең спектрін қамтиды. Олардың арасында шөптерге, ағаштар тозаңына, жануарлардың қайызғағына, тамақ өнімдеріне, жәндіктердің уына және зең саңырауқұлақтарына болатын аллергияның себепкерлері бар.

«ОЛИМП» КДЗ осы маусымнан бастап өзінің клиенттеріне ISAC бірегей зерттеуін ұсынады - тест бүкіл Қазақстан бойынша 208 емшара кабинетінде бар. «ОЛИМП» КДЗ-де ISAC тестін бір рет тапсырып сіз жылдам және біржола қандай заттарға аллергияңыз бар екенін анықтайсыз, қолыңызға дәл нәтижелерді алып дұрыс, негізделген емдеуді қиындықсыз бастай аласыз және аллергияны ұмытуыңызға болады!!