Иммунитетті қалай «өлшеуге» болады?
Сіз біздің неліктен ауыратынымыз туралы ойландыңыз ба? Неліктен біреудің жиірек, ал басқалардың сирек ауыратыны туралы?
Неліктен алғашқы рет жаңа ұжымға барған бала бір аурудан соң басқасына шалдығады?
Егер бұл сұрақты медицинаға қатысы жоқ адамнан сұрасақ, онда біз бұл адамның иммунитетіне және оның шынығуына байланысты деген түсініксіз жауаптан артық жауап алмаймыз.
Негізінде ол дұрыс айтады, бірақ «Иммунитет деген не?» деген сұраққа нақты жауап бере алатын адам жоқ деуге болады.
Көптеген адамдар үшін иммунитет балалық шақтан бастап біздің денемізді микробтардан қорғайтын сауыт сияқты көзге көрінбейтін бір қабық ретінде көрінеді, ал бұл «сауытта» бұзылыстар пайда болғанда біз ауырамыз. Бірақ медицина иммундық статус ұғымына дәл анықтама береді, сонымен дәйексөзді келтірейік: «Заманауи түсінікке сәйкес адамның иммунды статусы - бұл нақты уақыт тәртіптемесінде иммунды жүйе жасушаларының сандық және функционалдық белсенділігін сипаттайтын зертханалық көрсеткіштердің жиынтығы».
Қарапайым тілмен айтатын болсақ, иммунитет бізді барлығы бірігіп әртүрлі сыртқы (инфекциялар) және ішкі (онкоаурулар) әсерлерден қорғайтын ағзамыздағы әртүрлі жасушалар. Оның сандық (саны) және сапалық (функционалдық толыққандылығы) құрамы біздің иммунды статусымыздың қандай екенін анықтайды, яғни біздің ауруларға қаншалықты осал келетінімізді. Сіз енді иммунитеттің абстракция емес екенін, ал сапасын анықтауға болатын нақты ұғым екенін түсіндіңіз. Дәлірек айтқанда, біз лейкоциттер (нейтрофилдер, лимфоциттер, базофилдер, моноциттер, эозинофилдерден тұратын) мен ақуыздар - иммуноглобулиндер (A,E,G,M) сияқты иммунитет үшін жауап беретін жасушалардың саны мен сапасын анықтай аламыз. Олардың әртүрлі сапалық және сандық өзгерістері иммунитет жеткіліксіздігімен сипатталатын иммундық тапшылық күйлеріне әкелуі мүмкін.
Олардың белгілері төмендегідей болуы мүмкін:
-
Балалар мен ересектерде жиі, ұзақ және көпке созылып кеткен инфекциялардың болуы, көбінесе бұл балалар мен ересектердің ЛОР-мүшелері мен тыныс алу мүшелерінің қайталамалы инфекциялары;
-
Қайталамалы немесе емделуі қиын фурункулез, тері және шырыш кандидозы;
-
Асқазан-ішек жолының тұрақты инфекциялары.
-
Жасырын инфекциялар мен нақты себебі жоқ температура.
Иммунитет пен оның функциялары туралы бұндай білім тек ХХ ғасырдың соңында пайда болды және сондықтан соңғы уақытқа дейін иммунитеттің сапалы және сандық құрамы туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін зерттеу әдістері болған жоқ. Бірақ ғылымның дамуының арқасында «Иммунограмма» деген атау берілген зерттеу пайда болды.
«Иммунограмма» – иммунитетті қалыптастыратын әртүрлі жасушалардың саны мен сапасын анықтауға мүмкіндік беретін қанды кешенді зерттеу. Бұл негізгі міндеттерінің бірі иммундық тапшылық күйлерін диагностикалау болып табылатын инновациялық тексеру.
Иммунитет бұл Сіздің денсаулығыңыздың негізі, оған көңіл бөліңіз!
Иммунограмма заманауи медицинада кең қолданыс тапқан және бұрын жауаптарын табу қиын болған көптеген сұрақтардың шешімін табуға көмектескен инновациялық зерттеу.
Енді бұл тексеру біздің пациенттеріміз үшін де қолжетімді.
«ОЛИМП» КДЗ желісі өзінің зертханасының базасында «Иммунограмма» талдауының іске қосылуы туралы хабарлайды.
Енді сіз бұл озық зерттеуді өту үшін «ОЛИМП» КДЗ-нің Қазақстан аумағында орналасқан 180 емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіне аласыз және Өзіңіздің иммундық статусыңыздың кешенді бағасын ала аласыз.
N.B.
«Иммунограмма» нәтижелерін түсіндіру үшін иммунологтың консультациясы міндетті.
Көрсеткіштер түсініктемесін және ұсынымдарды тек тар бейінді маман ғана бере алады.