Кері қайту

Коагулограмма - бұл не?

«Коагулограмма - бұл не?» - деп осы талдауды тапсыруға жіберген пациенттер таңдана сұрайды.

Және шынымен де адамдар бұл талдауды көп тапсырмайды, себебі ол әдетте жоспарлы операцияға дайындық барысында қажет болады. Сонымен қатар, бұл термин коагулограмма талдауын баланы көтеру үдерісінде әр триместр жасауы қажет барлық жүкті әйелдерге таныс.

 Сонымен бұл термин нені білдіреді? Бұл түсініксіз сөздің астарында қан ұю жүйесін зерттеу жатыр (гемостаз). Қан тамырлар жүйесі біздің ағзамыздың маңызды жүйелерінің бірі болып табылады. Және коагулограмма гемостаз бұзылыстарын анықтауға мүмкіндік береді – қанның қалыпты күйдегі сұйық күйіне және қан кету кезінде тоқтату үшін оның ұйығыштығына жауап беретін жүйе. Бұл жүйедегі бұзылыстар кезінде жай ғана тіліктің өзінде адам айтарлықтай қан жоғалтуы мүмкін немесе керісінше қанның шектен тыс «қоюлануы» тромб түзілуіне (қан ұйындысының түзілуіне) және нәтижесінде инфарктілер мен инсульттерге әкелуі мүмкін.

 

Күнделікті өмірде қан ұйыту жүйесіндегі бұзылыстар өздерін білдірмейді. Бірақ операция немесе босану кезінде критикалық жағдайдың дамуымен қауіпті.

 

Сонымен коагулограмманы қай уақытта істеу қажет?

  • Аталған зерттеу әртүрлі операциялар алдында қажет.

  • Сонымен қатар бұл тесті жүкті әйелдер үшін міндетті, өйткені көптеген проблемаларды уақтылы анықтауға және жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Олардың бірі қалыпты орналасқан бала жолдасы ажырауының уақытынан бұрын басталуы - жүктілік кезіндегі қауіпті асқыну.

  • Кеңейтілген коагулограмманы орындау тромб түзілуге бейімділігі бар адамдарға ұсынылады.

  • Сондай-ақ бұл зерттеу антикоагулянттармен емделу курсы кезінде өтуге міндетті болып табылады (қан ұйыту жүйесінің белсенділігін басатын дәрілік заттар).

  • Аталған талдауды бауыр, қан тамырлары жүйесі аурулары мен инфаркт пен инсультке шалдыққан кезде өту ұсынылады.

  • Кеңейтілген коагулограмма этиологиясы белгісіз ауқымды тоқтамайтын қан кету кезінде өткізіледі. Бұл тесті оның себебін анықтауға және оны ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

 «ОЛИМП» КДЗ өздерінің пациенттеріне гемостаз жүйесіндегі проблемалардың кең спектрін анықтауға мүмкіндік беретін 4 ең қажет зерттеуден тұраты арнайы «Коагулограмма» профилін ұсынады:

  1. Фибриногенді анықтау

  2. БЖТУ (белсендірілген жартылай тромбопластин уақыты)

  3. Тромбин уақытын анықтау

  4. Протромбин уақытын ПТИ (протромбиндік индекс) және ХНҚ (халықаралық нормаланған қатынасты) кезекті есептеумен анықтау

«ОЛИМП» дербес зертханалар желісі барлық аталған тестілерді қателер ықтималдығын «жоққа шығаратын» және жоғары диагностикалық дәлдікке жетуге мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары заманауи талдағыштарда орындайды.

Қан ұйыту жүйесіндегі проблемаларды анықтауға арналған кешенді тексеру - «Коагулограмма» профилін тапсыру үшін Сіз «ОЛИМП» КДЗ бүкіл Қазақстан аумағында бар 180 емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіне аласыз.