В және С вирустық гепатиттерін зертханалық тексерудің ерекшеліктері
В немесе С гепатиті вирусы ағзаға түскенде, иммундық жүйе вирустарды жеңуге көмектесу үшін қанның бүкіл ағзаға тарайтын арнайы ақуыздарын бөледі. Олар антиденелер деп аталады.
В гепатитін анықтаудың негізгі тест - үстірт антиген (HBsAg, HBS антигені, HBS Ag, австралиялық антиген). Ол В гепатиті вирусының беткі ақуызы болып табылады және қанда өткір немесе созылмалы гепатит жағдайында, сондай-ақ В гепатиті вирусын тасымалдауда анықталуы мүмкін.
С гепатиті анти-НСV вирусына антиденелерді анықтаумен сипатталады. Бірақ бұл С гепатиті белсенді кезеңінде дегенді білдірмейді. Кейбір адамдарда (10 адамның 2-3) иммундық жүйе вирустан өздігінен құтыла алады, ал қалған 7-8 адамда ағза вирусты жеңе алмайды.
В немесе С гепатиті вирусымен байланысты анықтауда – ИФТ (иммуноферменттік талдау) және ЭХТ (электрохем-люминисценттік талдау) қолданылатын тесттердің екі түрі бар. Бұл жағдайда ИФТ сезімталдығы мен ерекшелігі шамамен 90%, ал ЭХТ шамамен 98% құрайды, сондықтан өте сирек жағдайларда жалған оң және жалған теріс нәтижелер көрсетуі мүмкін.
В немесе С гепатиті вирусының болуы мен белсенділігін анықтау үшін сізге қосымша тиісті тексерулер қажет.
Бұны есте сақтау маңызды:
Егер сізде HBs антигені немесе анти-НСV сияқты вирустық гепатит маркерлері табылса да – бұл инфекциялық үдеріс белсенді деген сөз емес. Сондықтан қосымша тексерулер жасаған маңызды.
Тек сіздің дәрігеріңіз сіздің жеке тестілеу нәтижелеріңізді түсіндіре алады және клиникалық диагноз қоя алады.
Вирустың белсенділігін нақтылау үшін сіздің дәрігеріңіз егжей-тегжейлі тексеру мақсатында Сіздің ішіңізде не болып жатқанын білу үшін бірнеше қосымша қан талдауын тағайындайды. Бұл талдаулар ПТР - полимеразды тізбекті реакция деп аталады, оның көмегімен қандағы В немесе С гепатиті вирусының генетикалық материалы анықталады. Талдаулардың бірі - сапалы ПТР, сізде вирустың бар-жоқтығына қатысты жауап береді. Екіншісі - сандық ПТР, вирустық жүктемені, яғни сізде В немесе С гепатиті вирусының мөлшерін және бұл вирустың белсендігін анықтайды ПТР талдауының тағы бір нұсқасы - генотиптеу, С гепатиті жағдайында қолданылады және вирустың генотипін анықтауға мүмкіндік береді.
Білген маңызды! Сапалы ПТР сынағының теріс нәтижесі қандағы В немесе С гепатиті вирусының жоқтығын немесе оның белсенділігінің төмендігін білдіреді.
Егер сізде В немесе С гепатиті вирусы бар болса, онда ол тек бауыр жасушаларында қалмайды, ол сіздің қаныңыздан да табылуы мүмкін. Гепатит вирустары өте белсенді және өзінің көшірмелерін көптеп шығарады. Вирустық жүктеме талдауы - ағзада В немесе С гепатиті вирусы мөлшерін өлшеудің жалғыз жолы.
Вирустық жүктемені талдау бірнеше себептерге байланысты өте маңызды:
Біріншісі: вирусты жүктеу талдауы сізге вирустың бар-жоғын немесе одан арылғаныңызды айтады.
Екіншісі: егер сіз жүкті әйел болсаңыз, сіздің балаңызға вирустың таралу қаупі өте төмен, бірақ егер сіз вирустық жүктемесі жоғары жүкті әйел болсаңыз, вирустың балаға берілу қаупі жоғарылайды.
Үшіншісі: егер сіз интерферон терапиясынан өтуге бел бусаңыз, вирустық жүктемені талдау арқылы дәрігер терапияның әсері бар ма және оны қанша уақыт жалғастыру керектігін айта алады.
Есіңізде болсын: талдауларыңызды әрқашан бір зертханадан жасаңыз. Бұл алынған нәтижелерді салыстыру кезінде дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Генотиптеу дегеніміз не?
С гепатиті вирусының (қысқаша HCV) бірнеше түрлері бар. Шын мәнісінде, HCV-нің алты түрлі түрі бар. Бұл түрлер генотиптер деп аталады және 1-ден 6-ға дейін нөмірленеді. Кейбір генотиптер ары қарай бөлініп субтиптер деп аталады (мысалы, 1a және 1b).
Емдеуші дәрігер үшін сіздің вирусыңыздың генотипін білу өте маңызды, өйткені әртүрлі генотипті әртүрлі вирустар әртүрлі емделеді (терапияға жауап береді). Мысалы, 2 немесе 3 генотиптерге қарағанда 1 генотипті емдеу сәл қиынырақ. Ал 1 типті HCV терапиясы 2 немесе 3 генотипті терапияда қолданылатын препараттардың дозаларынан өзгешелерін қажет етеді.
Сізде белгілі бір генотиптің табылуы сіздің көбірек немесе азырақ ауыратыныңызды білдірмейді. Бірақ кейбір генотиптер (мысалы, 3) толықтық сияқты бауырдың белгілі бір күйімен байланысты болуы мүмкін.
Адамдардың көпшілігінде С гепатиті вирустың генотипіне қарамастан ешқандай белгілерін байқатпайтынын ескерген жөн.
Вирустың генотипін білу бірнеше себептерге байланысты маңызды:
Біріншіден: Егер сіз терапияға баруға бел бусаңыз, генотип тесті вирустан арылу мүмкіндіктерін болжайды.
Екіншіден: вирус генотипін тексеру дәрігерге дәрі-дәрмектің қажетті дозаларын және терапияның ұзақтығын анықтауға көмектеседі.
Есіңізде болсын: сізде белгілі бір генотипті вирустың болуы, бұл сіздің жеңілірек немесе қаттырақ ауыратыныңызды білдірмейді.
Маңызды! "ОЛИМП" КДЗ желісінде В және С гепатитін нәтижелердің жоғары сапалылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін Еуропалық жабдықта кешенді түрде тексеруге болады.