Абайлаңыз! A вирустық гепатиті!
A гепатиті.
A гепатиті немесе Боткин ауруы келесі симптомдар арқылы көрініс табуы мүмкін вирустық түбі бар бауыр ауруы: дене қызуының көтерілуі, әлсіздену, тәбеттің жоғалуы, диарея, құсу, оң жақ қабырға астында жағымсыз сезімнің болуы, несеп түсінің қоңырлануы және сарғаю.
A вирустық гепатиті кең таралған ауру: жыл сайын әлемде аурудың 1,5 миллионға жуық жағдайы тіркеледі.
Жіті вирустық гепатиттердің ортақ құрылымында оның үлесіне 70% астам жағдайлар келеді.
50 күн - ауруды жұқтырудан алғашқы симптомдардың пайда болуына дейін дәл осынша уақыт өтуі мүмкін.
АГВ дәстүрлі түрде көбінесе балалар ауыратын, жеңіл және қатерсіз ауру болып саналды және сондықтан өзіне көп назар аудартпай келді. Алайда Боткин ауруымен балалар ғана ауырып қалуы мүмкін емес, ересектер де ауырып қалуы мүмкін және осы «зиянсыз» ауру кейбір жағдайларда тіпті жіті бауыр жеткіліксіздігінің дамуына да әкелуі мүмкін. Сол себептен бұл ауруға немқұрайлы қарауға болмайды. Ал А вирустық гепатитімен ауырудың үдемелі кезі дәл күз бен қысқы мезгілге келетінін есепке алатын болсақ, онда ауруды жұқтырып-жұқтырмағаныңыз бойынша зертханада тексеруден өту қажеттілігіне салғырт қарамаңыз.
А вирустық гепатиті ағзаға ауыз арқылы енгеннен кейін ішек арқылы қан ағысына түседі. Қан вирусты бауырға тасымалдайды және ол сол жерде көбейеді (гепатоциттер, Купфер жасушалары). Жаңадан түзілген вириондар өтпен бірге бөлініп, он екі елі ішекке түседі және ағзадан нәжіспен шығады, адам инфекцияның көзі болып саналады. Вирустық бөлшектер 11 күнге жуық А гепатиті вирусына қарсы IgM өнімі түрінде иммундық жауап пайда болғанға дейін едәуір мөлшерде бөлінеді.
Вирустың құрылымында бір негізгі HAV антигені (адамның иммунитеті танитын вирус «денесінің» бөлшегі оған шабуыл жасайды) бар.
HAV-қа қарсы түзілетін антиденелер Anti-HAV IgM деп аталады. IgM – бұл ағзада вирусты жұқтырған сәттен бастап пайда болатын М класының иммуноглобулині және ауруды анықтауға мүмкіндік беретін критерий болып табылады. Сырқаттан жазылғаннан бір жылдан кейін антиденелер қалмайды. Денсаулығы жақсы ағзада нормаға сәйкес Anti-HAV болмайды.
А вирустық гепатитіне Anti-HAV IgM антиденелерін анықтау бойынша тексеруден «ОЛИМП» КДЗ бүкіл Қазақстан аумағында орналасқан 180-нен астам емшара кабинеттерінің кез келгенінен өте аласыз.