Зертханалық зерттеулерге дайындық
Нәтижелердің максималды дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін алда болатын зертханалық зерттеуге белгіленген дайындық ережелерін қатаң сақтау қажет. Зерттеу өткізу технологиясының стандартталған болуы талдауға дайындық сапасына айтарлықтай байланысты, демек алынған нәтижелердің сапасы да соған байланысты болады.
Қан тапсыруға қалай дайындалу керек.
Зертханалық зерттеулердің маңызды шарты - қанды аш қарынға тапсыру.
Бұл тамақты соңғы ішу мен қан алудың арасындағы уақыт аралығы 12 сағат құрау керектігін білдіреді. Кез келген зерттеуден 1-2 күн бұрын тамақтану рационынан майлы, қуырылған тамақты және алкогольді алып тастау керек.
Репродуктивті жастағы әйелдердің гормоналды статустарын зерттеу кезінде (шамамен 12-13 жастан бастап және климактерикалық кезеңнің басталуына дейін) емдеуші дәрігердің қанды тапсыратын менструациялық цикл күні туралы ұсынымдарын қатаң сақтауға ерекше назар аударған жөн.
Зерттеу нәтижелеріне дәрілік заттарды қабылдау әсер етуі мүмкін (мысалы: антибиотиктерді, иммундық супрессивті, химиотерапевтикалық, гормоналды дәрілік заттарды, антикоагулянттарды және басқаларын). Егер сіз дәрі қабылдайтын болсаңыз, бұл туралы емдеуші дәрігеріңізге ескертіңіз.
Несепті тапсыруға қалай дайындалу керек:
Жалпы несеп талдауы. Несепті жинау алдында сыртқы жыныстық мүшелердің гигиеналық туалетін жасау қажет. Несептің тек қана ұйқыдан кейінгі таңертеңгі бөлігі жиналады. Зертханаға 100 мл таза ыдыста тапсырылады.
Нечипоренко бойынша несеп талдауы. Жалпы несеп талдауының алдында жасалатын сыртқы жыныстық мүшелердің гигиеналық туалеті жасалады, содан кейін 100 мл ыдысқа таңертеңгі несептің орташа бөлігі жиналады.
Урогенитальды жолдан материал алуға қалай дайындалу керек:
· Талдаудан үш күн бұрын алкоголь ішуді тоқтату және жыныстық өмірден тартыну.
· Материал алардан екі сағат бұрын кіші дәретке отырмау.
· Жергілікті тағайындалатын дәрілік заттардың қолданылуын тоқтату.
· Аталған ем түрі орын алған болса, екі апта бұрын антибиотиктерді қабылдауды тоқтату.
Талдауға көктамырдан қан алу қалай өтеді?
Гематома деген не және оған қалай жол бермеуге болады?
«ОЛИМП» КДЗ құрметті пациенттері, Сіздердің назарларыңызды келесіге аударамыз:
Көктамырдан зерттеуге қан алу жабық вакуумдық жүйелердің көмегімен жүргізіледі.
Қанды вакуумдық алу жүйесі шприцке піспек қозғалысының орнына - түтіктегі вакуумның арқасында қысымның түсіп кетуін пайдалануы жағынан ұқсас.
Көктамырға ине кіріп, тура тесу кезінде Сіз қысқамерзімді айтарлықтай маңызды емес, кідірместен басылып кететін ауырсыну сезімін сезінуіңіз мүмкін.
Қан алғаннан кейін инені алып тастайды, тесік орнына қан тамшыларының бөлінуі тоқтағанға дейін спиртті сулық басады.
Өте сирек жағдайларда қан алғаннан кейін тесілген жерде гематома (ісік) пайда болуы мүмкін - бұл адам ағзасының жеке физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Аталған гематома түрі ерекше қауіп төндірмейді.
Ол пайда болмас үшін зерттеуге қан алатын медициналық қызметкерлер құрамының кеңестерін қатаң сақтау қажет - сұқ саусақпен спиртті сулықты басып, қолды 5-10 минут шынтақпен бүгіп ұстау керек. Гематома пайда болған жағдайда жартылай спиртті компресстер немесе сорып алатын майлар жағылған компресстер қолдануды ұсынамыз.
Қанды алуға арналған жеке вакуумдық жүйелер
Көктамырдан қан алуға арналған вакуумдық жабық жүйелерді пайдалану пациент пен маман үшін максималды түрде ыңғайлы, пациенттің қанының қоршаған ортамен байланысына жол бермеу тұрғысынан қауіпсіз.
Жүйе қате нәтиже беру ықтималдығын айтарлықтай төмендете отырып, зертханалық зерттеулердің талдау алдындағы кезеңінің ережелерін максималды дәл сақтауды қамтамасыз етеді. Жүйе компоненттерінің сан алуандығы зертханалық зерттеудің кез келген түрі үшін қанды ыңғайлы және қауіпсіз алуға мүмкіндік береді.
Қанды вакуумдық алу жүйесі шприцке піспек қозғалысының орнына - түтіктегі вакуумның арқасында қысымның түсіп кетуін пайдалануы жағынан ұқсас.
Сарысу немесе плазма алу үшін алынған қан тура осы түтікте сарысу мен ұйындыны бөліп тұратын бөлінетін гельді пайдалану арқылы центрифугаланып, биоматериалдың сапасын бұзбай ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді.
Қанды вакуумдық жүйелердің көмегімен алудың артықшылықтары:
· Өте қысқа уақыт аралығында екі немесе одан да көп түтікке көктамырға қайталап ине енгізбей қан алу мүмкіндігі.
· Қанды алудың жылдамдығы (5 -10 секунд).
· Медициналық қызметкерлер құрамының қан алу емшарасы барысындағы максималды қауіпсіздігі - жүйелердің құрастырылымы пациенттің қанының қоршаған ортамен байланысуына толығымен жол бермейді.
· Қан-антикоагулянт ара қатынасының максималды түрде дәл сақталуы.
· Үлгілерді таңбалау мен тасымалдаудың қарапайымдылығы мен сенімділігі.
· Кейбір автоматты талдағыштармен жұмыс істеу кезінде түтікті қақпағын ашпай пайдалану мүмкіндігі.