Кері қайту

Холестериннің көбеюінің себептері

Холестерин деңгейінің жоғарылауы отбасы мүшелеріне таралуы мүмкін. Дұрыс тамақтанбау холестерин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қандағы холестеринге әсер ететін факторлар:

  • Сіздің немен тамақтанатыныңыз. Қаныққан майларды, транс майларды және холестеринді шамадан тыс тұтыну қандағы холестериннің көбеюіне әкелуі мүмкін. Қаныққан майлар және холестерин ет, қаймағы алынбаған сүт, жұмыртқаның сарысы және ірімшік секілді жануарлардан алынатын өнімдерде кездеседі. Транс майлар чипсы, крекер және печенье сияқты қуырылған тағамдарда және қаптамадағы тағамдарда кездеседі.
  • Сіздің салмағыңыз. Артық салмақ триглицеридтердің көбеюіне және ЖТЛП деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді.
  • Физикалық белсенділік. Қозғалысы аз өмір салты ТТЛП деңгейін жоғарылатып, ЖТЛП деңгейін төмендетуі мүмкін.
  • Жас және жыныс ерекшеліктері. 20 жасқа толған кезде холестерин деңгейі көтеріле бастайды. Ер адамдарда холестерин деңгейі әдетте 50 жастан кейін көтеріледі. Әйелдерде холестерин менопауза басталуына дейін жеткілікті төмен деңгейде болады, ал менопаузадан кейін ол шамамен ер адамдардікімен теңеседі.
  • • Кейбір аурулар. Белгілі бір аурулардың болуы холестерин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл қант диабеті, зат алмасудың бұзылуы, гипотиреоз, бүйрек аурулары немесе цирроз сияқты аурулар болуы мүмкін.
  • Отбасы анамнезі. Егер сіздің отбасы мүшелеріңізде холестерин деңгейінің жоғарылығы бұрын болған немесе қазір бар болса, бұл сізге де берілуі мүмкін.
  • Темекі шегу. Темекі шегу жақсы холестеринді төмендетуі мүмкін.
  • Белгілі бір дәрі-дәрмектер. Кейбір дәрі-дәрмектер триглицеридтерді жоғарылатып, ЖТЛП деңгейін төмендетуі мүмкін. Бұл тиазид тәрізді диуретиктер, бета-блокаторлар, эстроген және кортикостероидтар сияқты препараттар.
  • Холестериннің көбеюі сирек жағдайларда ағзаның холестерин деңгейін бақылауын бұзатын май алмасуының бұзылуы деп аталатын сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурудан туындауы мүмкін. Мұндай аурумен ауыратын адамдарда холестерин деңгейі 14 ммоль/л-ден жоғары болуы мүмкін. Май алмасуының бұзылуының кейбір түрлерін емдеу қиынға соғады.

Өзіңіздің холестерин деңгейіңізді сіз "ОЛИМП" КДЗ желісінің кез-келген емдеу бөлмесінде тексере алатыныңызды еске саламыз.