Простатаға тән антиген және ер адам денсаулығы
Простатаға тән антиген немесе ПТA — бұл простата обырының заманауи маркері, ол ісікті ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, бұл кезеңде ешқандай асқынусыз толық емделіп шығуға болады. ПТA-ны алғаш рет Naga 1979 жылы шәует сұйықтығынан тапты, ал 1987 жылдан бастап ПТA зерттеуі простата обырын диагностикалау және сатысын анықтау үшін кеңінен қолданылды. Сондай-ақ емдеудің тиімділігін бақылау және бағалау мақсатында да пайдаланылды.
ПТA - бұл сперматозоидтарды сұйылту үшін простата эпителийі шығаратын химиялық зат. Бұл заттың бір бөлігі қанға енеді. Әдетте қандағы ПТA мөлшері 4 нг/мл-ден аспайды. Қандағы ПТA концентрациясының жоғарылауы қуықасты безі тінінің зақымдануымен және оның өткізгіштігінің жоғарылауымен байқалады. Мысалы, ПТA деңгейінің жоғарылауы қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясында (простата аденомасы), қуықасты тінінің қабынуында (простатит), жарақаттануда және простата обырында байқалады. ПТA деңгейінің жоғарылауының себебін білуде арнайы әдістер бар. ПТA деңгейі 4 нг/мл-ден жоғары көтерілуі, простата обыры дамуының ең ерте сатысында диагностикалау үшін науқасты мұқият тексеру қажет, өйткені қатерлі ісік ауруларының басым көпшілігі ПТA мәні 4 нг/мл-ден 10 нг/мл-ге дейін көрсететін "сұр аймақ" деп аталатын аралыққа келіп түседі. Қан сарысуында ПТA екі формада болады: кейбір ақуыздармен байланысқан және олармен байланыспаған, яғни еркін ПТA. ПТA туралы сөз қозғалғанда, оның екі түрі де түсініледі. Сонымен, қуық асты безінің қатерлі ісігімен байланысқан түрінің мөлшері артады және еркін ПТA мөлшері азаяды. Бірақ кейбір қатерлі ісіктерде ПТA деңгейі өзгеріссіз қалуы мүмкін, себебі қатерлі ісік жасушалары бұл затты бөлу қабілетін жоғалтқан. Простата аденомасында қан сарысуындағы бос ПТA деңгейі простата обыры жағдайындағымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Дәл осы PSA ерекшелігі простата обыры мен қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын дифференциалды диагностикалау принципіне негізделген.
ПТA жоғары деңгейінде міндетті түрде простата биопсиясы жасалуы керек. Әдетте, қуықасты безі тінінің биопсиясы арнайы инелердің көмегімен ультрадыбыстық бақылаумен трансректальды түрде (тік ішек арқылы) жасалады.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да қуық асты безінің қатерлі ісігін алғашқы сатысында анықтау бағдарламасы бар:
-
«ОЛИМП» КДЗ медициналық зертханалар желісінің кез-келген бөлімшесінде өтуге болатын простатаға тән антиген (ПТА) деңгейін анықтау.
-
уролог дәрігер жүргізетін қуық асты безінің ректалды зерттеуі;
-
қуық асты безінің трансректальды ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ).
Есіңізге саламыз, ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, 50 жастан асқан барлық ер адамдар жылына кемінде 1 рет ПТА-ға тексерілуге тиісті. Егер жақын туыстарының арасында біреуде қуық асты безінің ісігі болған болса, онда 40 жастан тексеріліп бастау керек.
Негізгі белгілер (Tag):
ПТА қуықасты безінің қатерлі ісігі қатерлі ісік скринингі