Кері қайту

Мерезді заманауи зертханалық анықтау

Вассерман реакциясының не екенін білмейтін ересек адам жоқ шығар. Бұл талдауды емханаға немесе ауруханаға медициналық көмекке жүгінгендердің бәрі кем дегенде бір рет тапсырды. Вассерман реакциясы бірнеше ондаған жылдар бойы мерезді скринингілік тексеру ретінде қолданылып келеді.  Микропреципитация реакциясы әлі де бар, ол кеңінен таралған әдіс және оны орындау өте оңай.

Өкінішке орай, барлық скринингтік тексерулерде, соның ішінде Вассерман реакциясында да, сезімталдық пен айрықшалық жеткіліксіздеу. Мәселен, мысалы, олар жүктілік, туберкулез және әртүрлі вирустық инфекциялар, онкология, аутоиммунды аурулар кезінде жалған оң нәтиже көрсетеді. Мерез ауруы жоқ болса, зертханадан оң нәтиже шыққанын есту жағымды нәрсе емес екеніне келісетін шығарсыз? Сондықтан бүкіл өркениетті әлем мерезді анықтауда заманауи жоғары сезімтал және ерекше әдістерге көшуде.

Осындай әдістердің бірі - мерезді тудыратын қандағы бозғылт трепонемаға қарсы антиденелерді иммунохемилюминисцентті түрде анықтау. Бұл әдіс Еуропа елдерінде, АҚШ-та өзін жақсы дәлелдеді және сенімсіз дәстүрлі скринингтік тексерулердің орнына келді. Бұл мерездің жалған оң нәтижелер санын жоқ қылды және осы ауруды анықтау деңгейін көтерді.

ОЛИМП зертханалар желісінде бозғылт трепонемаға қарсы арнайы антиденелер (IgM және IgG) Siemens компаниясының еуропалық реагенттерін қолдану арқылы қазіргі заманғы Іmmulite 2000 ХРi автоматты анализаторында анықталады. Мұндай жабдықты пайдалану нәтижелерге сенімділікті едәуір арттырады, адам факторының әсерін және онымен байланысты қателіктерді жояды, науқастарды тексеру мерзімін қысқартады.  Сондықтан бүгінде көптеген дәрігерлер мен науқастар Вассерман реакциясын жүргізуден гөрі мерезге қарсы қандағы антиденелерді анықтауды жөн көреді.