Қуықасты безі қатерлі ісігін ерте диагностикалаудың заманауи тәсілдемесі
Қуықасты безінің қатерлі ісігі - бұл қауіпті ауру еркектер арасында ең жиі кездесетін онкологияның түрі. Бұл ауру егде жастағы адамдарға тән, бірақ басқа аурулар сияқты соңғы жылдары бұл патология «жасарып келеді» және ерте жаста да жиі кездесе бастады.
Егде жастағы еркектер арасындағы өлім себептерінің «көшбасшы» бес себебінің бірі қуықасты безінің қатерлі ісігі екенін атап өту керек.
Өкінішке қарай, аталған патологияны ерте диагностикалау біздің елімізде тиісті деңгейде деп айтуға болмайды. Бұл аурудың ерте кезеңдерде симптомсыз өтуі мүмкін екендігімен байланысты, немесе төмендегі спецификалық емес симптомдар арқылы көрініс табуы мүмкін:
-
Несеп шығуының қиындауы
-
Несеп шығуының жиілеуі
-
Несепті ұстай алмау
-
Несепті жиі шығарғысы келуі
Өкінішке қарай, біздің менталитеттің бір ерекшелігі адамдардың мамандандырылған медициналық көмекке өмір сапасында қиындықтар тудыратын анық симптомдар пайда болғанда ғана жүгінуінде. Бұл бекер, өйткені статистика өзгермейді! Қуықасты безі қатерлі ісігі ер адамдар арасындағы қатерлі ісікпен байланысты өлімнің шамамен 10% құрайды және егде жастағы ер адамдар өлімінің басты себебі болып табылады. 60 жастан асқан ер адамдарда бұл ең жиі кездесетін қатерлі жаңа өскін. 1999 жылдан 2009 жылға дейінгі кезең аралығында қуықасты безі қатерлі ісігімен ауыру көрсеткіші 2,8 есе өскен (қатерлі жаңа өскіндер арасында бірінші орын).
Дамыған елдерде еркектер 45 жастан асқанда қуықасты безі қатерлі ісігін ерте диагностикалауға арналған талдауларды жүйелі түрде тапсыратынын атап өту қажет.
«Қуықасты безінің ісігі» диагнозын дәл қою үшін биопсия өткізу міндетті болып саналады.
Диагностиканың бұл әдісін тағайындауға көрсетім қуықасты безі қатерлі ісігінің маркері болып табылатын простата-спецификалық антиген (ПСА) сияқты заттың қандағы деңгейінің көтерілуі болып табылады. Дегенмен биопсия жеңіл емшара емес, одан болатын асқынуларға инфекцияның таралуы, несеп жолына немесе қуыққа қан құйылуы жатады.
Сонымен бірге биопсиялардың 75% теріс нәтижеге ие болатыны анықталған, яғни ¾ жағдайларда бұл емшараны тағайындау негізсіз болып шықты. Бұл ПСА-ның диагностикалық спецификалылығының төмен болуымен байланысты және ПСА деңгейінің көтерілуі тек қатерлі ісіктер болғанда ғана емес, сондай-ақ қуықасты безінің басқа патологиялары болғанда да мүмкін екенін ескеру қажет. Осыған байланысты көп жағдайларда биопсияның тағайындалуын қарастырмауға мүмкіндік беретін анағұрлым спецификалық зерттеуді тағайындаудың қажеттілігі туады.
Бұл зерттеуге қуықасты безінің денсаулық индексін анықтау (PHI) жатады. Қуықасты безінің денсаулық индексі - адам ағзасында кездесетін простата-спецификалық антигенінің әртүрлі формалары болып табылатын жалпы және еркін ПСА, сонымен қатар 2 проПСА сияқты бірнеше көрсеткіштер негізінде қуықасты безі ісік ауруларының бар болу қаупін бағалайтын көп факторлы есептік көрсеткіш.
Қуықасты безінің денсаулық индексі - қуықасты безінің «керек емес» биопсиясын қатерлі ісіктерді өткізіп алмауға мүмкіндік бере отырып, жасамауға мүмкіндік беретін қуықасты безі ісігінің бар болуын бағалауға арналған анағұрлым спецификалық көрсеткіш!
«ОЛИМП» дербес зертханалар желісі қуықасты безінің денсаулық индексін анықтауды қате ықтималдығын «жоққа шығаратын» және жоғары диагностикалық дәлдікке жетуге мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары заманауи талдағыштарда орындайды.
Қуықасты безінің денсаулық индексін - биопсияның негізсіз тағайындалуынан құтылуға және қуықасты безінің қатерлі ісігін уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін спецификалық көрсеткіштің анықтамасын өткізу үшін Сіз «ОЛИМП» КДЗ бүкіл Қазақстан аумағында орналасқан 180 емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіне аласыз.