Токсокароз
ТОКСОКАРОЗ - адамға тән емес паразит - токсокарадан туындаған гельминтты ауру, адам аскаридасына - Тохосага тұқымдасының Аnisakidae тұқымдасының нематодына өте ұқсас келеді. Оның дернәсілінің диаметрі 0,02 мм.
Токсокардың екі түрі белгілі:
· Tocsocara canis - иттер тұқымдасының өкілдерін зақымдайтын гельминт (иттер, қасқырлар, түлкілер, арктикалық түлкілер),
· Tohosaga mystax (cati) - мысық тұқымдасының гельминті.
Әйтсе де, Тocsocara canis тудыратын токсокарозды адамдар да жұқтырды. Токсокар дернәсілінің адам ағзасына түсуі - "мекен-жайдан шатысу", паразит үшін өлім.болып есептеледі.
Кейбір авторлардың деректеріне сүйенсек, Ресейде токсокарозды жұқтырған балалардың саны 40-50% құрайды. АҚШ-та ауруларға қарсы күрес орталығы жыл сайын токсокароздың 700-1000 жағдайын тіркейді. Өкінішке орай, Қазақстан бойынша мұндай деректер жоқ.
Токсокароздың пайда болу ошақтары
Адамдар үшін инвазия ошағы - токсокар жұмыртқаларын нәжіспен шығаратын иттер, сондай-ақ жұмыртқамен бүлінген жануардың жүні. АҚШ-та ересек иттердің 20%-ы және күшіктердің 95%-ы осы гельминттерді жұқтырған, ал токсокар жұмыртқалары саябақтар мен аулалардың топырақ үлгілерінің 10-30%-нда кездеседі.
Токсокарозды жұқтырған адамдар инфекция ошағы саналмайды, өйткені токсокара үшін адам өзіне тән емес ие болып табылады және адам ағзасында қоздырғыштар жыныстық жетілу жағдайына жете алмайды.
Токсокарозды жұқтыру жолдары
Токсокароз қоздырғышының жануарлар арасында таралу механизмі:
- тікелей (қоршаған ортадан жұмыртқа арқылы жұқтыру),
- жатырішілік (ұрықтың плацента арқылы дернәсілдерден жұқтыруы),
- трансмаммарлы (дернәсілдердің сүтпен берілуі).
Адамдар үшін токсокароз қоздырғышының берілуінің негізгі себебі - топырақтың токсокар жұмыртқасымен зақымдануы және онымен байланыс болып табылады. Басқа да таралу факторлары:
- жануарлар жүні,
- зақымданған тамақ өнімдері,
- зақымданған су,
- қол жумау.
Адамдардың токсокарозды жұқтыру маусымы жыл бойы жүре береді, алайда жұқтырудың ең жоғарғы саны жазғы-күзгі мезгілге келеді, бұл кезде топырақтағы жұмыртқалардың саны және онымен байланыс барынша жоғары деңгейде, ал топырақтың температурасы мен ылғалдылығы олардың дамуына қолайлы орта жасайды.
Токсокарозбен зақымданудың қауіп-қатер тобына жататындар:
- топырақпен, құммен қарқынды байланыста болатын 3-5 жастағы балалар;
- ветеринарлар мен ит тәлімбағының қызметкерлері;
- көкөніс дүкендерінің сатушылары;
- үй телімінің, бақшалардың иелері;
- иттермен аң аулайтын адамдар.
Токсокароз қоздырғыштарының тіршілік ету формалары
Токсокардың инвазиялық жұмыртқаларының ішекке түскен кезінде адам ауруды жұқтырады. Жіңішке ішектің проксимальды бөлігінде жұмыртқадан дернәсілдер шығып, шырышты қабық арқылы қан ағымына түседі, содан кейін бауыр мен жүректің оң жартысына барып енеді.
Өкпе артериясына енген токсокар дернәсілдері қозғалуын жалғастырады және капиллярлардан өкпе венасына өтіп, жүректің сол жақ жартысына жетеді, содан кейін қанмен әртүрлі органдар мен тіндерге тарайды. Қозғалу арқылы олар тамырдың диаметрі өткізбейтін жерге жетеді және осы жерде токсокар дернәсілдері қан ағымын тастап, бауырда, өкпеде, жүректе, бүйректе, ұйқы безінде, мида, көзде және басқа мүшелер мен тіндерге барып орналасады.
Олар ұзақ уақыт бойы (айлар, жылдар) өміршеңдігін сақтайды. Тіндерге қонған токсокароз қоздырғышының дернәсілдері "мүлгіген" күйде болып, кейіннен қолайлы жағдайлар әсерінен жанданып, қозғалуын жалғастырады.
Уақыт өте келе дернәсілдердің бір бөлігі қапшықтанып, қапшық ішінде біртіндеп жойылады.
Адам ағзасындағы токсокароз қоздырғышының дернәсілі 10 жылға дейін өмір сүре алады.
Ересек токсокарлар иелерінің аш ішектерінде орналасады.
Tocsocara canis жыныстық жетілген ағзаның орташа өмір сүру ұзақтығы 4 ай, ең ұзағы - 6 ай. Tocsocara canis ұрғашысы тәулігіне 200 мыңнан астам жұмыртқа салады, олар қоршаған ортаға жетілмеген және жұқпалы емес болып шығады. Жұмыртқалардың жетілетін кезеңі қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты болады, ал топырақта олар ұзақ уақыт өміршеңдік пен зақымдау қабілетін сақтайды.
Токсокароздың белгілері
Токсокароз ауыр, ұзақ және қайталанатын ағыммен сипатталады (бірнеше айдан бірнеше жылға дейін), бұл токсокар дернәсілдерінің қозғалуының мезгіл-мезгіл қайта жандануымен байланысты. Токсокароздың клиникалық көріністері зақымданудың қарқындылығына, белгілі бір мүшелерде дернәсілдерінің таралуына, иесінің иммундық реакциясының дәрежесіне байланысты.
Басым белгілердің ішінде ерекше аталатындары:
- токсокароздың тері түрі,
- токсокароздың висцеральды түрі,
- токсокароздың неврологиялық түрі,
- токсокароздың көз формасы.
Токсокароздың тері түрі әсіресе дернәсілдердің қозғалуы кезінде терінің қызаруы мен қышуы, есекжем, ісіну, тіпті экземаға секілді әр түрлі аллергиялық реакциялармен көрінеді.
Висцеральды токсокароз көптеген дернәсілдерден зақымданғаннан бастап дамиды. Висцеральды токсокароз ересектерге қарағанда балаларға жиі әсер етеді. Негізгі белгілері:
- қайталанатын қызу,
- өкпе синдромы (құрғақ жөтел, түнгі жөтел ұстау, астматикалық тыныс алу және цианозбен ауыр ентігу),
- бауырдың көлемінің ұлғаюы,
- іш ауруы синдромы (іш ауыруы және іштің кебуі, жүрек айну, кейде құсу, іш өту),
- лимфа бездерінің қабынуы,
- эозинофилдердің қанда көбеюі, гипергаммаглобулинемия.
Көптеген нейропсихологиялық тексерулердің нәтижелеріне сәйкес Нью-Йоркте өткізілген балаларды зерттеу токсокардан зақым алған балалардың қимыл және танымдық қызметтері сау балалардікінен айтарлықтай ауытқулары бар екенін көрсетті. Бұл токсокароздың неврологиялық түрін ерекшелеуге мүмкіндік берді. Токсокар дернәсілдерінің миға ауысуы кезінде әртүрлі неврологиялық бұзылулар түрінде орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері анықталады, олар мінез-құлықтың өзгеруінен көрінеді:
- жоғары белсенділік,
- оқу кезіндегі қиыншылық,
- зейіннің бұзылуы.
Көз токсокарозын дернәсілдердің аз мөлшерінің адам ағзасын зақымдауымен байланыстырады. Аурудың барысы - бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Клиникалық түрде көздің токсокарозы келесідей белгілерден көрінеді:
- қыли көзділік,
- көру қабілетінің төмендеуі,
- лейкокория,
- шыны тәріздес денедегі іріңді ісік,
- көру жүйкесінің невриті,
- кератит.
Іс жүзінде барлық жағдайда токсокароз тек бір көзді зақымдайды.
Токсокароздың ағзаға әсері
Адам ағзасына қоныстанған токсокароз қоздырғыштарының дернәсілдері тіндерге зақым келтіріп, қан кету, некроз, қабыну өзгерістерін алып келеді. Паразит адамға зиян келтіріп үлгеріп барып, өледі.
Көз жүйкесінің токсокара дернәсілінен зақымдануы бір көздің соқырлығына әкелуі мүмкін.
Висцеральды токсокароз кезінде асқынған және ауыр пневмонияның өліммен аяқталған жағдайлары белгілі.
Дернәсілдердің миокардқа және орталық жүйке жүйесінің қызметттік маңызды аймақтарына орналасуына қатысты токсокароз жағдайлары сипатталған.
Токсокароз кезінде кез-келген мүшеде және тіндерде (бауырда, өкпеде, ұйқы безінде, миокардта, лимфа түйіндерінде, мида) көптеген гранулемалар, олардың ортасында осы мүшені бұзатын некроз аймағы пайда болады.
Токсокарозды анықтау әдістері
Токсокараның орын ауыстыратын дернәсілдерін табу қиын, ал оларды гистологиялық қиықтарда анықтау сирек жүзеге асады. Сондықтан токсокарозды анықтаудың негізгі әдістері иммунологиялық анықтау болып табылады, өйткені токсокараға қарсы антиденелерді олардың паразиттенуінің дернәсіл сатысында да анықтауға болады.
Токсокароз диагнозы аурудың клиникалық көріністеріне, арнайы антитоксокарозды антиденелердің титрлеріне негізделген. Отбасында ит ұстау немесе иттермен тығыз байланыста болу токсокарозды жұқтырудың салыстырмалы түрде қаупі жоғары.
Жануарлардың жүніне аллергияның болуы токсокарлық зақымдауда да жиі кездеседі.
Көз токсокарозын анықтау қиын, өйткені арнайы антиденелер анықталмайды немесе төмен титрлерде анықталмайды, ал эозинофилдердің саны әдетте қалыпты болады немесе сәл көбейеді. Кейде офтальмологиялық зерттеуде дернәсілдер көз жүйкесі немесе макулярлы аймақта табылуы мүмкін.
Сіз "ОЛИМП" КДЗ желісінің кез-келген емдеу бөлмесінде токсокарозға тексеріле аласыз.
Негізгі белгілер (Tag):
Токсокароз паразитоз құрттар