Кері қайту

Дұрыс жаттық немесе лактат деңгейін неліктен білу керек

Спортпен белсенді түрде айналысатын адамдар кезекті жаттығудан кейін бұлшықеттері әлсізденіп, денелері оларды тыңдамаған кездері аз емес. Қарқынды физикалық жүктеме кезінде әлсіреп қалу бұлшықеттерде лактаттың жинала бастауымен байланысты (сүт қышқылы).

Оның деңгейі жоғары болғанда адам тез шаршайды және ауырады.

Дегенмен, заманауи мониторингтің арқасында спортшылар ағзасындағы сүт қышқылын критикалық белгіге жеткізбестен сапқа тез орала алады.

Қазіргі кездегі мониторингтің ең нәтижелі болып табылатын тәсілі қан талдауы.

Бүгінгі таңда лактат деңгейін өлшеу спортшыларды даярлаудың ажырамас элементіне айналды.

Лактат деңгейінің көрсетімдеріне сүйене отырып, спортшыны даярлауға арналған әдістемені дәл анықтауға, сонымен қатар әр нақты жаттығу сабағының қарқындылығын белгілеуге болады.

Бұл ағзаның қышқылдануының басталған сәті мен деңгейін анықтауға көмектесетін диагностиканың аса маңызды бөлігі. Жаттығулар қарқындылығының лактат деңгейімен анық өзара байланысы бар: спортшы неғұрлым жоғары деңгейде жаттыққан болса, оның қандағы деңгейі соғұрлым төмен болады.

Сонымен «лактат» деген не? Кез келген физикалық жүктемеде біздің бұлшықеттеріміз оттегіні белсенді түрде сіңіреді. Бұлшықеттердің қарқынды жиырылуы жергілікті қан ағысының баяулауына және оттегі түсуінің бұғаттамасына әкеледі.

Бұл іс жүзінде оттегілік ашығуды білдіреді.

Нәтижесінде бұлшықеттер жаңа қуат көздерін іздейді – оларда оттегісіз АТФ өндіріле бастайды (нуклеотид, барлық биохимиялық үдерістерге арналған әмбебап қуат көзі). Бұлшықеттердегі гликоген қуаттың анаэробты тәртіптемеде өндірілуіне ат салысады. Бірақ қуаттың осылай шығарылуының нәтижесінде бұлшықеттерде жиналатын лактат немесе сүт қышқылы өндіріледі.

Бұның бәрі ұсақ-түйек сияқты көрінеді, дегенмен бұның ағзаның улануына әкелетінін барлығы біле бермейді.

Осыған байланысты қандағы лактат деңгейін өлшеп отыру қажет. Ол төмендегілерді анықтауға көмектеседі:

• Жаттығу бағдарламаларын орындаудың нәтижелілігі, шыңдық жүктемелер мен қалпына келу уақыты;

• Майларды басым пайдаланатын («жағатын») жүктемелердің қарқындылығы;

• Қаңқа бұлшықеттері жұмысының бірқатар жеке ерекшеліктері;

• Шаршау қаупін төмендету және жұмысқа қабілеттілік шегін көбейту.

Қандағы лактат деңгейін жүйелі түрде анықтау жаттықтырушылар, фитнес нұсқаушылары, бодибилдерлер, футболисттер, атлеттер мен басқа спортшыларға ұсынылады.

 «ОЛИМП» дербес зертханалар желісі қандағы лактат деңгейін қателер ықтималдығын «жоққа шығаратын» және жоғары диагностикалық дәлдікке жетуге мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары заманауи талдағыштарда орындайды.