Кері қайту

Трихинеллез

Трихинеллёз - Trichinella spiralis және т.б. тудыратын паразиттік ауру. Адамның инфекциясы шикі немесе термиялық өңделмеген шошқа еті, сондай-ақ трихинелламен зақымдалған жабайы жануарлардың: қабан, аю және т.б. етін жеген кезде пайда болуы мүмкін. Иттің еті адам үшін жұқпалы аурудың көзі бола алады. Қазақстанда алақол адамдар дайындаған кәуап түріндегі ит етінің тағамға түсуіне байланысты мезгіл-мезгіл трихинеллездің өршуі байқалады.

Зарарлы етті жеген сәттен бастап инкубациялық (жасырын) кезең бір аптадан бір айға дейін жалғасуы мүмкін. Трихинелла дернәсілдері тамақ арқылы ішекке еніп, бүкіл ағза бойымен орнын ауыстыра алады, нәтижесінде дене қызуы көтеріледі, бас айналады және бұлшықет ауыруы пайда болады. Көбінесе беттің әсіресе қабақтың ісінуі, және әртүрлі аллергиялық бөртпелер қатар байқалады. Ауыр түрлерінде дернәсілдер миға әсер етіп, құрысулар, галлюцинациялар, көру қабілетінің бұзылуын әкеліп соқтыруы мүмкін.  Өлімге әкелуі мүмкін жағдайлар да аз емес.

Трихинеллезді анықтау аурудың клиникалық көрінісіне және трихинеллаларға қарсы қандағы антиденелерді анықтайтын иммуноферменттік талдауға – ИФТ-ға негізделеді. Бұл әдіс ең сенімді әдістердің бірі болып табылады және ауруды ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Трихинеллезді ИФТ-анықтау әдісі "ОЛИМП"КДЛ желісінің барлық емдеу кабинеттерінде жүргізіледі.

Негізгі белгілер (Tag):

Трихинеллез паразиттер гельминттер