"ОЛИМП" КДЗ-дағы УДЗ және ЭКГ
Мінсіз диагностиканың формуласы бар ма? Әрине! Бұл науқасты клиникалық тексерудің, зертханалық және аспаптық диагностика әдістерінің үйлесімі.
"ОЛИМП" КДЗ желісі біздің клиенттерімізге уақытарын үнемдей отырып, өз денсаулығы туралы барынша анық ақпарат алуға мүмкіндік беру үшін өзінің диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді! Енді "ОЛИМП" КДЗ емдеу бөлмелерінде тек әлемдік деңгейдегі зертханалық диагностика ғана емес, сонымен қатар УДЗ-диагностика, АҚТМ (Артериялық қысымды тәуліктік мониторлау), және де электрокардиографикалық зерттеу – ЭКГ мен холтерлік мониторлау қолжетімді.
"ОЛИМП" КДЗ-да ультрадыбыстық және ЭКГ-диагностикадан өтудің артықшылықтары қандай?
-
Уақытты айтарлықтай үнемдеу: бір емдеу бөлмесінде сапалы зертханалық және аспаптық диагностика
-
Тек білікті мамандардың зерттеу жүргізуі
-
Науқас нәтижелерін электронды тасымалдаушыларға жазу мүмкіндігі
-
Ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі кезінде суретті қазіргі уақыт режимінде үлкен экранда көру мүмкіндігі
-
Қуысішілік зерттеулерге арналған сапалы гипоаллергенді шығын материалы, бір реттік электродтар
-
Заманауи SonoScape ультрадыбыстық аппараты жанама эхогендік шуды басады және жалған оң нәтижелердің ықтималдығын азайтады
-
ЭКГ-ң 12 бөлімін, күретамырлы қысымды, науқастың қозғалысы және дене қалпын, сондай-ақ пневмограммасын (тыныс алу актін тіркеу) бір мезгілді толық тәуліктік тіркеу.
-
Науқас күнделігін сенсорлық экран құрылғысында жүргізу
-
Жабдықтың тасымалдануы (шамамен 150 грамм)
АҚТМ деген не?
Артериялық қысымды тәуліктік мониторлау (АҚТМ) – артериялық гипертензиямен ауыратын барлық науқастар үшін ажырамас диагностикалық процедура. АҚТМ тәуліктік артериялық қысымның (АҚ) тербелістерін анықтайды, ол жүрек қан тамырлар ауруының ауырлығын бағалауға ғана емес, сонымен қатар жеке терапия курсын таңдауға, және де қысымның көтерілуінің бастапқы факторларын анықтауға мүмкіндік береді.
АҚТМ тағайындауға арнайы көрсеткіш:
Артериалды гипертензия диагностикасы (жоғары артериялық қысым):
-
АГ шектік формасы. Систолалық ("жоғарғы") қысым 140 мм сын. бағ аспайды
-
«Ақ халат» феноменін жою. Дәрігерлер мен медициналық процедуралардан қорқу салдарынан қан қысымының жоғарылауы мүмкін
-
Симптоматикалық сипаттағы АГ диагностикасы. АҚ-тың көтерілуі басты себебі жүрек паталогиясынан емес, басқа аурулардан, мысалға бүйрек үсті безі ісіктері.
-
Аралас жүрек патологиясы бар АҚ науқастарын тексеру.
-
Түнгі апноэ синдромы бар науқастарды тексеру. Тән симптом – ұйқы кезіндегі қорылдауда тыныс алудың уақытша тоқтауы және кейін кенеттен қайта қорылдауы
-
Артериалық гипертензиясымен ауыр тұқым қуалаушылығы бар жастарды тексеру
Артериалды гипертензия диагностикасы (төмен артериялық қысым):
-
Созылмалы конституциялық («қазіргі») гипотония
-
Ортостатикалық гипотензия: дене позициясының күрт өзгеруімен қысымның төмендеуі
-
Естен тану (синкопальды) жай-күйі
Дәрілік емді бақылау:
-
Дәрілік емнің қажеттілігі туралы сұрақты шешу
-
Фармакотерапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау
-
Дәрілік емге төзімділікті бағалау
-
Хронофармакологиины ескере отырып оңтайлы емдеу режимін таңдау
Холтер мониторингі ("Холтер") дегеніміз не?
Холтерлік мониторлау (ХМ) – бұл тәулік бойы электрокардиограмманы (ЭКГ) бірнеше рет жазуға мүмкіндік беретін кардиологиядағы функционалдық диагностиканың ең танымал әдісі, сонымен қатар науқасты өмірдің әдеттегі ырғағынан үзбейді. ЭКГ – бұл жүрек ырғағын зерттеуге арналған әдіс. Холтер емдеуге жатқызуды қажет етпейді, электродтарды бекіту және белгілі бір режимде ЭКГ жазуға бағдарламаланған белбеуге тасымалды кардиографты іліп қою ғана жеткілікті. Зерттеу аяқталғаннан кейін, құрылғыдан қабылданған деректер компьютерге жүктеліп, талдау жасалады. ХМ-ң негізгі артықшылықтары– бұл стресстік жағдай кезінде немесе физикалық белсенділік кезінде ырғақ бұзылыстарын жазу мүмкіндігі, бұл бір реттік ЭКГ жазбасы жағдайында мүмкін емес. ХМ өткізілу кезінде науқасқа оның жүрек жұмысына әсер ете алатын күні бойы өткен барлық оқиғаларды уақытымен көрсетіп жазу қажет: дәрі қабылдау, баспалдақпен көтерілу, эмоционалдық күйзеліс, көлікпен саяхат, ұйқы.
ХМ-ды тағайындауға арналған көрсеткіштер:
-
Стенокардия диагностикасы
-
Жүрек ырғағын дұрыс бағалау
-
"Жасырын" аритмия диагностикасы
-
Кенеттен жүрек соғысының жоғарылауына шағымдар («жүрек ырғағын сезу»)
-
Естен тану немесе белгісіз себеппен бас айналуға шағымдар
-
Кеудедегі қайта-қайта "түсініксіз " ауырсыну
-
Кенеттен ентігу, ауа жетіспеушілігі сезімі
-
Оң велоэргометрикалық сынама («велосипед жаттығу құрылғысындағы ЭКГ жазбасы»)
-
Аритмияны емдеудің тиімділігін бақылау және емдеу тактикасын таңдау
-
Коронарлық жеткіліксіздікті хирургиялық емдеудің тиімділігін бағалау
*Аймағыңыздағы функционалды диагностика мүмкіндігі бар емдеу бөлмелерінің мекен-жайларын біліңіз
Негізгі белгілер (Tag):
УДЗ ЭКГ ХОЛТЕР КДЗ-де АҚТМ