Кері қайту

Көктемгі аллергия: тиімді емдеу

Қайың тозаңы – ағаштар тозаңына аллергиясы бар пациенттердің аллергиясының кең таралуының себебі.

Қайың өзін жеткілікті мөлшерде ылғалдылық, жылу мен жарық алатын қоңыржай климатта ең жақсы сезінеді. Қайыңның гүлденуі әдетте көктемнің екінші жартысына келеді. Нақты осы кезеңде аллергиктерде аллергия симптомдары болуы мүмкін.

Қайың тозаңы бір ғана аллергеннен тұрмайды, негізгі аллерген Bet v 1-мен бірге біздің ағзамыздағы иммуноглобулин E (IgE) байланыса алатын минор аллергендер Bet v 2, Bet v 3, Bet v 4, Bet v 6, Bet v 7, Bet v 8-ден тұрады. Осылардың әрқайсысын жеке алып қарайық. 

Bet v 1

Бұл аллерген қайың тозаңының негізгі компоненті болып табылады және 90% қайың тозаңына аллергиясы бар адамдарда аллергия тудырады.

Аллерген PR-10 деп аталатын ақуыздар тобына жатады. Қызықтысы осы топтағы ақуыздар (PR-10) басқа ағаштардың тозаңдарында, әртүрлі жемістерде, көкөністерде, жаңғақтар мен бұршақ тұқымдастардың құрамында кездеседі. PR-10 тобының әртүрлі ақуыздары арасындағы туысқандықтың жоғары болуына байланысты иммундық жүйе бұл ақуыздарды бір деп санауы мүмкін және осыдан тоғыспалы реактивтілік реакциялары пайда болады.

Сонымен PR-10 қандыағаш, шамшат, қызыл қайың, орманжаңғақ, талшын және емен тозаңында болады. Бұл симптомдардың тек қана қайыңның гүлдену кезеңінде ғана пайда болуына емес, сонымен бірге осы ағаштар тозаңына аллергияның болуына байланысты симптомдар уақытын да ұзартуға себеп болады.

Қайың тозаңына аллергиясы бар 70%-ға жуық пациент қайың тозаңы аллергендері мен тағамдық аллергендер арасындағы тоғыспалы реактивтілік себебінен тағамдық аллергияның симптомдарын сезінеді. Bet v 1-мен тоғыспалы реакцияға түсетін тағамдық аллергендер - алма (Mal d 1), киви (Act d 8), шабдалы (Pru p 1), алмұрт (Pyr c 1), құлпынай (Fra a 1), өрік (Pru ar 1), шие (Pru av 1), орман жаңғағы (фундук) (Cor a 1), жержаңғақ (Ara h 8), соя (Gly m 4), балдыркөк (Api g 1) және сәбіз (Dau c 1) (37, 38).

PR-10 есебінен болатын тағамдық аллергияның негізгі синдромы - ауыз қуысының аллергиялық синдромы. Ол ауыз қуысының қышуымен, еріннің, тілдің немесе көмейдің ісуімен, тамағында тас тұрғандай сезіну және ауыз қуысымен байланысты басқа симптомдармен сипатталады.

Бұл ақуыздардың маңызды қасиеті олардың термолабильді болуы. Бұл қайнату немесе басқа жылумен өңдеу кезінде ақуыз өзінің аллергиялық қасиеттерін жоғалтады деген сөз. Сонымен қатар жылумен өңделген өнім (қайнату, қуыру, пісіру) оны қауіпсіз етеді дегенді білдіреді.

Оған қоса, ақуыз өзінің аллергендік қасиеттерін асқазандағы тұз қышқылымен және

асқазан-ішек жолының ас қорыту ферменттерімен байланысқа түскенде жоғалтады. Сондықтан ақуыз жүйелі аллергиялық реакцияларды да тудырмайды.

Тағы да бір нәрсені білу өте маңызды.

Аллергия симптомдарының алдын алуға бағытталған поллинозды емдеу аллерген-спецификалық иммунотерапия (АСИТ) деп аталады. Және терапияда қолданылатын дәрілер Bet v 1 аллергенінен тұрады. Басқа аллергендер дәрінің құрамында тек қана қоспа ретінде болады.

Терапияның көмегі болатынын немесе болмайтынын түсіну үшін нақты осы ақуызға қарсы IgE анықтау пайдаланылады. Bet v 1-ге IgE. Бұл ақуызға аллергия болған жағдайда АСИТ көмектеседі, ал болмаса онда нәтижесі шамалы болады.

Сонымен Bet v 1 қайың тозаңының басты аллергені бойынша қорытынды жасайық. 

Егер Bet v 1-ге IgE оң болса

  • «-» бізде кейбір жемістер, көкөністер, жаңғақтар мен бұршақ тұқымдастарымен тоғыспалы тағамдық аллергияның даму ықтималдығы жоғары
  • «+» бізге АСИТ көмектеседі

Қайың тозаңының басқа да аллергендері бар. Мысалы, Bet v 2 және Bet v 4. Олар тозаңның барлығында және барлық өсімдік текті тамақ өнімдерінде болады, сонымен қатар поллиноз және тағамдық аллергия симптомдарын тудыра алады.

Бұл аллергендер жылумен өңдеу кезінде және асқазан-ішек жолы ферменттерінің ықпалымен тіпті оңай жойылады. Сондықтан жылумен өңделген күйінде қауіп төндірмейді және өнімді шикі күйінде пайдаланғанда да ауыр аллергиялық реакциялар тудырмайды.

Бірақ бұл аллергендер барлық өсімдіктердің тозаңында бар және ағаштар тозаңы мен мысалы, астық тұқымдастар немесе арамшөптер тозаңы арасында тоғыспалы реакция тудыруы мүмкін.

Осылайша біз Сіздермен қайың мен онымен туыстас ағаштар тозаңының аллергендері туралы түсінік қалыптастырдық.

ОЛИМП КДЗ зертханасы кез келген деңгейдегі қайың тозаңына аллергияны диагностикалауға қажет талдаулар спектрін ұсынады, тозаңнан оның молекулаларына дейін:

Өзіңіздің аллергияңыз туралы біліңіз және ауырмаңыз!