Тестостеронның әйелдердің салмағына әсері
Тестостерон дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
Тестостерон? Ал бұл еркек гормоны емес пе? Олай емес, ол тек еркектерге тән емес. Менопаузаға дейін әйелдердің аналық бездері тестостеронды да бөледі және егер оларды бірдей бірліктермен салыстыратын болсақ, жалпы алғанда, біздің ағзамыз эстрогенге қарағанда тестостеронды көп бөледі. Менопауза жақындаған кезде, ағзада гормондар өндірімі төмендеген сайын, әйелдер әдеттегі тестостеронның орта есеппен 50%-дан астамын жоғалтады. Тестостерон андрогендер деп аталатын гормондар тобына жатады, грек тілінен аударғанда" андрос", "еркек сияқты" дегенді білдіреді. Барлық андрогендер әйелдерде холестериннен аналық бездермен, еркектерде аталық бездермен, сонымен қоса, ерлерде де, әйелдерде де аз мөлшерде болса да бүйрек үсті бездерімен синтезделеді. Андрогендер ағзадағы май тінінде, бұлшықеттерде, бауырда, теріде және мида химиялық "құрылысшы блоктардан" (немесе "бұрынғы" молекулалардан) жасалады. Сондықтан, өте толық әйелдерде андроген деңгейі жоғары болады, бұл кейіннен салмаққа теріс ықпал етуі мүмкін. Алайда, аналық бездер мен бүйрек үсті бездерінде бұл "бұрынғы" молекулалардың түрі өзгереді, сәйкесінше аналық бездер мен бүйрек үсті бездері бірге, тікелей және жанама түрде әйел ағзасында тестостерон өндіруге жауапты.
Әйелдерге тестостерон қажет: бұл ерлер мен әйелдердің миындағы жыныстық рецепторларды жандандыратын және қалыпты жыныстық қатынасты қоздыратын гормон. Бұл гормон ағзадағы май мен бұлшықет массасының арақатынасын реттеуде маңызды болып табылады ма? Бұл қызықты гормон, әсіресе жиналған майды азайтуда және бұлшықетті күшейтуде әйелдің ағзасына көптеген жағымды әсері бар. Сол себепті тестостерон анаболикалық гормон деп аталады - ол майды пайдаланып, оны энергияға айналдырады да, бұлшықет пен сүйек тіндерінің күшейюіне себепші болады. Есіңізде болсын, бұлшықет - бұл май кетіретін ең жақсы "машина", сондықтан егер сіз үлкейген сайын салмақ жинасаңыз, оны тоқтатудың бір жолы - бұлшықет құрылымын жақсарту. Демек, гормондардың деңгейін тексеріңіз!
Гормоналды кремдерді сатушылар шығарған жалған сенім бар, оларды сатып алуға рецепт қажет емес, бұл кремдерді қолдану арқылы сіз ағзаны "құрылысшы блоктармен" қамтамасыз етесіз, олар прогестеронның негізінде тестостерон мен эстроген бөледі. Бұл өтірік! Бұл үдеріске ферменттер мен реакциялар қажет, ол үдеріс тек әйелдің жұмыс істеп тұрған аналық безінде және ер адамның аталық безінде жүреді. Егер сізде климакс болса, сізге гистерэктомия немесе жатыр түтігінің лигатурасын жасалса немесе осы қызметтердің тоқтауына басқа факторлар әсер еткен болса, онда сізде прогестеронды тестостерон мен эстрадиолға айналдыратын жүйе жоқ. Сіздің ағзаңызда прогестерон көп жиналады да, ал ол тестостеронға айнала алмайды.
Аналық бездердің тестостерон өндіруінің тоқтауы менопаузамен қатар болмайды, әйтсе де біздің көпшілігіміз солай деп білеміз. Тіпті климакс басталмастан бұрын әйелдердің бүйрек үсті бездері андроген өндірісін 50%-ға азайтады, ал аналық бездер шығаратын тестостерон біртіндеп ағзаға енуін тоқтатады. Климакстан соң тестостеронның белсенді түрінің төмендеуінің себептерінің бірі - аналық бездер гормондарды бөлуді тоқтатқан кезде "блок" молекула 50%-ға азаяды. Осылайша аналық бездер шығарып тұратын "блоктар", сондай-ақ бүкіл үдерісті жүзеге асыратын аналық без ферменттері жоғалады. Көптеген дәрігерлер аналық бездегі "блоктар" мен ферменттердің өмір сүруін тоқтатуы себебінен, эстроген бөлінуінің төмендеуі тестостерон бөлінуінің төмендеуіне әкелетінін түсінбейді,
Жыныстық құмарту мен қозу қабілеті айтарлықтай төмендейтінін айтпағанда, бұл өзгерістер сіздің бұлшықет массаңызды жоғалта бастағаныңызды және етеккірдің тоқтауынан бірнеше жыл бұрын ағзаның салмақ жинайтынын білдіреді. Қазіргі таңда әйелдер аналық без гормондарының бөлінуі тоқтағаннан кейін тағы 30-40 жыл өмір сүреді, яғни, метаболизмге өте қажетті гормондарсыз өмір сүру әлі ұзаққа жалғасады. Тестостерон мөлшерінің жартысымен ғана өмір сүргісі келетін ер адам туралы біреу естіп көрді ме?
Егер ағзада гормондардың климактерийлік кезеңіне ауысқаннан бұрын аналық безді алып тастау гистерэктомиясы жасалған болса, онда одан бетер сұмдық өзгерістер күтіп тұр. Қандағы тестостерон мөлшері отадан 24-48 сағаттан кейін едәуір азаяды. Тестостерон бөлуге немесе DГЭА-ны тестостеронға тиімді айналдыратын аналық бездер болмауынан, күш беретін гормонның күрт жетіспеушілігі басталады. Ағза үшін бұл үлкен шок және әйелдердің гистерэктомиядан кейін артық салмақ қосуының тағы бір себебі.
Аналық бездер орнында қалып, отыз жаста гистерэктомия жасалған болса да, әйелдердің 60-70%-ында отадан 3-4 жыл өткен соң гормонның климактерийлік деңгейге дейін төмендеуі байқалады. Егер сізге 34 жаста ота жасаса және аналық бездер 50 жасқа дейін жақсы жұмыс істейді деп ойласаңыз (немесе сізге солай айтылса), бұл статистика ерекше шошытады! Жатырды алып тастағаннан кейінгі гормонның осылай тез құлдырауы ота кезінде жатыр артериясының қиылуы және қысылуы нәтижесінде аналық безге қан ағымының әлсіреуінен деп есептеледі.
Сонымен қатар, егер сіз эстрогендік терапияны қолдана бастаған болсаңыз, еркін, биологиялық белсенді тестостерон мөлшері одан әрі азая түседі, себебі эстроген тестостерон молекулаларының көпшілігін байланыстыратын жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулиннің (ЖГБГ) бөлінуін арттырады. Бұл гистерэктомиядан кейін әйелдердің бұлшықет массасын жоғалтуының, толықтауының, жыныстық құмартуы мен күшін жоғалтуының себептерінің бірі. Олар бұл отаның салдары деп түсінеді, алайда, оның негізгі себебі хирургиялық әрекетте емес. Отаға дейін болған гормондардың деңгейін толтыру үшін эстрадиол мен тестостероннан тұратын құрамы сәйкес қоспалар қажет.
Дәрігерлер әйелдерге тестостерон маңызды емес деп ойлап үйренген және көбісі бұл гормонды тағайындау керектігіне әлі де сенбейді, сол себепті де әйелдерді тестостеронмен емдеуді қолдану мәселесі салыстырмалы түрде жаңа мәселе болып табылады. Әйел ағзасындағы белсенді андрогендердің мөлшері, әрине, ер адамдардікіне қарағанда әлдеқайда төмен, бірақ та олар әйелдерде өмірлік маңызды қызметтерді сақтау үшін өте маңызды. Қуанышымызға орай, бүгінгі күні әйелдер тестостерон және DГЭA сияқты андрогендердің маңыздылығын біледі және дәрігерлерден олардың құрамын қалай өлшеу керектігі және ағзада жиналған артық заттарды қалай кетіру керектігі жайлы қосымша ақпарат беруін сұрайды.
Тестостерон сіздің салмағыңызға қалай әсер етеді?
Бастапқыда тестостерон ерлер мен әйелдердегі жыныстық тартымдылықпен (либидо) байланысты болды, әйтсе де, ол ағзаның барлық жүйелеріне, соның ішінде оның жиналу аймақтарындағы май құрамына бірқатар басқа әсер етеді. Климактерийлік жаста гормоналды баланстың өзгеруі әр түрлі формада болуы мүмкін, бірақ олардың ішіндегі екеуі ең маңызды болып табылады, өйткені олар тестостеронның бөлінуіне әсер етеді: эстрадиолдың төмендеуі және тестостерон мөлшеріне қатысты эстронның жоғарылауы. Нәтижесінде - тестостеронның әсері өте айқын көрінеді: бұл гормонның "еркектік" әсері майдың таралуы, бұлшықет массасы, беттегі түктің өсуі, дауысқа әсерінен, жыныстық құмарту мен белсенділік деңгейінен байқалады.
Үлкейген жаста эстрадиол деңгейінің төмендеуі ЖГБГ-ның төмендеуіне әкеледі. Бұл тасымалдаушы ақуыз жыныстық гормондарды байланыстыратындықтан, олардың азаюы қазір қандағы андрогендердің көп мөлшері еркін немесе биологиялық белсенді күйде екенін білдіреді. Қырыққа жеткен шақта тестостерон мен ДГЭА деңгейі төмендегенде, оның көп бөлігі белсенді (еркін) күйде қалады, бірақ эстрадиолдың аз мөлшері оның "әйелдік" әсерін көрсетеді: сол себепті "алмұрт тәрізді" (әйелдік) пішін "алма тәрізді" (еркектік) пішінге өзгереді, яғни, белде көбірек май жиналады, бетте көбірек түк пайда болады да, бастағы шаш түсе бастайды. Бұл белдегі майды кетіру үшін ерік-жігер жетіспейді дегенді білдірмейді; тек гормондардың қатынасы ағза пайдасына әрекет етпейді.
Эстрадиол өндіруді тоқтатқанда, бүйрек үсті бездері шығаратын андрогендердің Үстемдігі әйел денесінде одан да үлкен теріс метаболикалық өзгерістерді тудырады: қан қысымының жоғарылауы, жалпы холестерин деңгейі, HDL ("жақсы") холестерин деңгейінің төмендеуі және LDL ("жаман") холестерин, инсулин және кортизолдың жоғарылауы. Осы өзгерістердің барлығы 35 жастан астан әйелдерде жүрек ауруы, гипертония және қант диабеті қаупінің жоғарылауына ықпал етеді.
Басында дәрігерлер тестостеронды холестерин деңгейіне теріс әсер етеді деп есептеді. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, тестостерон төмен қан қысымы жағдайында қан тамырларының кеңеюі сияқты механизмдердің қалыпты жұмысын басқаруға көмектеседі, тек ол ағзаға қажетті эстрадиол мөлшерімен бірге түскенде ғана жүзеге асады. Егер бұл шарт орындалмаса, онда тестостерон мен ДГЭА қан тамырларының қабырғаларын тарылтатын (атеросклероз) тромбтардың пайда болуына жағдай жасайды . Егер андрогендер ағзаға эстрогенмен бірге енсе, онда олар қан тамырларының қабырғаларына түгелдей керісінше әсер етеді және холестерин тромбтарының пайда болуының алдын алады.
Әйелдің бүкіл өмірінде тестостерон бұлшықет массасының жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, бұл майды кетіретін керемет механизм. Тестостерон деңгейінің төмендеуі бұлшықеттің өсу қабілетін нашарлатады, аптасына бірнеше рет спортпен айналысудың бұл жерде септігі тимейді. Тестостеронның сүйек тінінің қалыптасуында және остеопороздың алдын алуда тіпті, қорғаныс сипатты эстрогеннен де маңызы жоғары, себебі әйелдерде эстроген үлкейген сайын азаяды. Оның үстіне, тестостерон дұрыс қуат деңгейін сақтауға көмектеседі. Бұл гормонның азаюы - "созылмалы шаршағандықтың" анықталмаған себептерінің бірі. Әйелдер созылмалы шаршағандық синдромының себептерін анықтау үшін және одан арылу үшін көптеген кешенді медициналық тексерулерден өтіп, талдаулар мен емдеуге жүздеген, тіпті мыңдаған доллар жұмсады, алайда бірде бір рет тестостеронды тексеруге қан тапсырмады.
Тестостеронның бұлшықет тініне әсері
Климакс кезінде әйелдер эстрадиолды да, тестостеронды да жоғалтқан кезде, олар бұлшықет пен сүйек тінін ер адамдарға қарағанда тезірек жоғалтады, өйткені тестостерон деңгейі күрт және үлкен мәнге төмендейді. Тестостерон ер адамдарда көптеген жылдар бойы баяу жоғалады, сондықтан олар бұлшықет пен сүйек тіндерін әлдеқайда кеш және жай жоғалтады. Әйелдердің тестостеронды жоғалтуы кеуде аймағында майдың жиналуына ықпал жасайды, өйткені бұл гормон жаңа бұлшықеттердің қалыптасуына жауапты және олардың денсаулығы мен қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұлшықет тінінің жоғалуы метаболизмді баяулатады. Салмақ жиналады. Қартайған сайын зат алмасудың қарқындылығы мен бұлшықет саулығын сақтау үшін ағзада тестостеронның дұрыс мөлшері қажет! Алайда, оның эстрадиолмен тепе-теңдігін сақтау қажет, әйтпесе ішке артық килограммдар жиналады!
Тестостеронның миға әсері
Үлкейген жаста салмақты реттеуге қатысты тақырыпты неге қозғайтыным туралы бірнеше маңызды себеп бар. Тестостерон ерлер мен әйелдердің миындағы жыныстық рецепторларды жандандырып қана қоймай, сонымен қатар антидепрессант әсерін сыйлайды және көңіл-күйдің өзгеруіне ықпал етіп, өмірге разылышылықты арттырады. Тестостерон танымдық тапсырмаларды орындау қабілетін жақсартады. Ол қалыпты салмақты ұстап тұруда қажетті мидың химиялық қосылыстарының секрециясына қатысады! Кейбір әйелдердегі депрессия шын мәнісінде депрессия емес, ағзада жай тестостеронның тапшылығы болып шығады. Ал егер тестостерон деңгейі тым жоғары болса (ағзаның шамадан тыс секрециясына байланысты немесе оның құрамындағы қоспаларды шамадан тыс пайдалану салдарынан), әйелдерде ұйқы бұзылады, тым көп түс көреді тіпті, жаман түстер, ал кейбір түстерінде агрессия мен зорлық-зомбылық та болуы мүмкін ал, кейде тіпті жағымсыз, бірақ қатты жыныстық ұмтылыстар болып тұрады. Эстрадиолмен салыстырғанда артық тестостерон мөлшері тәбеттің жоғарылауына және белдің айналасындағы майдың жиналуына әкеледі. Мысалы, бұлшықетті өсіру кезінде тестостеронды шамадан тыс қолдану, ерлер мен әйелдерде әдеттен тыс мінез-құлық реакцияларын тудырады: шамадан тыс тітіркену, құбылмалы көңіл-күй және ашушаңдық, агрессиялық. Ағзада ДГЭA және "андро" (андростендион), басқа андрогендік стероидтардың деңгейі жоғарылағанда, ұқсас ауытқулар пайда болады. Шешімі гормоналды балансқа келіп тіреледі.
Егер сіз салмақ жоғалтқыңыз келсе, мидың мұндай әрекеттері сізге қалай әсер етеді? Терапевт сіздің шамадан тыс тамақтануыңыздың себебін депрессиядан көріп, күшіңізді және көңіл-күйіңізді қалпына келтіру үшін сізге трициклді антидепрессант тағайындайтынын еске түсіріңіз. Сонда, тестостерон сіздің табиғи антидепрессант гормоныңыз болып шығады. Негізінен мидағы норэпинефрин деңгейін жоғарылату арқылы ол миға айтарлықтай жандандырушы әсер береді, Бұл дезипрамин (норпрамин) және имипрамин (тофранил) сияқты трициклді антидепрессанттарды қолданғанмен бірдей. Бірақ бұл препараттарды қолданудың қиындығы - олар тәбетті арттырады және май жинайды. Антидепрессант тағайындамас бұрын біреу тестостерон деңгейін тексерді ме? Дәрі-дәрмектерге сеніп біз табиғи гормондар - тестостерон мен эстрадиолдың тыныштандыратын әсерін ұмытқан сияқтымыз! Бұл олардың майды кетіретін қабілетін айтпағанда!
Соңғы зерттеулер мыналарды анықтады: тестостеронның белгілі бір бағытта әрекет етуі үшін тиісті эстрадиол (эстроген) мөлшері болуы керек. Мидың тестостерон рецепторлары эстрадиолдың қатысуымен бөлінетінге ұқсайды. "Қозғалтқышты іске қосу" үшін жеткілікті эстроген болмаса, біздің денеміз бөлетін тестостерон да ми орталықтарында дұрыс қызмет ете алмайды. Сондықтан эстрадиолдың болуы маңызды - өйткені ол тестостеронның сәтті әсерін қамтамасыз етеді.
Тестостеронның ұйқыға әсері
Ұйқының бұзылуы артық салмақтың пайда болуына себепші болуы мүмкін, өйткені кортизолдың қалыпты бөлінуі бұзылып, инсулиннің бөлінуі артады. Эстрадиолдың төмендеуі жағдайындағы тестостеронның артық мөлшері ұйқының бұзылуын одан әрі күшейте алады, себебі тестостерон өте маңызды үдеткіш-гормон болып табылады. Ұйықтар алдында ер адамға немесе әйелге тестостерон берілсе, гормон ұйықтатпайды - ұйқы бөлінеді және адам зорлық-зомбылық немесе агрессия туралы мазалайтын түстер көреді. Содан кейін түні бойы біреумен күресіп шыққандай болып оянады. Мидың жұмысын жандандыратын тестостерон әсері ұйқының 4-ші кезңін бұзады, әсіресе әйелдердің ұйқысы бұзылады. Осы кезде бұлшықет тіндері өсуіне, қалпына келуіне, бұлшықет түзілуіне әсер ететін өсу гормоны бөлінеді. Егер 4-кезең тынышсыз өтсе, ағзадағы барлық тестостеронға қарамастан бұлшық еттер қалпына келмейді. Екі жыныс адамдар үшін де тестостеронды таңертең қабылдаған дұрыс, себебі күні бойы қажетті қуат қорын алады да, ұйқы бұзылмайды.
Егер ағзада тестостерон мөлшерінің көптігіне күдік болса не істеу керек?
Әйел ағзасындағы андрогендердің көп мөлшері ауыр ауруларға және бел аймағындағы майдың жиналуына әкеліп соғуы мүмкін. Егер ағзаңызда гормондардың мөлшері артық деп ойласаңыз, олардың деңгейін дұрыс өлшеу өте маңызды. Не нәрсеге назар аударған жөн? Кеуде аймағында майдың жиналуы, дене түгінің шамадан тыс өсуі, шаштың түсуі, безеу бөртпелері секілді осындай белгілердің бәрінде тестостерон, дегидротестостерон, ДГЭА, ДГЭA-C деңгейін тексеру қажет. Егер олардың мөлшері көп болса, себебін анықтау үшін ары қарай тексерулер өткізу қажет болады. Аналық бездің поликистозды синдромы немесе андроген бөлетін аналық безі немесе бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, сіз барлық гормоналды тексерулерді "ОЛИМП" КДЗ-ның кез-келген емдеу бөлмесінде өте аласыз. Қосымша айта кететін нәрсе, кейбір талдаулар қатаң түрде етеккір циклінің белгілі бір кезеңінде тапсырылады.
Негізгі белгілер (Tag):
тестостерон артық салмақ гормондар