Ревматоидтық артриттің ерте диагностикасындағы циклдік цитруллинді пептид антиденелерін (ЦЦПА, анти-ССР) зерттеудің мәні
Жаңа иммунологиялық әдістердің ішінде циклдік цитруллинді пептид антиденелерін (ЦЦПА) анықтау зор мәнге ие. Бұл әдіс қазіргі уақытта ревматоидтық артритті (РА) диагностикалау үшін ревматоидтық факторды анықтаудан кейін екінші стандартты иммунологиялық тест болып отыр. Бұл топтың бірінші өкілдері - антикератиндік антиденелер мен антиперинуклеарлы фактор өткен ғасырдың 60-шы жылдары сипатталып кеткен. Алайда циклдік цитруллинді пептид антиденелерін (ЦЦПА) анықтаудың ИФТ әдістерін жетілдіргеннен кейін ғана олар кең қолданысқа ие болды.
Бұл тестінің маңыздылығы төмендегілермен анықталады:
· сырқат басталардан 1 жыл бұрын қан сарысуында циклдік цитруллинді пептидке қарсы антиденелердің пайда болуы (сырқаттың ерте кезеңінде оның сезімталдығы 75% жетеді);
· ревматоидтық артрит үшін жеткілікті спецификалылығы (75-90%);
· ревматоидтық фактор бойынша серонегативті науқастарда ЦЦПА анықтау;
· ревматоидтық артриттің дамуын болжау үшін қолдану - ЦЦПА жоғары титрі сырқаттың анағұрлым ауыр ағымымен байланысты (нақтырақ айтқанда, буындардағы эрозивті өзгерістердің анағұрлым тез күшеюімен), сонымен қатар РА тұрақты түрдегі жоғары белсенділігімен де байланысты.
ЦЦПА анықтау Ревматоидтық артрит сияқты ауыр сырқаттың диагнозын анағұрлым сенімді түрде қоюға мүмкіндік береді.
Буындардың қабыну себебін неғұрлым ерте анықтаса, сырқаттың күшеюін тоқтату мен мүгедектіктің алдын алу мүмкіндіктері де соғұрлым көп.
ЦЦПА - бұл Ревматоидтық артритке жоғары спецификалылығы бар циклдік цитруллинді пептидке қарсы антиденелер. ЦЦПА сырқаттың өте ерте кезеңінде, тіпті артриттің клиникалық көріністері (ауырсынулар, ісінулер, буындардың қимылдамай қалуы және т.б.) басталардан 1 жыл бұрын пайда болады.
Сонымен бірге тест РА эрозивті және эрозивті емес формаларын ажыратуға мүмкіндік береді (сезімталдығы – 67-78%, спецификалылығы – 57-82%). Анти-CCP бойынша теріс нәтижелі пациенттерге қарағанда ЦЦПА нәтижесі оң пациенттерде үлкен дәрежеде шеміршектің зақымдалуы атап өтіледі. Серонегативті РА диагностикасы үшін пайдасы зор. РФ-мен бірлесе пайдаланғанда әдістің прогностикалық құндылығы артады. Бұл тест Ревматоидтық артритті дәнекер тіннің басқа ауруларынан ажыратуға мүмкіндік береді.
Ревматоидтық артритке халықтың 2% шалдыққан. Бұл буындардағы қабыну буындардың зақымдалуы, бұзылуы және қызметінің жоғалуына әкелетін, ең кең тараған аутоиммунды ауру. Өкінішке қарай емделмесе буындар деформациялары тез дамиды және ішкі мүшелер де зақымдалады. Бұндай пациенттерді емдеумен дәрігер-ревматологтар айналысады, әдетте пациенттер оларға аурудың асқынған кезеңдерінде түседі.
Ревматоидтық факторға теріс нәтиже болғанда және артриттің түсініксіз себебі сақталған кезде ЦЦПА анықтау әсіресе маңызды.
Ревматоидтық артриттің ерте диагностикасы және дұрыс емдеуді бірден бастау - буындар бұзылуының алдын алудың кепілі және белсенді көп жасауды ұзартудың кепілі.
Көрсетімдер:
· Ревматоидтық артритті ревматоидтық фактормен бірге ерте диагностикалаған дұрыс
· Ревматоидтық артриттің серонегативті формаларын диагностикалау (ревматоидтық фактор бойынша).
· Жақында дамыған ревматоидтық артрит кезінде прогностикалық мақсатпен.
Мәндердің жоғарылауы:
Ревматоидтық артрит (клиникалық сезімталдық – 70,6%, жалпы спецификалылығы – 98,2%);
Дәнекер тіннің басқа ауруларының кейбір жағдайларында, әсіресе ЖҚЖ (жүйелі қызыл жегі). Барлық құқықтар қорғалған © 2011