Қыркүйек акциясы! "Интимный Толық (+АИТВ, Мерез)" ПТР Профилі:
Қыркүйек акциясы! "Интимный Толық (+АИТВ, Мерез)" ПТР Профилі:
- Толық (+АИТВ, Мерез) 19 000, 30 980 орнына
Интимный профилі кеңінен таралған жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Толық профилі келесі талдаулардан тұрады:
- Гонорея (Соз) (Neisseria gonorrhoeae)
- Хламидиоз (Chlamydia trachomatis)
- Микоплазмоз (Mycoplasma genitalium)
- Уреаплазмоз (Ureaplasma species)
- Гарднереллез (Gardnerella vaginalis)
- Трихомониаз (Trichomonas vaginalis)
- Кандидоз (Candida albicans)
- Цитомегаловирус (CMV)
- I, II типті герпес (HSV I, II)
- Аитв
- Мерез
"Интимный толық" ПТР профилі жоқ қалалар:
- Қарағанды және обл.
- Ақтөбе және обл.
- Жезқазған және обл.
Алынатын материал:
- әйелдер - жағынды және қан
- еркектер - несеп/жағынды және қан
Гонорея (соз)
Гонорея (соз) - гонококктың (Neisseria gonorrhoeae) несеп-жыныстық жолына еніп, несеп-жыныстық жүйесі мүшелерінің шырышты қабықтарын зақымдауы салдарынан дамитын жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауру.
Гонореяның симптомдары:
- Несеп шығару кезінде ауыру және дызылдау.
- Үрпі немесе қынаптан сары, жасыл немесе ақ түсті болуы мүмкін бөліністер.
- Қуықты босату кезінде жағымсыздық және ауырсыну сезіну.
- Іштің астыңғы жағының ауруы.
Гонореяға (соз) талдау тапсыру неліктен маңызды?
Гонорея (соз) симптомсыз немесе жеңіл симптомдармен өтуі мүмкін. Сол себептен көптеген адамдар өздерінде инфекцияның бар екенін түсінбеуі мүмкін. Талдау аурудың анық белгілері болмаса да, гонококктардың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Гонококктық инфекциялардың (Гонорея, Соз) репродуктивті денсаулыққа және аналар мен жаңа туған балалардың денсаулығына тигізетін салдары ауыр болады, оның ішінде:
- АИТВ берілу деңгейінің бес есе жоғарылауы
- бедеулік
- әйелдерде іштің төменгі жағында жіті және созылмалы ауырсынуға әкелетін қабыну
- жатырдан тыс жүктілік және аналардың өлім-жітімі.
- бірінші триместрде жүктілікті тоқтату
- соқырлыққа әкелуі мүмкін ауыр неонаталдық көз инфекциялары
Хламидиоз
Хламидиоз – бұл қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде берілетін ауру. Тұрмыстық қатынас жолымен - ортақ гигиена заттары арқылы сирек жұғады. Оған қоса, жаңа туған балаларға босану жолдарынан өту кезінде хламидиоз жұқтыру қаупі төнеді.
Хламидиоздың симптомдары:
- Үрпі және қынап бөліністері
- Несеп шығару кезінде ауыру және дызылдау.
- Әйелдерде кейде іштің астыңғы жағында ауру және менструалдық бұзылыстар пайда болады
Ауруды жұқтырған адамдардың көбінде хламидиоз симптомсыз өтуі мүмкін екендігін атап өткен жөн, сондықтан инфекцияны диагностикалау үшін талдау тапсыру маңызды.
Неліктен хламидиозға талдау тапсыру маңызды?
Инфекцияның жасырын өтуі себебінен ауру созылмалы сипатқа ие болып, басқа да әртүрлі ағзаларға зақымын тигізеді. Осылайша хламидиозы бар пациенттерде конъюнктивит, пневмония,хламидиялық сипаттағы артрит дамуы мүмкін. Үрпінің қабынып ауруы, қуық түбі безінің қабынуы, цервициттер, бедеуліктің де басты себебі хламидиоз болып табылады.
Микоплазма
Микоплазма – молликуттар класына жататын грамтеріс бір жасушалы микроағза. Ол зең, вирустар және бактериялар арасында аралық орын алады.
Микоплазманың симптомдары:
- Жиі несеп шығару және іштің төменгі жағының ауруы (әйелдерде).
- Үрпі мен қынап бөліністері.
- Несеп шығару кезінде ауырсыну немесе жайсыздық сезіну.
Кейбір инфекцияны жұқтырған адамдарда микоплазма симптомсыз өтуі мүмкін.
Неліктен микоплазмозға талдау тапсыру маңызды?
Микоплазмоз несеп жолдары ауруы, әйелдерде жатырдың қосалқы мүшелерінің инфекциясы сияқты әртүрлі ауруларға, бедеулік және репродуктивті денсаулықтың басқа да мәселелеріне әкелуі мүмкін. Микоплазмоздың ерте көрінісі мен емделуі бұл салдардың алдын алуға көмектеседі.
Уреаплазма
Уреаплазма - жасушалардың мембраналарында тіршілік ететін паразиттенетін микроағза. Вирустар және бактериялар арасында аралық орында орналасқан.
Уреаплазманың симптомдары:
Уреаплазмамен сан алуан симптомдар ілесіп жүруі мүмкін, бірақ инфекцияны жұқтырған көптеген адамдарда ол симптомсыз өтуі мүмкін. Ықтимал симптомдар келесілерден тұрады:
- Үрпі және қынап бөліністері.
- Несеп шығару кезінде ауыру және дызылдау.
- Іштің төменгі жағының ауруы.
- Жиі несеп шығару.
- Жыныстық қатынас кезінде жағымсыз ауырсыну сезіну.
Симптомдардың болмауы инфекцияның жоқтығын білдірмейтінін есте сақтаған дұрыс, сондықтан инфекцияны анықтау үшін талдау тапсыру маңызды.
Неліктен уреаплазмозға талдау тапсыру маңызды?
Уреаплазмоз жүктілікке және жаңа туған балалардың денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Инфекция жүкті әйелдердің ерте босануына және басқа да салдарға әкелуі мүмкін.
Гарднерелла
Гарднерелла - бұл ұсақ, капсуласыз, қозғалмайтын, анаэробты актин сияқты таяқшалар. Ол қынаптың қалыпты микрофлорасының бөлігі болып табылады. Алайда бұл бактерияның деңгейі ерекше жоғары бола бастағанда, бұл вагиноз жағдайына әкелуі мүмкін.
Вагиноздың симптомдары:
- Жағымсыз иіс
- Сұр түсті болуы мүмкін қынаптық ұлғайған бөліністер.
- Қынап аймағындағы қышыма не жайсыздық.
Симптомдар Gardnerella vaginalis туғызған вагинозы бар әйелдердің барлығында болмайтынын атап кеткен жөн.
Неліктен Gardnerella vaginalis-ке талдау тапсыру маңызды?
Gardnerella vaginalis туғызған вагиноз ең алдымен репродуктивті мүшелердің денсаулығына, оның ішінде несеп жолдары инфекциялары қаупін арттыруы мүмкін. Бұл сонымен бірге жайсыздық пен жағымсыз симптомдар тудыра отырып, өмір сүру сапасына әсер етуі мүмкін.
Трихомонада
Трихомонада көптеген жыныстық аурулардың қоздырғышы болып табылатын паразиттік қарапайымдыларға жатады. Жыныстық жолмен берілетін барлық аурулардың ішінде трихомоноз үшінші орында.
Трихомониаздың симптомдары:
- Көбікті бөліністер
- Несеп шығару кезінде ауыру және жайсыздық
Симптомдардың инфекция жұқтырған адамдардың бәрінде болмайтынын атап кеткен дұрыс, сондықтан инфекцияны анықтау үшін талдау тапсыру маңызды.
Неліктен трихомониазға талдау тапсыру маңызды?
Трихомониаз қатаң асқынулар тудырмайды, бірақ басқа жыныстық инфекцияларды жұқтыру қаупін арттыратын фактор ретінде қызмет етеді.
Ол өздігінен қабыну үдерістеріне әкелуі мүмкін (уретрит, цервицит, вагинит).
Кандидоз
Кандидоз – Candida тұқымына жататын ашытқы сияқты зең тудыратын ауру. Бұл тұқымдас зең барынша дені сау адамдардың ауыз қуысы, қынап және де жуан ішектерінің қалыпты микрофлорасының құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда белгілі шарттарда бұл зеңдердің пайыздық мөлшері артады және де бұл нәтижесінде кандидоздың дамуына әкеледі.
Кандидоздың симптомдары:
- Жыныстық мүшелер аймағында қышыма немесе дызылдау
- Мол қынаптық бөліністер
- Несеп шығару кезінде ауыру және жайсыздық
Неліктен Кандидозға талдау тапсыру маңызды?
Кандидозды ең алдымен Candida albicans, Candida тұқымына жататын зеңдер тудырады. Бұл инфекция интимдік аймақтағы дызылдау, бөліністер, жайсыздық сияқты симптомдармен өтуі мүмкін. Кандидозға талдау тапсыру инфекцияны болдырмауға және жете емделуде маңызды болып табылатын Candida-ның нақты түрін анықтауға көмектеседі.
Цитомегаловирус
Цитомегаловирус "жасушалардың өлшемін ұлғайтатын вирус" (Cytomegalovirus hominis) - герпес вирустары отбасына жатады, ДНҚ-н тұратын вирус. Оппортунистік инфекцияға жатады, яғни ауруды тек қана оған жағымды жағдайларда тудыратын (иммунитеттің төмендеуі). Вирус ағзада ұзақ жылдар бойы жасырын күйде өмір сүруге қабілетті және өзін ең қолайсыз уақытта көрсетеді. Цитомегаловирустың симптомдары:
ЦМВ жұқтырған көп адамдарда ауру симптомсыз өтеді. Алайда кейбір инфекция жұқтырған адамдарда келесі симптомдар болуы мүмкін:
- Шаршаңқылық
- Қызу көтерілуі
- Бұлшықеттер мен буындардың ауруы
- Ұлғайған лимфа түйіндері
- Көру немесе есту қабілетінің проблемалары
- Жатыр және оның қосалқы мүшелерінің қабынуы
- Жатыр мойны эрозиясы
Неліктен Цитомегаловирусқа талдау тапсыру маңызды?
ЦМВ әлсіз иммундық жүйесі бар тұлғаларда денсаулығының жағдайы, көздерінің жағдайы мен басқа проблемаларды қоса алғанда ауыр бұзылыстар тудыруы мүмкін. Сонымен қатар ЦМВ инфекциясы жүкті әйелдер мен жаңа туған балалар үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан талдау тапсырып, сақтық шараларын қолдану маңызды.
I, II типті герпес (HSV I, II)
Жер тұрғындарының 90 пайызы герпес вирусын жұқтырғаны анықталды, бірақ олардың аз ғана бөлігінде вирус өзін клиникалық түрде көрсетеді. Адамның ағзасына қалай түскені маңызды емес, вирус омыртқаның бойында орналасқан жүйке түйіндерінде жиналады және адамның бүкіл өмірі бойы сонда белсенді емес күйде болады.
Герпестің симптомдары (ҚГВ I және ҚГВ II):
- Жарылуы және жараға айналуы мүмкін көпіршіктер басқан қызарулар.
- Зақымданған жердің қышуы және дызылдауы.
- Ісіну және ауыру.
- Қызу көтерілу және жалпы әлсіздік (көбіне инфекцияны алғаш жұқтырғанда).
Неліктен Герпеске (ҚГВ I және ҚГВ II) талдау тапсыру маңызды?
ҚГВ тудырған алғашқы инфекция жүктілік кезінде өздігінен болатын түсік, ұрық пен жаңа туған балада ауыр зақымданулардың дамуы, туа біткен кемтарлықтың қалыптасу қаупінің жоғары болуымен байланысты ерекше қауіп төндіреді. Сол себептен инфекцияны анықтау үшін талдау тапсыру маңызды.
АИТВ (адамның иммундық тапшылық вирусы)
АИТВ (адамның иммундық тапшылық вирусы) — бұл ағзаның иммундық жүйесіне шабуыл жасайтын вирус. АИТВ емделмесе ЖИТС-ке әкелуі мүмкін (жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы).
Адамдардың көбінде тұмауға ұқсас симптомдар вирусты жұқтырғаннан кейін 2-4 аптадан кейін пайда болады. Адамның иммундық тапшылық вирусы адам ағзасында барынша баяу көбейеді және вирустың антигендері мен антиденелеріне қатысты сандық нәтижені әдетте індет жұқтырылғаннан кейін 3-6 аптадан кейін алуға болады.
АИТВ симптомдары:
АИТВ бар көп адамдарда бастапқы кезеңде симптомдар байқалмайды. Алайда кейбір келесідей симптомдар пайда болуы мүмкін:
- Қызу көтерілу;
- Бас ауруы;
- Бөртпе;
- Тамақтың ауруы.
Инфекция біртіндеп иммундық жүйені әлсіретеді. Бұл басқа белгілер мен симптомдардың пайда болуына әкелуі мүмкін:
- лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
- салмақ жоғалту;
- қызу көтерілу;
- іш өту;
- жөтел.
Неліктен АИТВ-ға талдау тапсыру маңызды?
АИТВ симптомдары ағзада білінбей ұзақ уақыт бойы дамуы мүмкін. Дегенмен инфекция неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым тез емдеуді бастауға болады және бұл өз ретінде вирусты табыспен басқару және денсаулықты сақтау мүмкіндігін арттырады. Сондықтан инфекцияны анықтау үшін талдау тапсыру маңызды.
Мерез
Мерездің қоздырғышы бозғылт трепонема (Treponema pallidum). Бозғылт трепонема T. pallidum грамтеріс спирохеталарының түрі, pallidum-ның кіші түрі. Көп жағдайларда жыныстық жолмен беріледі, сонымен бірге ауруды терідегі зақымданулар арқылы және трансплацентарлық түрде жұқтыру мүмкін (ауруға шалдыққан анадан ұрыққа).
Мерездің симптомдары:
Мерездің симптомдары кезең кезеңмен дамуы мүмкін және олар аурудың кезеңіне байланысты өзгереді.
Бастапқы мерез:
- Бастапқы мерезге тән симптомдардың бірі бұл шанкр деп аталатын жанға бататын жараның пайда болуы. Шанкр әдетте вирус ағзаға алғаш түскен жерде пайда болады, көбінесе жыныстық мүшелерде, артқы тесікте немесе ауызда.
- Шанкр бір өзі немесе көп болуы, домалақ немесе сопақ болуы мүмкін және көбіне ауыртпалығы жоқ. Ол өздігінен жазылуы мүмкін, бірақ бұл инфекция жоқ болып кетті дегенді білдірмейді.
Екінші кезең мерезі:
- Екінші кезең мерезі шанкр кеткеннен кейін бірнеше аптадан кейін дамиды.
- Симптомдары денеде және шырышты қабықтардағы бөртпелер, ауыздағы жаралар, бұлшықеттер мен буындардың ауруы, бас ауруынан тұрады. Бөртпе қышымайтын ұсақ дақтар немесе қызыл тегіс түйіншектердің түріндегі бөрту болуы мүмкін.
- Тұмауды еске салатын жалпы симптомдар байқалуы мүмкін.
Үшінші кезең мерезі:
- Үшінші кезең мерезі – бұл аурудың бастапқы инфекциядан кейін он жылдықтар бойы дамуы мүмкін ауыр және қауіпті кезеңі.
- Бұл кезең жүрек, ми, сүйектер және басқа да ішкі мүшелер сияқты ағзалардың ауыр зақымдануына апарып соғуы мүмкін.
- Симптомдар орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы, әртүрлі мүшелер мен тіндерде ісіктердің (гуммалар) пайда болуы, жүрек және қан тамырлары проблемаларынан тұруы мүмкін.
Мерез басқа аурулардың симптомдарына еліктеуі мүмкін екенін атап кеткен жөн, сондықтан нақты диагноз қою және емдеу үшін Treponema pallidum антиденелеріне қан талдауы сияқты арнайы зертханалық талдаулар қажет.
Неліктен мерезге талдау тапсыру маңызды?
Мерез жүрек, ми, сүйектер мен басқа мүшелердің зақымдалуы сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Ерте анықтау мен емдеу бұндай асқынулардың даму қаупін төмендетеді және жалпы денсаулықты сақтауға көмектеседі. Сол себепті инфекцияны анықтау үшін талдау тапсыру маңызды.