Жаңалықтар тізіміне
8 мамыр 2026

«ОЛИМП» КДЗ бас директоры функционалдық көпсайыс бойынша халықаралық турнирге қатысты.

Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей спортшыларының қатысуымен функционалдық көпсайыс бойынша халықаралық турнир өтті.

Қазақстан функционалдық көпсайыс федерациясының вице-президенті, «ОЛИМП» КДЗ бас директоры Ерлан Сүлейменов іс-шараны ұйымдастыруға қатысты.

7 мамыр күні Астанада функционалдық көпсайыс бойынша халықаралық турнир өтіп, Орталық Азия елдері мен ТМД-ның бірнеше мемлекетінен келген шамамен 70 спортшыны біріктірді.

Қатысушылар жоғары физикалық дайындықты, төзімділікті, күш пен жылдамдықты талап ететін сайыс түрлері бойынша сынға түсті. Турнир тәжірибе алмасу, спорттық қауымдастықты дамыту және белсенді өмір салтын насихаттау алаңына айналды

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз