«ОЛИМП» КДЗ Шымкентте жаңа зертханалық кешен ашты
«ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы Шымкент қаласында жаңа зертханалық кешенді ұсынды. Кешен өңірде баламасы жоқ заманауи автоматтандырылған анализаторлармен және бағдарламалық шешімдермен жабдықталған. Зертхана биохимиялық, иммунологиялық, гематологиялық, коагулометриялық, жалпы клиникалық және цитологиялық талдауларды қоса алғанда, зерттеулердің толық ауқымын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Кешен құрылымында «ОЛИМП» КДЗ желісіндегі бірегей цитогенетикаға арналған мамандандырылған бөлім жұмыс істейді. Мұнда кариотиптеу жүргізіледі, ол хромосомалық аномалияларды әртүрлі жас топтарындағы пациенттерде генетикалық бұзылыстарды жоғары дәлдікпен ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Кешен жұмысында АИТВ-ға тестілеуге қолжетімділікті кеңейтуге ерекше назар аударылған. «ОЛИМП» КДЗ-да зерттеулерді ерікті ақылы негізде жүргізу қолданыстағы медициналық көмек көрсету жүйесін толықтырып, халыққа уақтылы диагностика жасау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Жаңа кешенге жақын жерде заманауи ПТР бөлімшелері мен бактериологиялық зертхана орналасқан, бұл зерттеулердің үлкен көлемін жедел өңдеуді қамтамасыз етеді.
Шымкент қаласында жаңа зертханалық кешенді құруға компанияның меншікті инвестиция көлемі 1,7 млрд теңгені құрады. Жобаны іске асыру қолжетімді зертханалық зерттеулер мен қызметтер тізбесін едәуір кеңейтуге, сондай-ақ үдерістерді орталықтандыруға және бүкіл өңір бойынша талдауларды орындау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Кешеннің өндірістік қуаты тәулігіне 50 мыңнан астам тестті құрайды, бұл зерттеулердің үлкен көлемін жедел өңдеуді қамтамасыз етіп, сапалы зертханалық диагностиканың қолжетімділігін арттырады.
Зертханалық үдерістерді автоматтандыру әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтарын енгізу арқылы жүзеге асырылды, олардың қатарында Roche Diagnostics, Sysmex, Werfen, Beckman Coulter, 77 Elektronika, Alifax, Becton Dickinson, Mindray, Snibe, Bio-Rad және Hettich бар. Инфрақұрылымның негізгі элементі Roche Diagnostics компаниясының автоматтандырылған трек жүйесі болды. Оны енгізу үлгілерді анализаторлар мен жұмыс станциялары арасында автоматты түрде сұрыптауды, биоматериал сапасын бақылауды, құрылғылар арасындағы жүктемені теңгеруді, сондай-ақ өңделген үлгілерді жедел іздеу мүмкіндігімен архивтеуді қамтамасыз етті. Аталған технологиялық шешімдерді қолдану қол еңбегінің үлесін айтарлықтай қысқартуға, адами фактордың әсерін азайтуға және зертхананың жалпы өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік берді.
Жаңа зертханалық кешенде функционалдық модульдердің кең жиынтығымен жабдықталған және түрлі бағдарламалық шешімдермен, соның ішінде мемлекеттік және жекеменшік клиникалардың медициналық ақпараттық жүйелерімен бірлескен K-Lab зертханалық ақпараттық жүйесі енгізілді. Платформа зертханалық үдерістің барлық кезеңдерін – үлгілерді тіркеуден және бағыттаудан бастап нәтижелерді алуға дейін – толық бақылауды қамтамасыз етеді. Жүйе әрбір зерттеудің орындалуын нақты уақыт режимінде қадағалауға, сапаны бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ қаржылық есеп пен шығыс материалдарының есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Орнатылған талдау модулі басқарушылық есептілікті қалыптастырып, зертхана қызметін кешенді бағалауға арналған құралдарды ұсынады. Бұл басқару тиімділігін арттыруға және операциялық шығындарды оңтайландыруға ықпал етеді.
Шымкент қаласындағы «ОЛИМП» КДЗ өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде маңызды рөл атқарады және ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге белсенді қатысады. Қала аумағында биоматериал алу пункттерінің кең тармақталған желісі жұмыс істейді, ол 41 нүктені қамтиды және зертханалық қызметтердің барлық түрлеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ай сайын орындалатын зерттеулер көлемі шамамен 220 мыңды құрайды.
Жаңа зертханалық кешенді пайдалануға енгізу өңірлік денсаулық сақтау жүйесін заманауи халықаралық стандарттарды ескере отырып одан әрі дамытуға бағытталған. Кешен үш функционалдық ғимараттан тұрады: ауданы 650 ш.м. процедуралық кабинет пен әкімшілік блок, ауданы 970 ш.м. зертханалық корпус, сондай-ақ ауданы 660 ш.м. реагенттер мен шығыс материалдарына арналған қойма.
Кешен аясында пациенттерге қызмет көрсетудің жайлылығы мен жеделдігін қамтамасыз ететін заманауи биоматериал алу пункті жұмыс істейді. Қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында қала аумағын толық қамтитын, үйге шығып талдау алуды жүзеге асыратын үш бригада құрылған.
Кешен инфрақұрылымы қосымша түрде медициналық арнайы киімдерді жууға арналған жеке кір жуатын орынды қамтиды, бұл санитарлық талаптардың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін автономды энергиямен жабдықтау жүйелері қарастырылған, оның ішінде дизельді генератор мен үздіксіз қоректендіру көзі бар. Нысан көлемі 1,5 тонна ауыз су резервуарымен, сондай-ақ газ және дизель отынымен жұмыс істейтін жеке қазандықпен жабдықталған.
Тиімді логистиканы қала аумағын толық қамтитын және екі ауысымда жұмыс істейтін жеке курьерлік қызмет бар.
Диагностикалық қызметтердің тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін зертхана демалыссыз және үзіліссіз, сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Кешеннің ашылу рәсіміне мемлекеттік органдардың өкілдері, қаланың медициналық ұйымдарының өкілдері, серіктес-жеткізушілер, сондай-ақ «ОЛИМП» КДЗ басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Жаңа зертханалық кешен Шымкент қаласының және оған іргелес елді мекендердің тұрғындарына жоғары дәлдіктегі зертханалық зерттеулердің кең ауқымын қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Оның қызметі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, ауруларды ерте анықтауға және клиникалық шешімдердің негізділігін күшейтуге бағытталған. Бұл өз кезегінде өңірдегі халық денсаулығын нығайтуға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал етеді.