Кері қайту
12 қыркүйек 2012
«ОЛИМП» КДЗ «AstanaZdorovie 2012» көрмесіне қатысты
5-7 қыркүйек аралығында Астана қ. «Көрме» орталығында өткен AstanaZdorovie 2012 Денсаулық сақтау бойынша 9-шы Қазақстандық халықаралық көрме өз жұмысын аяқтады. Көрмеге әлемнің 12 елінен медицинадағы түрлі бағыттарды таныстыратын 100-ден астам компания қатысты.
Біздің зертхана өз саласындағы еліміздің жетекші компанияларының бірі ретінде әлемдік тәжірибеде қолданылатын зертханалық диагностика саласындағы инновациялық технологияларды, Қазақстанда алғаш рет қолданылатын жаңа тестілерді ұсынды.
Сондай-ақ, қонақтарға «ОЛИМП»-ң дербес зертханалар желісі туралы ақпарат берілді, ол жерде барлық ниет білдірушілер тексеруден өтіп, нәтижелердің сапасы мен дұрыстығына сенімді бола алады.
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз