Жаңалықтар тізіміне
13 шiлде 2026

Жаңалық! Эстроген (ER) және прогестерон (PR) рецепторларын иммуногистохимиялық зерттеу

КДЛ Олимп иммуногистохимиялық зерттеулер спектрін кеңейтіп, эстроген (ER) және прогестерон (PR) рецепторларын иммуногистохимия (ИГХ) әдісімен анықтау зерттеуін ұсынады.

Бұл зерттеу гормонға тәуелді ісіктерді, ең алдымен сүт безі обырын диагностикалаудың маңызды кезеңі болып табылады. ER және PR статусын анықтау ісіктің гормондық терапияға сезімталдығын бағалауға мүмкіндік береді және емдеудің ең тиімді тактикасын таңдауға көмектеседі.

Зерттеу қашан тағайындалады ?

  • Алғаш анықталған сүт безі обыры кезінде;
  • Ісіктің гормондық статусын анықтау үшін;
  • Гормондық терапияны жоспарлау кезінде;
  • Аурудың болжамдық факторларын бағалау үшін;
  • Қайталанған және метастаздық ісіктерді зерттеу кезінде.

ER және PR диагностикалық маңызы

Эстроген (ER) және прогестерон (PR) рецепторлары - ісік жасушаларында орналасқан ақуыздар. Бұл рецепторлар анықталған жағдайда ісік гормондық терапияға жауап беруі мүмкін. Сондықтан оларды анықтау сүт безі обыры бар пациенттерді морфологиялық тексерудің міндетті кезеңдерінің бірі болып табылады.

ER және PR экспрессиясын бағалау дәрігерге:

  • емдеудің оңтайлы сызбасын таңдауға;
  • аурудың болжамын анықтауға;
  • эндокриндік терапияға жауап беру ықтималдығын бағалауға көмектеседі.

Биоматериал

Зерттеу парафин блоктары түрінде дайындалған гистологиялық материалда жүргізіледі.

Зерттеудің артықшылықтары

  • Сүт безі обыры кезінде маңызды болжамдық және предиктивтік маркер;
  • Дербестендірілген емдеу тәсілін таңдауға көмектеседі;
  • Сүт безі обырын диагностикалау бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес келеді;
  • Әрі қарайғы емдеу тактикасын анықтау үшін жоғары ақпараттылыққа ие.          

Зерттеу туралы қосымша ақпарат алу және биоматериалды жолдау ережелері бойынша жеке менеджеріңізге немесе Олимп КДЗ-ның ең жақын бөлімшесіне хабарласыңыз.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз