Кері қайту
13 ақпан 2024

Жаңа! Гломерулярлы сүзу жылдамдығын есептеуді қоса алғандағы креатинин

Бүйрек өмірлік маңызды функцияларды орындай отырып, біздің ағзамызда негізгі рөл атқарады. Оның басты рөлі - ағзаны тазарту (шлактарды шығару) және ағзадан артық сұйықтықты шығару. 

Бүйректің зақымдану факторлары:

  • өмір салты (темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, дене белсенділігінің жеткіліксіздігі, дәрілерді ұзақ қабылдау және т.б.);
  • қант диабеті;
  • артериялық гипертензия;
  • ілеспе аурулар (инфекциялар, қан айналымы жүйесінің аурулары) бола алады.

Бүйректің өз міндеттерін қалай атқаратынын гломерулярлық сүзу жылдамдығын есептеуді қоса алғандағы креатинин қызметінің көмегімен бағалауға болады.

Бұл зерттеу:

  • Зәр шығару жүйесінің патологиясын анықтауға;
  • Бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін бағалауға;
  • Жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бағалауға;
  • Дәрі-дәрмектік терапияны түзетуге;
  • Асқынулардың даму қаупін, сондай-ақ гемодиализдің қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Келесілер бүйрек патологиясының даму ықтималдығын жоғарылатуы мүмкін:

  • бүйрек жарақаттары;
  • зәр шығару жүйесінің инфекциялары, пиелонефрит;
  • поликистоз, бүйрек туберкулезі;
  • зәр шығарудың қиындауы, қуық рефлюксі;
  • бүйрек патологиясына тұқым қуалайтын бейімділік;
  • бүйректің дамуының аномалиясы;
  • туылған кездегі аз салмақ;
  • бірінші және екінші типтегі қант диабеті;
  • жүрек ауруы, жүрек жеткіліксіздігі, гипертониялық ауру;
  • семіздік;
  • аутоиммунды аурулар;
  • гемолитикалық анемия, безгек;
  • АИТВ-инфекциясы
  • онкологиялық ауру
  • ішек құрттары;
  • ішек аурулары;
  • 60-тан асқан жас;
  • темекі шегу. 

Талдау құны - 1680 тг.

Профиль бүкіл Қазақстан бойынша ОЛИМП КДЗ-ның барлық филиалдарында қолжетімді.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз