Кері қайту
12 ақпан 2024

Жаңа бейін! «Ревматоидты артриттің ерте диагностикасы» пакеті

Ревматоидты артрит (РА) - буындардың зақымдалуына әкелетін созылмалы қабыну ауруы, әдетте дененің екі жағында симметриялы болады. Ревматоидты артриттің дамуының нақты себептері белгісіз болғанымен, иммундық жүйе өз тіндеріне шабуыл жасап, буындарда және басқа органдарда қабынуды тудыратын аутоиммунды ауру ретінде қарастырылады.

Ревматоидты артриттің белгілері:

  • Буындардағы ауырсыну және ісіну: Ең тән симптомдардың бірі - буындардағы, көбінесе қолдар мен табандардың кішкентай буындарында, сондай-ақ тізе, шынтақ және білек буындарында ауырсыну мен ісіну. 
  • Буындардың симметриялы зақымдануы: Әдетте буындар симметриялы түрде зақымдалады, яғни бір буын зақымдалған болса, дененің екінші жағындағы оның «жұптасқан» буыны да зақымдалады.
  • Қозғалыстардың бөгеліп қалушылығы және шектелуі: Пациенттер оянғаннан кейін бір сағаттан астам уақытқа созылуы мүмкін буындардың таңертеңгі бөгеліп қалуын сезінуі мүмкін. Бұл буындардың қозғалысын күрделендіріп, шектейді.
  • Шаршағандық: Ревматоидты артритпен ауыратын адамдар жиі жалпы әлсіздікке, шаршағандыққа және сырқаттанушылыққа шағымданады, бұл қабыну процесінің өзіне де, ауырсыну мен ұйқының жетіспеушілігіне де байланысты болуы мүмкін.

«Ревматоидты артриттің ерте диагностикасы» пакетіне мыналар кіреді:

  • Циклдік цитрулин пептидіне антиденелер
  • Ревматоидты фактор IgA
  • Ревматоидты фактор IgG
  • Ревматоидты фактор IgM
  • С-реактивті ақуыз 
  1. Циклдік цитрулин пептидіне антиденелер - циклдік цитрулин пептидтерінің болуына жауап ретінде организмде түзілетін ақуыз молекулалары. Цитрулин пептидтері ревматоидты артритпен байланысты болуы мүмкін антигендер болып табылады.
  2. IgA/IgM / IgG ревматоидты факторы - иммуноглобулиндерге аутоантиденелердің болуына жауап ретінде организмде түзілетін антиденелер. Қалыпты жағдайда иммундық жүйе сыртқы антигендерге шабуыл жасайды, бірақ ревматоидты артрит кезінде ол шабуылдарын өз тіндеріне, атап айтқанда буындарға қате бағыттай бастайды.Оң ревматоидты фактор тесті ревматоидты артриттің индикаторларының бірі болуы мүмкін, әсіресе буындардағы ауырсыну, таңертеңгі бөгеліп қалушылығы, ісіну және басқа симптомдар сияқты басқа клиникалық белгілермен бірге жүрсе.
  3. С-реактивті ақуыз (CRP) - бұл қабынуға жауап ретінде организмде түзілетін зат. Қандағы CRP деңгейі әдетте әртүрлі қабыну процестері, соның ішінде ревматоидті артрит кезінде жоғарылайды 

Жеке-жеке бағасы: 30 260 тг.

Бейіндегі бағасы: 23 920 тг.

Қазақстандағы ОЛИМП КДЗ-ның барлық филиалдарында қолжетімді

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз