Жаңалық! «Паразитоздар.Толық»+Анизакидоз, Клонорхоз профилі
Қымбатты пациенттер, біздің керемет жаңалығымыз бар!
ОЛИМП КДЗ енді жаңа «Паразитоздар.Толық» профилі бар.
Профильге 2 жаңа талдау қосылды:
Арнайы баға қарастырылатын бұл профиль келесі талдаулардан тұрады:
- Аскаридоз IgG
- Эхинококкоз IgG
- Лямблиоз IgМ
- Лямблиоз IgG
- Лямблиоз IgA
- Описторхоз IgМ
- Описторхоз IgG
- Токсокароз IgG
- Трихинеллез IgG
- Анизакидоз IgG
- Клонорхоз IgG
«Паразитоздар.Толық» профилі кеңінен таралған паразитарлық ауруларды диагностикалау үшін қажет.
Талдау ағзаның қоздырғышпен контактісін растайтын қандағы ерекше ақуыздарды табу арқылы орындалады. Сондықтан паразиттің қандай ағзада екендігі маңызды емес - «болу» іздері қанда міндетті түрде қалады.
Аскаридоз
Аскаридоз – адам ағзасында жұмыр аскарида-құрттарының паразиттенуінен туатын ауру.
Жұқтыру аскарида жұмыртқалары бар нәжіс тиген тамақ немесе топырақтың бөліктерін жұту арқылы орын алады. Асқазанды айналып өтіп жұмыртқалар жіңішке ішектің жоғары бөлімінің бүрлерінде «кептеліп қалады». Жұмыртқадан кідірмей ішек қабырғасы арқылы қан тамырларына енетін личинкалар шығады. Қан ағысы бойынша личинка төменгі жыныстық көктамыр жүйесіне еніп, сосын қан арқылы кезек-кезек келесі мүшелерге енеді: бауыр, жүрек, өкпе.
Неліктен Аскаридозға талдау тапсыру маңызды?
Жіті ішек өтімсіздігі жиі аскаридоздың асқынуы болып табылады, құрттар шумақ түрінде шатасып, ішектің арнасында кептеледі және нәжіс массаларының шығуына мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде некротизацияланатын (жойылатын) ішектің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады.
Диагностика үшін аскаридаларға қарсы G иммуноглобулиндерін анықтауға талдау тапсыру қажет - ағзаның ондағы қоздырғышқа реакциясын анықтауға негізделген спецификалық қан талдауы.
Эхинококкоз
Эхинококкоз – Echinococcus granulosus немесе Echinococcus multilocularis таспа құрты тудыратын паразитарлық ауру.
Echinococcus multilocularis - іргелес тіндерге өніп-өсу қабілетіне ие көп қалталы зақымдану ошақтарының құрылуына әкеледі.
Неліктен Эхинококкозға талдау тапсыру маңызды?
Ауруды диагностикалау жекелеген қиындықтар тудырады. Паразиттен құрылатын кисталар рентгенологиялық зерттеу кезінде анық көрінеді. Алайда бұндай кисталар басқа да ауруларға тән.
Нақты диагноз қою үшін эхинококкқа қарсы IgG класы антиденелерін анықтау үшін талдау тапсыру қажет.
Бұл әдіс бауыр эхинококкозының 90% және өкпе эхинококкозының 70-80% жағдайларында оң нәтиже береді.
Лямблиоз
Лямблиоз – он екі елі және жіңішке ішекті зақымдайтын лямблиялар, талшықты микроағзалары (Giardia lamblia) тудыратын инфекциялық ауру.
Адам ағзасына түскен кезде лямблиялар белсенді түрде көбейе бастайды және он екі елі және жіңішке ішекті олардың функциясын бұзуға әкеліп зақымдайды - перистальтика, сіңіру және париетальды ас қорыту. Диарея дамиды. Әрі қарай үдеріске өт жолдары, өт қабы және ұйқы безі қосылуы мүмкін, аталған ағзалардың қабынуы қоса дамиды.
Неліктен Лямблиозға талдау тапсыру маңызды?
Диагностиканың «алтын стандарты» лямблияларды дуоденальды зондтау арқылы алынған нәжіс пен өттен микроскопия әдісімен анықтау (өңеш пен асқазанды айналып өтіп, ауыз саңылауы арқылы арнайы құралмен өтті жинау). Бірақ паразит әрқашан нәжіспен бөліне бермейді және осыған байланысты талдауды бірнеше рет өткізу қажеттілігі туады.
Соңғы жылдары лямблиозды диагностикалауда лямблияға қарсы спецификалық антиденелерді анықтау арқылы диагностикалайтын неғұрлым қолайлы және аса қатты ауыртпайтын әдіс табыспен қолданылуда.
«Giardia lamblia-ға қарсы IgM/G/A анықтау» талдауы инфекциялық аурулардың серологиялық диагностикасына жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа қарсы антиденелер анықталатын қан болып табылады.
Описторхоз
Описторхоз – бауырды зақымдайтын паразитарлық ауру. Қоздырғышы Opisthorchis felineus трематодасы. Аурудың ерте сатысында жіті аллергоз түрінде көрініс табады (теріде пайда болатын бөртпелер, қышу, мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы және т.б.).
Неліктен Описторхозға талдау тапсыру маңызды?
Егер паразит ішек арқылы шығатын жұмыртқалар бөлмесе, диагностиканың тек әдісі қан сарысуын IgM және IgG класы антиденелеріне зерттеу болып табылады.
Бұндай серологиялық әдістің жіті фазадағы сезімталдығы қоздырғыштар саны мен ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты шамамен 100% жақын, ал созылмалы фазада - 70% жуық болады.
Токсокароз
Токсокароз – қоздырғышы Toxocara canis тұқымдасына жататын жұмыр құрттар личинкасы болып табылатын адамға тек жануарлардан жұғатын паразитарлық ауру. Аурудың тек қана зарарлы иттен берілуі туралы факті жалпы қабылданған пікір болып табылады, ал мысықтардың қатысы туралы пікірталас әлі жүруде.
Адам келесі түрде ауырады: ауру жұқтырған жануар қоршаған ортаға нәжісімен бірге паразиттердің жұмыртқасын бөледі. Адам жеке гигиена ережелерін сақтамағаннан зарарлы топырақ бөліктерін жұтады (мысалы, жуылмаған жемістерді қолдану кезінде). Әрі қарай личинкалар жарып шығатын жіңішке ішекте жұмыртқалардың жабысуы орын алады. Личинкалар ішектің қабырғасы арқылы қан ағысына еніп, қан ағысымен бауырға, ол жерден жүрекке және барлық ағза бойынша таралады.
Неліктен Токсокарозға талдау тапсыру маңызды?
Токсокароз симптоматикасының қатты ерекшеліктері жоқ, қоздырғыштың саны мен орналасуына байланысты.
Оны диагностикалаудың ерекшелігі нәжіс микроскопиясы стандартты әдісі личинкалар немесе жұмыртқаларды ағзадағы паразиттің көбеймеуіне байланысты анықтай алмайтындығы.
Токсокарозды диагностикалауда ең оңтайлысы Toxocara canis личинкаларына қарсы IgG класы антиденелерін анықтайтын ИФТ әдісі.
Трихинеллез
Трихинеллез – Trichinella spiralis жұмыр нематод құрттары тудыратын паразитарлық ауру.
Ауру безгек, ісіктердің дамуымен, бұлшықеттердің ауруы арқылы көрініс табады, зертханалық тексеру кезінде жалпы қан талдауында эозинофилдардың жоғары мөлшері атап өтіледі.
Неліктен Трихинеллез-ге талдау тапсыру маңызды?
Ауру ауыр өткен жағдайда жүрек және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы мүмкін.
Сондықтан «Trichinella spiralis-ке қарсы IgG анықтау» талдауын тапсыру маңызды - паразитарлық инфекцияларды серологиялық диагностикалауға жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа қарсы антиденелер анықталатын қан болып табылады.
Анизакидоз
Анизакидаларды жұқтыру Қазақстан үшін айтарлықтай жаңа құбылыс. Бірақ Қазақстан аумағында дәстүрлі жапон тамақтарының таралуымен біз үшін де проблеманың өзектілігі пайда болды.
Себебі мұхиттық шикі және аздап қана тұздалған балық өнімдерін пайдалану сөзсіз ауруды жұқтыру қаупін тудырады.
Неліктен Анизакидозға талдау тапсыру маңызды?
Anisakis нематодтарын жиірек жұқтыру тамаққа шикі теңіз өнімдерін пайдалану дәстүрі бар жағалаудағы елдерде кездеседі. Шикі нәлім, майшабақ және скумбрия, сонымен қатар «қызыл балық» түрлерін пайдалану аса қауіпті. Қазіргі кезде шикі теңіз өнімдерінің жоғары сұраныста болуымен байланысты болуы мүмкін жаппай анизакидоз ауруының өсуі байқалуда.
Оның сирек бірақ қауіпті асқынулары жіті ішек өтімсіздігі, ішектің перфорациясы, асцит және пневмоперитонеум, аллергиялық рекациялар.
Сондықтан анизакида тұқымдастарының нематодтарына қарсы IgG анықтауға талдау тапсыру маңызды.
Клонорхоз
Клонорхоз – бауырсорғыш тудыратын спецификалық ауру. Оны көбінесе тамаққа сапасыз термиялық өңдеуден өткен балықты қолдану арқылы жұқтырады.
Неліктен Клонорхозға талдау тапсыру маңызды?
70 % жағдайларда инфекция симптомсыз өтеді.
-
Жіті кезеңде ауру безгек түрінде, іш аумағы ауруы, бауырдың үлкеюі, бауырдың ауыршаңдығы, сары аурудың жеңіл формасы түрінде көрініс табады. Кейінірек диарея пайда болуы мүмкін. Симптомдар әдетте 2 аптадан 4 аптаға дейін созылады.
-
Ауқымды зақымдану кезінде өт жолдарының созылмалы қабынуы бауырдың атрофиясына - фиброзға дейін дамуы мүмкін. Сары ауру құрттардың жиналуы өттің ағып шығуына кедергі жасағанда пайда болады.
-
Асқынулар: өт жолының қабынуы, аурудың кеш сатысындағы бауырдың қатерлі ісігі.
Нақты диагноз қою үшін ИФТ әдісімен қан сарысуынан CLONORCHIS SINENSIS-ке қарсы G (IgG) класы иммуноглобулиндерін анықтауға талдау тапсыру қажет.
«Паразитоздар. Толық» профилі жеке тапсырғанда 23 880 теңге орнына небәрі 19 160 теңге тұрады!
Барлық талдауларды жеке тапсырғаннан гөрі профиль бойынша тапсыру бағасы әрқашан арзанырақ.
«Паразитоздар. Толық» профилі бүкіл Қазақстан бойынша барлық процедура кабинеттерінде қолжетімді.