Кері қайту
27 ақпан 2025

Жаңа өнім! «Дәрумендер және микроэлементтер» толық профилі

Енді жаңа профильдің арқасында ағзадағы дәрумендер мен микроэлементтердің деңгейін толық бағалау мүмкін болды-«Дәрумендер және микроэлементтер толық»

«Дәрумендер және микроэлементтер толық» профилінге 3 маңызды талдау енгізілді:

  • Қандағы йод (I)
  • A дәрумені (ретинол)
  • Е дәрумені (токоферол)

Профиль құрамы

  • 25-OH D дәрумені
  • Қандағы йод (I)
  • A дәрумені (ретинол)
  • Е дәрумені (токоферол)
  • Жалпы кальций (Са)
  • Магний (Мg)
  • Бейорганикалық фосфор
  • Са+ (иондалған)
  • Темір (Fe)
  • Церулоплазмин (мыс алмасу)
  • В12 дәрумені
  • Фолий қышқылы (фолат)

 

Бөлек-бөлек бағасы: 58 260 тг.

Профильдегі бағасы: 39 060 тг.

 

Ағзадағы дәрумендер мен микроэлементтердің теңгерімінің бұзылуына әкелетін факторлар:

  • Дұрыс тамақтанбау
  • Созылмалы аурулар
  • Кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау
  • Жасқа байланысты өзгерістер

Теңгерімнің бұзылуы әртүрлі аурулардың дамуына әкелуі мүмкін:

  • Йод тапшылығы: қалқанша безінің аурулары, гипотиреоз, гипертиреоз
  • А дәруменінің артылуы: бас ауруы, көру қабілетінің бұзылуы
  • D дәруменінің тапшылығы: остеопороз, балалардағы рахит, бұлшықет әлсіздігі
  • B12 дәруменінің тапшылығы: анемия, неврологиялық бұзылулар, депрессия
  • Темір тапшылығы: темір тапшылығы анемиясы, шаршағыштық, иммунитеттің төмендеуі
  • Кальций тапшылығы: остеопороз, қан ұйығыштығының бұзылуы, құрысулар
  • Магний тапшылығы: ұйқысыздық, ырғақсыздық, тітіркенгіштік
  • Фосфор тапшылығы: балалардағы рахит, остеомаляция, бүйрек жұмысындағы бұзылулар

 

Йод

  • қалқанша безінің қалыпты жұмыс істеуі үшін негізгі микроэлементтер. Зат алмасуды, энергия деңгейін, жүйке жүйесінің, жүректің және басқа мүшелердің жұмысын реттейтін гормондарды өндіру үшін қажет.

Йод тапшылығы несімен қауіпті?

  • Ырғақсыздық
  • Әлсіздік, созылмалы шаршағыштық
  • Баяу метаболизм, салмақ қосуға бейімділік
  • Суыққа жоғары сезімталдық
  • Жад пен концентрацияның бұзылуы
  • Тітіркенгіштік, депрессия
  • Балаларда – өсу мен психикалық дамудың баяулауы

A дәрумені

  • Көру қабілетін, иммунитетті, теріні және шашты қолдайтын антиоксидант

А дәруменінің тапшылығын несімен қауіпті?

  • Көздің құрғауы, көру қабілетінің нашарлауы
  • Жиі суық тию және жұқпалар
  • Құрғақ, қабыршақты тері
  • Шаш пен тырнақтың сынғыштығы
  • Жараларды баяу жазылуы

E дәрумені

  • ағза жасушаларын бос радикалдардың (зиянды молекулалардың) жойқын әсерінен қорғайтын күшті антиоксидант

Е дәруменінің тапшылығын несімен қауіпті?

  • Неврологиялық бұзылулар
  • Шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі
  • Қимыл қозғалыс үйлесімінің бұзылуы
  • Қатты шаршау

25-OH D дәрумені

  • ағзадағы дәруменнің жалпы деңгейін көрсетеді, сүйек саулығы мен иммундық жүйе үшін маңызды.

Жалпы кальций

  • сүйектер мен тістердің негізгі минералы, бұлшықет жиырылуына және жүйке импульстарының берілуіне қатысады

Магний

  • биохимиялық реакцияларға, соның ішінде ақуыз синтезіне және қандағы қант деңгейін реттеуге қатысады

Фосфор

  • сүйектер мен тістердің қалыптасуы үшін маңызды, энергия алмасуына қатысады

Иондалған кальций

  • кальцийдің биологиялық белсенді түрі, оның алмасуын бағалау үшін маңызды

Темір

  • гемоглобинді түзу және оттегіні тасымалдау үшін қажет

Церулоплазмин

  • мыс алмасуына қатысатын ақуыз, бауыр мен жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалау үшін маңызды
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз