Кері қайту
22 қараша 2022

Жаңа профиль! «АИТВ, мерез, гепатиттер»

Адамның денсаулығы үшін өте маңызды тағы бір профиль енгіздік!

АИТВ аурулары, B, C вирустық гепатиттері және мерез - емдеуде қиындық тудыратын және ауыр патологиялар.

Сондықтан алғашқы симптомдар пайда болған кезде тексерілуден өтіп, талдау тапсыру МАҢЫЗДЫ.

Профиль келесі талдаулардан тұрады:

  • АИТВ (Иммунохемилюминисценция әдісімен қан сарысуынан адамның иммундық тапшылық вирусына (АИТВ) қарсы жиынтық антиденелерді анықтау)
  • Мерез (Treponema pallidum-ге қарсы жиынтық антиденелер)
  • В гепатиті ( HBsAg (B гепатиті вирусының үстіртін антигені))
  • C гепатиті (Анти-HCV total Жиынтық антиденелері)

Алынатын материал: көктамыр қаны Талдауларға дайындық: аш қарынға

Профиль, Ақтөбе қаласын қоспағанда, бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз