Кері қайту
21 қараша 2013

В12 деңгейінің көтерілуі қатерлі ісік қаупімен байланыстырды

Даниялық зерттеушілер В12 витамині мөлшерінің көбеюі мен қатерлі ісік қаупі арасындағы байланысты анықтады.

Кобаламин атауымен белгілі В12 басқа дәрумендердің арасында құрылымы ең күрделісі. Бұл дәрумен суда ериді, ағзада жинақтала алатын қабілеті бар - сақталатын қоры бауырда орналасқан.

Орхус университеті ауруханасының ғалымдары дәруменнің ағзаға әсерін зерттей келе, оның қандағы мөлшерінің көбеюін қатерлі ісік ауруының даму қаупімен байланысын анықтады.

Зерттеушілер зерттеу басында қатерлі ісікке шалдықпаған 333 мыңнан астам науқастың мәліметтерін пайдаланды. Ол адамдар 1998-2010 жж. аралығында бақыланған болатын. Нәтижесінде дәрігерлер бақылаудың бірінші жылында кобаламин деңгейі көтерілген кезде, қатерлі ісік қаупі артқанын анықтады. Әсіресе кобаламин деңгейі литріне 800 пикомольден (800pmol/L) жоғары науқастарда онкологиялық аурулардың даму қаупі жоғары болды.

Бес жылдық мерзімде дәрумен деңгейі тым жоғары болған емделушілерде темекі шегу мен алкогольді қолдануларына (бауырдың, өкпенің және тоқ ішектің зақымдануы) байланысты қан қатерлі ісігі мен онкологиялық аурулардың даму қаупі артты.

Ескере кететін жайт, ағзадағы дәрумендердің көп мөлшері құрамында В12 бар өнімдерді немесе оның қоспаларын қабылдаумен байланысты болмады, өйткені оларды қабылдағаннан кобаламиннің мәні ерекше өсе қойған жоқ. Зерттеушілердің пікірінше, дәруменнің жоғары деңгейі белгілі бір қатерлі үдерістің нәтижесі болуы мүмкін, деп хабарлайды Медикал Дейли (Medical daily).

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз