Кері қайту

Хеликобактер пилориді анықтауға арналған 4С-уреазды тыныс алу тесті (Helicobacter pylori)

14С-уреазалық тыныс алу сынағы – Helicobacter pylori (Helicobacter pylori) анықтайтын талдау– H. pylori-дің уреаза ферментін өндіру қабілетіне негізделген инвазивті емес H. pylori диагностикасы.  Уреазаның әсерімен құрамында белгіленген несепнәр (мочевина) асқазанда аммиакқа және көмір қышқыл газына ыдырайды. Көмір қышқыл газы қанға түсіп ағзадан өкпелер арқылы шығарылады, бұл ретте шығарылған ауада көмірсудың құрамы артады. Талдау қағидасы.

Сынақ барысында пациент Уреакапсула (құрамында көміртегі 14С бар денсаулыққа зиянсыз) дәріні қабылдайды. 14С - адам ағзасында бар және жалпы барлық жасушалардың шамамен 1% құрайтын, көміртегінің тұрақты табиғи изотопы болып табылады. Егер асқазанда H. pylori бактериясы бар болса, осы бактериялармен өндірілетін уреазаның әсерлесуінен несепнәр гидролизге ұшырайды да көмір қышқыл газын түзеді. 14С белгісі бар көмір қышқыл газы қанға сіңіріледі және дем шығаратын ауаның құрамына бөлінеді. 

Капсуланы қабылдағаннан кейін H. pylori бактериясы жұқтырылған пациенттерде дем шығару кезінде 14СО2 максималды көрінісі 10 және 30 минут аралығында байқалады және жартылай шығарылу кезеңіне 15 минутқа сәйкес азаяды. 14СО2 шамамен 10% сіңіріледі және кейін шамамен 40 сағатта жартылай шығарылу кезеңімен біртіндеп зәрмен шығарылады. Егер пациент H.pylori жұқтырылмаған болса, ішке қабылданған белгіленген несепнәр (мочевина) асқазан-ішек жолында жұтылады және жасушадан тыс және жасушаішілік сұйықтықтарға тарайды.

3 тәулік бойы шамамен 88% несепнәр ағзадан зәр арқылы шығарылады. 

Сынақтың артықшылығы:

  • Дәлдік: Сезімталдылық – 95-98%, арнайлығы – 95%-100% құрайды.
  • Қолайлылық: Эндоскопты енгізуді қажет етпейтін және пациенттер жақсы қабылдайтын инвазивті емес процедура. Бұл зерттеуді шектеусіз қажетті мөлшерде бірнеше рет қайталауға болады.
  • Ақпараттылық: талдау нәтижелері оның жекелеген учаскелерінде емес, асқазанның бүкіл беткейіндегі микробтың белсенділігін көрсетеді (жалған теріс нәтижелер қаупін азайтады). Динамикада микробты сандық бағалауға мүмкіндік береді.
  • Қауіпсіздік: бұл әдіс изотоптардың шамалы мөлшерінің әсерін болжайды, осыған байланысты АҚШ пен Қытайда ол қолдану жөнінде нормативтік шектеулерден босатылған. Бұл әдісті ересектер мен балаларда қолдануға болады. Қарсы көрсетілімдер мен жанама әсерлері жоқ.
  • Жеңілдік: Арнайы өңдеуді қажет етпейтін қарапайым манипуляция.

Жеделдік: Толықтай сынақ жүргізуге 30-60 минут қажет.