Кері қайту

АКТГ (адренокортикотропты гормон)

АКТГ – бүйрек үсті безінің қыртысының жұмысын реттейтін гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны. Гормонның сөзбе-сөз аудармасы «бүйрек үсті безінің қабығын бағыттаушы» дегенді білдіреді. Гормон гипоталамо-гипофизарлық бүйрек үсті безі жүйесінің компоненті болып табылады. Оның өндірілуі кері байланыс принципімен реттеледі.

Яғни, егер бүйрек үсті безі гормондарының концентрациясы төмендесе, онда гипоталамусқа бұл туралы белгі беріледі, өз кезегінде гипоталамус гипофизге әсер ететін зат бөледі. Әрі қарай гипофиз бүйрек үсті безінің гормондар шығаруын ынталандыратын АКТГ өндіреді. Гормондар деңгейі қалыпына келісімен жүйе тоқтайды.

Осылайша АКТГ келесі гормондардың концентрациясына жауапты: кортизол, кортизон, кортикостерон, аз дәрежеде – прогестерон, андрогендер, эстрогендер. АКТГ теріге, шашқа, көздің нұрлы қабығына күңгірт түс беретін пигмент – меланиннің алмасуына қатысады. Альдостерон гормоны (суды ұстап қалу қызметі) көп мөлшерде АКТГ әсерімен синтезделеді, әйтсе де АКТГ оның негізгі реттеушісі болып табылмайды.

АКТГ ыдырау кезеңі қысқа – шамамен 10 минут. Гормон көп мөлшерде таңертең (сағат 6-8 аралығында) өндіріледі, кешке қарай синтезі біртіндеп өзінің минимумы 21-22 сағатта төмендейді. Демек, осы себептен сағат белдеуінің күрт ауысуы кейбір адамдарға екі талай әсер етеді. Гормон деңгейіне сондай-ақ етеккір циклының фазасы, жүктілік, күшейтілген физикалық жүктеме, психоэмоционалдық жай-күй әсер етеді.