Талдаулар тізіміне

Несептегі альфа-амилаза

Амилаза - көмірсуларды ыдыратуға көмектесетін ас қорыту ферменті. Осы амилаза көмірсулы өнімдерге (картоп, нан) қант қоспай-ақ сәл тәттілеу дәм береді.

Альфа-амилаза ас қорыту басталатын ауыз қуысындағы сілекей бездерінен (S тип) және ұйқы безінде (P тип) бөлінеді.  

Зәрден амилазаны анықтау, ең біріншіден панкреатитті (ұйқы безінің қабынуы) диагностикалау үшін қажет. 

Өйткені ағзада амилазаның ауқымды көзі ұйқы безі болып табылады, оның аурулары кезінде фермент үлкен көлемде қанға шығарылады. Бұл зат қалыпты жағдайда ұйқы безінің өзектері арқылы он екі елі ішекке шығады, тамақпен араласып, ағзадан шығарылады. Ұйқы безінің қабынуы болғанда ісіну жүреді де шығару өзектері қысылады. Осылайша ферменттің концентрациясы 10 есеге артық жоғарлауы мүмкін! Зәрдегі амилаза белсенділігін анықтау қан талдауымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Зәрмен көбінесе P-типті амилаза бөлінеді, осылайша сілекей бездерінен бөлінетін пайдасыз амилаза фракциясы «алынып тасталады». 

Диагнозды дәл қою үшін (өйткені панкреатит түрімен бүркенген аурулар болады) қандағы және зәрдегі амилаза мен креатинин ара қатынасы бойынша амилазо-креатининдік клиренсті есептеу талап етіледі.  Бұл индекс тек қана ұйқы безінің қабыну кезінде жоғары болады.