Ambrosia nAmb a 1, IgG4 (АСИТ(аллергенге тән иммунотерапия) мониторингі)
Шалғынды шөптер тозаңына аллергия, әсіресе еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде кең таралған. Кейбір өңірлерде сандар 40%-ға дейін жетеді. Өсімдіктердің тозаңының жел арқылы үлкен қашықтыққа ұшып поллинация көзінен алыста орналасқан пациенттерге әсер ететін ерекшелігі бар.
Полиноздың ең көп таралған көріністеріне келесі сипмтомдар жатады:
- тұмаурату
- мұрынның бітелуі, түшкірік ұстамалары
- мұрынның қышынуы
- конъюнктивит (қызыл көздер, көзде құм бардай сезіну, қышыну).
Уақтылы емдемесе, аллергиялық риниттің ұзаққа созылуынан бронх демікпесі пайда болуы мүмкін.
Аллергиялық демікпенің белгілері:
- тыныс алудың қиындауы
- тұншығу ұстамалары
- құрғақ жөтел
- ентігу
- ысқырықты тыныс
ДДСҰ статистикасы бойынша әрбір үшінші адам аллергиядан зардап шегеді. Егер сіз де осы адамдардың қатарына кірсеңіз - үмітіңізді үзбеңіз! Аллерген-спецификалық иммунотерапия (АСИТ) немесе «Аллергия вакцинасы» аллергия туралы ұмытуға көмектеседі.
Таблеткалар мен капсулалар, тамшылар мен спрейлер аллергияның белгілерін тек уақытша бүркемелейді.
АСИТ ауруды іс жүзінде жояды! Қазіргі уақытта бұл клиникалық көріністерге ұзақ уақыт әсер ететін және аурудың ағымын қиындататын IgE-жанама аллергиялық ауруларын емдеудің жалғыз әдісі.
АСИТ негізгі артықшылықтары:
- аллергия белгілерін олар толық жойылғанға дейін едәуір төмендетеді;
- аллергиядан препараттарды тұрақты қабылдаудан бас тартуға мүмкіндік береді;
- кейінгі сенсибилизацияларды болдырмауға көмектеседі, риниттің демікпеге өтуін болдырмайды.
АСИТ әрекетінің негізгі тетігі IgE-мен бәсекелесетін, сол арқылы аллергенге реакциясының дамуын болдырмайтын антиденелердің индукциясы болып табылады. Бұл бұғаттаушы бәсекелес антиденелер әдетте IgG4 тобына жатады. Осылайша, АСИТ арқылы емдеу процесінде спецификалық IgG4 деңгейі жоғарылайды.
Сонымен, АСИТ-тің жұмыс жасайтынын-жасамайтынын қалай түсінуге болады?
Бұл сұраққа жауап беру үшін бізге қайтадан молекулалық аллергодиагностика көмектеседі. Бірақ IgE емес, ImmunoCAP әдісімен АСИТ жүргізетін аллергенге спецификалық IgG4-ты анықтау арқылы. Терапия жүргізілетін аллерген молекулаларына спецификалық IgG4 концентрациясының жоғарылауының болмауы иммундық жүйенің препаратқа жауап бермейтіндігін немесе емдеу үшін қолданылатын препаратта аллергеннің нақты компоненттерінің жоқтығын көрсетеді.
Осылайша, вакцинация кезінде қорғаныш иммундық жауаптың жеткіліксіз индукциясын анықтау АСИТ-ті жалғастыру, оны, мысалы, басқа өндірушінің вакцинасын қолданып модификациялау керек пе, әлде бұл терапияны тоқтату керек пе, соны шешуге көмектеседі.