Anti-CMV-IgG (Цитомегаловирусқа IgG классының антиденелері)
Цитомегаловирус «жасуша пішінін ұлғайтушы вирус» (Cytomegalovirus hominis) – герпесвирустар тұқымдасына жататын ДНҚ-құрамдас вирус. Оппортунистік инфекцияларға жатады, яғни вирусқа қолайлы жағдай (иммунитеттің төмендеуі) туындаған кезде ауруды тудырады. Вирус көп жылдар бойы ағзада «ұйқыда», яғни жасырын түрде болады және ең қолайсыз сәтте өзі туралы сездіреді.
Цитомегаловирустық инфекцияның (ЦМВ) серологиялық диагностикасы цитомегаловирусқа IgG класының арнайы антиденелерін анықтауға негізделген. Бұл антиденелер ағзада онымен күресу үшін инфекцияның енгізілуіне жауап ретінде шығарылады. Әрбір антиденелер класының өз қызметтері мен пайда болу мерзімі тән. IgG жұққаннан кейін 2-3 аптадан соң өндіріледі, алайда IgG цитомегаловирусқа қарсы тұрақты иммунитетті қамтамасыз ете алмайды. Демек, талдау цитомегаловирус ағымының созылмалы сатысын көрсетеді, сондай-ақ қоздырғышқа иммунитеттің дамығаны туралы куәландырады. ЦМВ-қа адамда әлсіз тұрақсыз иммунитет дамиды, сондықтан қайталап жұқтыру ықтималды бар. Созылмалы үрдісті әлсіз иммунитеттен ажырату үшін міндетті түрде динамика да 2 апта аралықпен зерттеу жүргізу қажет. Егер антидене мөлшері өзгермеген немесе жоғарлаған болса, онда бұл аурудың созылмалы ағымын айғақтайды.
ЦМВ анықтаудың басқа диагностикалық әдістеріне мыналар жатады:
- қанда ПТР әдісімен ЦМВ анықтау немесе зәр-жыныстық жолдардан қырынды алу.
Цитомегаловирустық инфекция үш түрлі нұсқада жүреді:
- ЖРВИ-іспеттес синдром (қызба, тамығының қыжылдау сезімі, тұмау, жалпы әлсіздік, бастың ауырсынуы, сілекей бездерінің ісінуі!)
- Несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің зақымдануы (уретрит, цистит…)
- Жайылмалы түрі (жеке ағзалардың зақымдануы- өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, бас миы және т.б.)
Статистикалық деректерге сәйкес іс жүзінде дені сау адамдардың сілекейін тексеру кезінде цитомегаловирустық инфекция алпыс пайыз жағдайда анықталады, ал елу жастан асқан адамдарда жүз пайыз жағдайда анықталады, бірақ соған қарамастан адамдардың дені сау, өйткені вирус белсенсіз күйде болады. Цитомегаловирус ұрықтың құрсақішілік дамуы үшін қауіптілігі ықтимал TORCH-инфекцияның (токсоплазма, қызамық вирусы, цитомегаловирус, герпес) тобына кіреді.
Инфекцияны таратудың негізгі көзі вирус тасымалдаушы адам. Өйткені цитомегаловирус ағзаның әртүрлі ортасында өмір сүре алады, яғни вирус келесідей берілу мүмкін:
- Сілекей құрамында вирус болу салдарынан сүйісу арқылы;
- Қан арқылы, әсіресе жаңа алынған қан және оның компоненттерін құю кезінде;
- Лактация кезінде анасынан балаға сүт арқылы;
- Жыныстық қатынас кезінде.
Цитомегаловирустық инфекцияның клиникалық көрінісі әрқилы және бірінші кезекте патологиялық үрдіске қай мүше немесе жүйе әрекеттескеніне байланысты болады.