Кері қайту

Anti-CMV-IgM (Цитомегаловирусқа IgМ классының антиденелері)

Цитомегаловирус «жасуша пішінін ұлғайтушы вирус» (Cytomegalovirus hominis) – герпесвирустар тұқымдасына жататын ДНҚ-құрамдас вирус. Оппортунистік инфекцияларға жатады, яғни вирусқа қолайлы жағдай (иммунитеттің төмендеуі) туындаған кезде ауруды туындатады. Вирус көп жылдар бойы ағзада «ұйқыда», яғни жасырын түрде болады және ең қолайсыз сәтте өзі туралы сездіреді.

Цитомегаловирустық инфекцияның (ЦМВ) серологиялық диагностикасы цитомегаловирусқа IgM класының арнайы антиденелерін анықтауға негізделген. Бұл антиденелер ағзада онымен күресу үшін инфекцияның енгізілуіне жауап ретінде шығарылады. Әрбір антиденелер класының өз қызметтері мен пайда болу мерзімі тән. IgM инфекциядан кейін орта есеппен бір аптадан соң өндіріледі. Демек, талдау цитомегаловирус ағымының жедел сатысын көрсетеді. Бұл реинфекция, суперинфекция немесе созылмалы үрдістің реактивациясы болуы мүмкін.

ЦМВ анықтаудың басқа диагностикалық әдістеріне мыналар жатады:

- қанда ПТР әдісімен ЦМВ анықтау немесе зәр-жыныстық жолдардан қырынды.

Цитомегаловирустық инфекция үш түрлі нұсқада жүреді:

1. ЖРВИ-іспеттес синдром (қызба, тамығының қыжылдау сезімі, тұмау, жалпы әлсіздік, бастың ауырсынуы, сілекей бездерінің ісінуі!)
2. Несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің зақымдануы (уретрит, цистит…)
3. Жайылмалы түрі (жеке ағзалардың зақымдануы - өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, бас миы және т.б.)

Іс жүзінде дені сау адамдардың сілекейін тексерген кезде статистикалық деректер бойынша цитомегаловирустық инфекция 60 пайыз жағдайда анықталады, ал 50 жастан асқан адамдарда 100 пайыз жағдайда анықталады, бірақ адамдар сап-сау болады, өйткені вирус белсенсіз күйде болады.

Цитомегаловирус ұрықтың құрсақішілік дамуы үшін қауіптілігі ықтимал TORCH-инфекция (токсоплазма, қызамық вирусы, цитомегаловирус, герпес) тобына кіреді.

Инфекцияны таратудың негізгі көзі вирус тасымалдаушы адам. Өйткені цитомегаловирус ағзаның әртүрлі ортасында өмір сүре алады, яғни вирус келесідей берілу мүмкін:

- Сілекей құрамында вирус болу салдарынан сүйісу арқылы;
- Қан арқылы, әсіресе жаңа алынған қан және оның компоненттерін құю кезінде;
- Лактация кезінде анасынан балаға сүт арқылы;
- Жыныстық қатынас кезінде.

Цитомегаловирустық инфекцияның клиникалық көрінісі әрқилы және бірінші кезекте патологиялық үрдіске қай мүше немесе жүйе әрекеттескеніне байланысты.