Anti-Rub IgG (қызамық вирусына IgG классының антиденелері)
Қызамық – ауа-тамшылы жолмен берілетін жедел жұқпалы ауру, қоздырғышы Rubivirus тұқымдасының қызамық вирусы болып табылады. Ұрықтың құрсақ ішілік дамуына ерекше қауіптілігі бар жүкті әйелдердің аурулар тобына тиесілі TORCH-инфекциялар тобына кіреді. Орта есеппен 33% әйелдерде жүктілік кезінде инфекцияны жұқтыру ықтималдығының қаупі бар. Негізгі клиникалық белгілеріне денесінде пайда болған ұсақдақты бөртпелер мен лимфалық түйіндердің ұлғаюы жатады. 40% жағдайда қызамық симптомсыз түрде жүреді, оған қоса жүкті әйелдің ағзасында вирус ұзақ уақыт болуымен бірге ұрық үшін қызамықтың жасырын түрі аса үлкен қауіп төндіреді. Жүктіліктің алғашқы екі айында әйел вирусты жұқтырған кезде ұрықта жүректің даму ақауы, көз мүшесінің зақымдану қаупі өте жоғары болады. Жүктіліктің үшінші-төртінші айында вирус жұқтырылған кезде орталық жүйке жүйесі мен есту мүшесінде ауыр ақаулардың қалыптасу қаупі бар.
Егер әйел жүктіліктің алғашқы 6-шы аптасында ауырған болса, онда туа пайда болған ауытқулар қаупі 56%-ды құрайды, 13-16-шы апталарда – 6 пайыздан 10 пайызға дейін құрайды. 16 аптадан кейін – ерекше қауіп байқалмайды.
Қызамықтың нақты диагнозын тек қызамық вирусына IgG және IgM антиденелерін анықтау арқылы қоюға болады.
Anti-Rub IgG – бұл қызамық вирусына қарсы антиденелер ағза инфекция қоздырғышымен жанасқаннан кейін, яғни вирусты жұқтырған соң немесе вакцина алған соң бірнеше күннен кейін пайда болады. 50% науқастарда арнайы ауруға тән бөртпелер пайда болған соң 3 күннен кейін Anti-Rub IgG анықталады. 8-ші күні 90% науқастарда анықталады. 20-шы күні іс жүзінде барлық тексерушілерде анықталады. Нәрестеде антиденелердің анықталмауы туа пайда болған инфекцияны жоққа шығарады. Талдауды тағайындаудың негізгі мақсаты – науқастың қызамық вирусына қарсы иммундық қорғанышын анықтау болып табылады.
2 апта аралықпен динамикада антиденелердің артуы байқалса – бұл иммунитеттің емес, аурудың болуының белгісі болып табылады.
Төменде туа және жүре пайда болған қызамықтың негізгі маркерлерінің динамикасының графигі ұсынылған.