Қан сарысуында негізгі миелиндік нәруызға антидене (MBP)
Миелиннің негізгі нәруызы (myelinbasicprotein, MBP) – олигодендроциттер мен шванн жасушаларымен синтезделетін орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) миелинінің негізгі компоненті болып табылады. Липидтермен бір кешенде болған миелиндік қабықшадан 1979 жылы алғашқы рет секвенирленген.
MBP миелиннің құрылуына, жинақталуына және құрылымдық бүтіндігін қолдауда маңызды рөльді атқарады. Дәнекер ұлпасы элементтерінің синтезін күшейтетін (44-166 полипептидтік тізбек) астроглия өсуін ынталандыратын (полипептидтік тізбек 44-59) нәруыздың аймақтары алынған [Shefflld W., Kim S. 1977].
MBP парентеральді енгізгенде диффузды демиелинизацияланумен жүретін аллергиялық лейкоэнцефалиттің дамуын шақырады [Жаботинский Ю.М. 1975]. MBP мембраналық нәруыз жәнекешенде бірге бөлінетін липидтерге айрықша ұқсастығы бар. MBP енгізгеннен соң ОЖЖ шашыраңқы склероз симптомдарына ұқсас симптомдар дамиды. Бұл симптомдардың пайда болуы экспериментальді аллергиялық энцефаломиелит атауын алды.
Сонымен миелиннің негізгі нәруызы шашыраңқы склероз кезінде потенциалды біріншілік энцефалитогендік мақсатты антигені болып табылады.
Миелиннің негізгі нәруызына тапшы талдырылған (нокаут) тышқандары эксперименталды түрде жасалды, оларда ОЖЖ-нің миелинизациясының төмендеуі, құрысулар және ерте өліммен сипатталатын прогрессивті ауру байқалған. Миелиннің негізгі нәруызының гені 18 хромосомада орналасқан; ОЖЖ басқа нәруыз қан жасау жүйесінің әртүрлі жасушаларында орналасады.
Миелиннің негізгі нәруызына антиденелер аутоиммунды жүйке жүйесінің демиелинизация үрдісінің бірегей маркерлері бола алады, ал миелиннің негізгі нәруызына антиденелер деңгейі патологиялық процестің айқындылығының сезімтал индикаторы бола алады, MBP деңгейі үрдістің белсенділігімен байланысты.